6.2. Өз бетімен шығаруға арналған есептер. Есеп – 1. Тұтыну қызметінің бағасы (тариф) 2000 теңге, соның ішінде шығындар 1300 теңге, пайда – 700 теңге және қызмет көрсетудің пайдалылық коэффициенті (пайда / баға) – 35 %. Электр энергиясы мен жалға алу ақысы тарифтерінің өсіміне байланысты ,шығындар 18 % -ке артады деп болжануда.
Пайда деңгейін және қызмет көрсетудің пайдалылық коэффициентін - 35%, қамтамасыз ететін баға деңгейін есептеңіз.
Есеп - 2. Фирманың өнімнің бір өлшеміне есептеген толық шығындары, ағымдағы жылы – 10 000 теңге құрады. Баға деңгейін есептегенде, фирма пайдалылық коффициентін
25% деп алады. Инфляция жағдайында шығындар 2200 теңгеге өсті.
Есептеңіз:
а) ағымдағы жылдағы баға деңгейін;
б) фирманың шығындарын толығымен өтейтін және өнімнің бір өлшеміне есептегенде пайда деңгейін бұрынғы қалпында сақтайтын бағаны;
в) шығындарды толығымен өтейтін және 25% пайдалылық коэффициентін қамтамасыз ететін баға деңгейін.
Есеп – 3. Тауар айналымы аптасына 50000 теңге және өнімді өткізу рентабельділігі 20% дүкен баға деңгейін 10% - ке арзандатады. Ағымдағы жалпы пайда деңгейін бірқалыпты сақтап қалу үшін, тауарды өткізу көлемін қандай сомаға дейін арттыру қажет?
Есеп – 4. Кестеде белгілі бір тауарды өндіру мәліметтері берілген:
Кесте 15
№
Көрсеткіштер
1
Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны, теңге
1200
2
Тауардың бір өлшемін өткізуден түскен пайда, теңге
292
3
Өндіріс көлеміне сай толық өзіндік құндағы өзгермелі шығындардың үлес салмағы
0,6
4
Өндіріс көлемі, мың дана
100
Фирма баға деңгейін 75 теңгеге арзандатпақ. Баға бойынша ұсыныстың икемділік коэффициентінің қандай шамасы, фирмаға пайда деңгейін бастапқы қалпында сақтап қалуға мүмкіндік туғызады.