Қазақстандағы табиғи ұлттық саябақтар: Алтын-Эмел (1996 ж); Баянауыл (1985 ж); Іле-Алатау
(1996ж); Көкшетау (1996ж); Қарқаралы (1998ж); Бурабай (2000ж); Қатон-Қарағай (2001 ж),
Көкшетау, Көлсай, Қарқаралы,Сайрам-Угам, және Шарын каньоны (2004 ж).
Бүгінгі таңда республикамызда 24 табиғи ескерткіштер бар.
Қазақстанда 1976-78 жылдар аралығында Қызыл кітаптың 5 томы жарық көрді және ол бес
категориядан тұрады, олар:
1. Қызыл кітаптың бірінші категориясына кіретін өсімдіктер мен жануарлар- жойылып бара жатқан
түрлер, бұл түрлер қызыл түсті беттерде көрсетілген;
2. Қызыл кітаптың екінші категориясына – сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері
жатады, олар ақ түсті беттерде көрсетілген;
3. Қызыл кітаптың үшінші категориясына- жойылуға қауіпі бар түрлер жатады, олардың саны тез
және қайтымсыз төмендеуде, сары беттерде
берілген;
4. Қызыл кітаптың төртінші категориясына- атаулары белгісіз, анықталмаған түрлер жатады, бірақ,
олардың популяциясының жағдайы туралы нақты мәліметтер жоқ. Қызыл кітапта ол түрлер сұр
беттерде берілген;
5. Қызыл кітаптың бесінші категориясына- қалпына келуші түрлер жатады, жасыл түсті беттерден
кездестіруге болады.
Табиғи ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі:
ü
қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды);
ü
пайда болуына қарай (табиғи, антропогенді);
ü
химиялық табиғатына (органикалық, минералдық);
ü
көздер мен орналасуына қарай (жер, су, кен, өсімдіктер, орман);
ü
пайдалану өрісіне қарай (энергетикалық, шикізат, тағам)
байланысты
ü
бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын);
ü
қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы
өнімдері) болып та бөлінеді.
1. Экологиялық менеджмент түсінігі және оның мәні
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен бірге адам қоршаған табиғатты тамашалап қана
қоймай, оның байлығын дүниежүзілік экологиялық апатқа әкелетінднй масштабта қолдана
бастады. Табиғи және әлеуметтік-табиғи экожүйелердің құрылымы мен жұмыс істеу шарттарын
бұзу барған сайын әртүрлі әлеуметтік-экономикалық зардаптарға соқтыра бастады.
Адамзат үнемі шиеленісіп келе жатқан қайшылықтарға тап болады, яғни адамзаттың
қажеттіліктері күннен – күнге өсіп келеді, ал биосфера өзінің тұрақтылғын сақтап, адамзаттың
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға қабілетсіз болуда. Адамдардың іс-әрекеттерін басқаруда
ұтымды тәжірибеге көшу қажеттілігі туындады, яғни қазіргі экологиялық мәселелерді терең
ғылыми түсіну арқылы басқару.
Егер биосфера өзінің тепе-теңдігі мен тұтастығын сақтай отырып өз бетінше басқаратын болса,
қазір оған тән бұл міндет адамзат қоғамына толықтай бағытталды, оның өндірістік қызметінің
жаңа бағытына айналды.