149
Арада жарты сағат өткенде Гарис өкіне бастайды:
– Құпия нөмірсіз әлгі карточкада жүз мың доллар бар еді. Әлгі адам ақша қолына тиген соң,
қашып кетеді-ау деймін. Мені қара басқан екен, – дейді сілкіне түсіп. Досы да оны жазғыра
жөнеледі:
– Танымайтын біреуге қалай ғана сеніп бере салдың. Өте аңқаусың ғой.
Гаристің енді тамаққа зауқы соқпайды. Досы екеуі үн-түнсіз асханадан шығады. Бірақ олар
асхананың алдында өздерін Варонтеннің күтіп тұрарын ойламаған еді. Ол карточканы иесіне
қос қолдай ұсынып, қанша ақша жұмсағанын, ішінде қаншалықты ақша қалғанынан айтып, бір-
бірлеп есеп бере бастайды.
– Мен 25 доллар жұмсап, сабын, екі құмыра су және бір қорап темекі алдым. Міне, тексеріп
көріңіз, – деп есеп қағазын да ұсынады. Екеуі алдарында тұрған мына адал қайыршыны көріп,
таңданысын жасыра алмай қалады. Гарис оны құшақтай алып:
– Рақмет, рақмет сізге! – дей берді. Ал Варонтен оның не үшін рақмет айтып тұрғанын түсінбей,
өзі де күмәнмен таңданып тұр.
Содан кейін Гарис пен досы екеуі төте тартып «Нью-Йорк почта газетіне» барып, болған
жайды әңгімелеп береді.
Бұл хабар оқыған адамның біразын таңдандырыпты. Газет редакциясына оқиғаның шын-
өтірігін білгісі келіп, телефон шалғандар мен Варонтенге көмектесуге ризашылығын білдірген
хаттар толассыз келіп жатты. Техас штатынан Идрус Эйрба есімді саудагер оған 6000 доллар
ақша жіберіп, адалдығын мадақтайды.
Варонтенді бәрінен таң қалдырғаны, бірнеше күннен кейін ол Висконсин штатының әуе
компаниясынан өзін әуе қызметкерлігіне ұсыныс еткен шақыру мен келісімшартқа қол қою
жайлы хабар келеді. Шексіз шаттыққа шомған Варонтен:
– Шешем бала күнімнен сөзіңнен таймайтын шыншыл бол деп үнемі айтатын еді. Құлағыма
үйір болған осы сөздің өзіме мұншама пайда жеткізерін ойламаппын. Шынын айтқанда, менің
бұл ісім жұрт таңғала қоярдай дүние емес қой, - деп ағынан жарылыпты.
(
http://massaget.kz
Дайындаған: Алшын Матай)
Достарыңызбен бөлісу: