15. Достарымыз, танысымыз туралы әңгімелесейік. Екеуара жұмыс. Менің бір досым, менің бір сыныптасым, менің бір курстасым, менің танысым. Сұрақтарға жауап беріңіз. Ол кім?
Кімді қонаққа жиі шақырасыз?
Жақында кімді кездестірдіңіз?
Кімді туған күнімен құттықтағыңыз келеді?
Қазір біреуді күтіп тұрсыз ба?
Кімге жиі хабарласасыз, кімге жиі хат жазасыз?
Кімді жақсы көресіз, кімді жиі есіңізге аласыз?
Кіммен мақтанасыз?
Кіммен бірге демаласыз?
Ол сізге кім туралы айтты?
Көптен бері кім туралы ештеңе естімедіңіз?
Кім туралы қызықты жаңалық естідіңіз?
16. Туыстарымыз туралы әңгімелесейік. Сіздің іні, қарындастарыңыз бар ма?
Олардың аты кім?
Олар қанша жаста?
Олар қайда оқыды / оқиды?
Олар қандай шет тілдерін біледі?
Оларға қандай мамандық ұнайды?
Олар кішкентай кезінде кім болғысы келді?
Олар қай жылы мектепті бітірді / бітіреді?
Олар қай күндері демалады?
Олар қайда оқуға түскісі келеді?
Олар оқуға қашан түсті / оқуға түскісі келе ме?
Оларға қандай пән ұнайды?
Олар нені жақсы көреді? Музыканы ма, спортты ма, театрды ма?
Олар немен айналысады, неге қызығады?
Сіз олармен не туралы әңгімелесесіз?
Салыстырайық! Сын есім. Салыстырмалы шырай. Менің екі ұлым бар: Дастан және Дәурен.
Дәурен Дастаннан үлкенірек. Ол отыз үш жаста. Ал Дастан отызда.
Кім үлкен? Дәурен бе, Дастан ба? Кім кішірек?
Менің ағамның бойы маған қарағанда ұзындау.
қызық
әдемі
үлкен
қатты
жас
қарапайым
қызығырақ
әдемірек, әдемілеу
үлкенірек, үлкендеу
қаттырақ
жасырақ, жастау
қарапайымдау
179
17. Салыстыру үшін қандай сөз керек? Әдемірек, ұзын, күрделі,
жақсы, жаңа, биік, жас,
үлкенірек.
азырақ, күрделірек,
маңыздырақ
ыңғайлырақ, көбірек,
жақсырақ