12. Кино туралы сіз не ойлайсыз? сұхбат алайық. Топта үш студент: біреуі – журналистің рөлінде, ал екеуі – Алматыда өтіп жатқан
кинофестивальдағы шетелдік қонақ.
– Кино бүгіндері өнердің ең танымал түрі деп ойлайсыз ба?
– Бір фильмді жасау үшін қанша профессия керек деп ойлайсыз?
– Кинодағы басты профессия қайсысы?
– Әлемнің қандай белгілі киностудияларында жұмыс істедіңіз? Қандай қазақ киностудиясын
көргіңіз келеді?
– Қандай қазақ режиссерін білесіз және өзіңіздің жақсы көретін кинорежиссерлеріңіз кімдер?
– Олардың фильмдері қалай аталады?
– Қандай қазақ фильмін көрдіңіз?
– Қазақ фильмдері сізге ұнай ма?
– Қандай фильмді жақсы көресіз?
Қозғалыс бағытының берілуі Жаңа грамматика – Қайда барасыз?
– Театрға.
– Ол қайдан келе жатыр?
– Театрдан.
–Ол қайдан келді?
– Кинофестивальдан келді.
– Сіз қайдансыз ? Алматыдансыз ба?
– Иә, Иә, Алматыдан келдім.
Қайда? барыс септігі
Астанаға
Қазақстанға
Балетке
Стадионға
Қайдан? шығыс септігі
Астанадан
Қазақстаннан
Балеттен
стадионнан
13. Олар қандай жауап берді? – Сен театрға барасың ба?
– Жоқ мен
_______________________________ келдім
– Сіз теле орталыққа барасыз ба?
– Жоқ біз
_________________________________________ келдік.
– Киноға барасыз ба?
– Жоқ, мен
_______________________________ келдім.
– Ол стадионға барды ма?
– Ол
_______________________________ келді.
– Олар жарысқа барды ма?
– Жоқ, олар
_______________________________ оралды.
– Ол осы лекцияға барды ма?
– Жоқ ол әлі
_______________________________ келген жоқ.