«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет81/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   130
Есеп – 2.
А тауарына бөлшек сауда бағасын 10 теңгеден 8 теңгеге дейін арзандататын болсақ, әр апталық сатып алу мөлшері 80 – нен 100 данаға дейін артады. Ал, осы жағдайда саудадан түсетін түсім қалай өзгереді.
Шешімі:
Жалпы түсім (ТR) = Баға (P) х Сатылған тауар мөлшері (Q).
ТR1 = 10 х 80 = 800 теңге.
ТR2 = 8 х 100 = 800 теңге.
Бұл жағдайда түсім өзгеріске ұшырамады. Арзандатылған бөлшек сауда бағасының жалпы түсімге әсерінің тиімділігі, сатылған тауардың неғұрлым мол мөлшерімен сипатталады.
Сатылатын тауардың ең аз мөлшері = Р1 х q 1 / Р2,
мұндағы, Р1 – ағымдағы баға; Р2 – арзандағаннан немесе қымбаттағаннан кейінгі баға; q 1 - ағымдағы немесе болашақта күтілетін өткізу мөлшері.
А тауарына бағаның 8 теңгеден 5 теңгеге дейін арзандауы, тауарды өткізу көлемінің аптасына 100 данадан 160 данаға дейін артуын қамтамасыз етеді:
[( 8 теңге х 100 дана) : 5теңге ] = 160.
Саудадан түсетін түсімнің үнемі тұрақты деңгейін қамтамасыз ететін, өткізілетін тауардың ең аз мөлшері 160 данаға тең.


Есеп 3.
Кәсіпорын белдемше және әйелдер киетін көкірекше өндіреді. Жоспарланған кезеңде 30 000 адам-сағат жұмыс істейді. Мұнда бір адам-сағатта бір көкірекше , әлде үш белдемше тігіледі.
Кесте 4.

Көрсеткіштер

Көкірекше

Белдемше

Өткізу (сату) бағасы, теңге

2000

3000

Өнімнің бір өлшеміне есептелінген өзгермелі шығындар, теңге

800

2400

Өнімнің бір өлшеміне есептелген жалпы маржа,теңге

1200

600

Өнімнің бір өлшеміне есептелген жалпы маржа коэффициенті, үлес өлшемімен

0,6

0,2

Кәсіпорында аталған тауарлардың қандай түрін өндірген тиімді?


Шешімі:
Аталған сұраққа жауап беру барысында, біз шектелген (30000 адам-сағ) уақыт аралығында кәсіпорынға неғұрлым мол жалпы маржаны қамтамасыз ететін, тауарды анықтауымыз қажет.
Кәсіпорынның еңбек өнімділігі, бір адам-сағатта өндірілетін бір көкірекше және үш белдемшемен шектеледі. Яғни, кәсіпорында әрбір адам-сағатта өндірілетін жалпы маржа:

  • көкірекшеден – 1200 х 1 = 1200теңге

  • белдемшеден – 600 х 3 = 1800 теңге.

Осыған сәйкес, 30 000 адам-сағатта көкірекше - 36млн. теңге, ал белдемше -54млн.теңге жалпы маржа әкеледі. Әрине, бұл тауаларды өткізу нарығының сыйымдылығы жоғары болған жағдайда ғана мүмкін.
Кәсіпорын үшін, өнімнің бір өлшеміне есептелінген жалпы маржаның жоғарғы деңгейдегі коэффициентін беретін көкірекшеге қарағанда, бір адам-сағатқа жалпы маржа сомасының ең жоғарғы деңгейін беретін белдемшені өндірген неғұрлым тиімді.


Есеп 4.
ЖШС «Квант» үй жиһаздарын өндіруге маманданады. Ол, негізінен кітап сөрелерін, ас үй жиһаздарын, саяжай жиһазын шығарады. Өнімнің барлық түрін өткізуден түскен түсім 2373мың теңге, соның ішінде: кітап сөрелері – 772мың теңге, саяжай жиһаздары – 717,2 мың теңге, ас үй жиһаздары – 883,8 мың теңге. Қосымша (жанама) шығындар – 852,8 мың теңге.
Тікелей шығындар кесте-5-те көрсетілген.
Неғұрлым рентабелді өнім түрін анықтаңыз.


Кесте 5.



Көрсеткіштер

Сөре

Саяжай жиһазы

Ас үй жиһазы

Тікелей шығындар, мың теңге

475,8

345,8

460,2

Жанама шығындар, мың теңге

104

296,4

452,4

Барлық шығындар, мың теңге

579,8

442,2

912,6

Саудадан түскен түсім,мың теңге

772

717,2

883,8

Пайда (зиян), мың теңге.

192,2

275,0

-28,8

Рентабельділік деңгейі (толық шығындарға), %

33,1

62,2








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет