204
б) тапсырманың а) бөлігіндегі ақпаратты пайдалана отырып, осы ойды басқаша білдіріңіз.
Үлгі:
Біз орталық мұражайда болдық, бірақ тағы да бір рет баруға келістік.
– Біз орталық мұражай да болсақ та, тағы бір рет баруға келістік.
1) Менің барғым келген жоқ, бірақ олар бәрібір экскурсияға баруға келісті.
2) Туристер Алматыда бір апта болды, бірақ бәрін көріп үлгерген жоқ.
3) Біз көптеген көрікті жерлерді көрдік, бірақ маған шегесіз соғылған шіркеу үйі ерекше әсер
қалдырды.
4) Жол жаман болды, бірақ біз Түркістан қаласына тез жеттік.
5) Мен ешқашан Петербургта болған емеспін, бірақ ылғи осы қаланың тарихына қызығатынмын.
в) тапсырманың а) бөлігіндегі ақпаратты пайдалана отырып, сөйлемді басқаша айтыңыз.
Үлгі:
Менің осы сабаққа барғым келмесе де, бардым.
– Менің осы сабаққа барғым келмейді, бірақ бардым. Осы қаланы жақсы көрсем де бара алмадым.
– Осы қаланы жақсы көремін, бірақ бара алмадым.
Астана қаласында көрікті жерлер көп болса да, олардың ең бастысы Бәйтерек. Мұражайдың
жабылуына аз уақыт қалса да, бізге оны көріп шығуға рұқсат етті. Алмас қалада күні бойы жүрсе де,
шаршамады. Алматыда өмір бойы тұрсам да, осы қаланың көп көшелерін білмеймін. Айдана дүкен
аралағанды жақсы көрмесе де, астаналық дүкендерді аралап шықты.
Достарыңызбен бөлісу: