Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова



Pdf көрінісі
бет182/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

Қалыңыз қалай?
38. а) Мына сөздермен келісесіз бе? Оның өмір сүру салты салауатты ма? 
Оскар Уайлд: «Жас қалпымда сақталу үшін мен бәріне де дайынмын. Тек қана гимнастика жасап,
диета сақтамасам болды». 
«Мен ешқашан пайдасызды жемеймін, тек қана дәмдіні жеймін». 
б) Ал сіз өз денсаулығыңызға қарайсыз ба?
Таңертең гимнастика жасап, спортпен айналысасыз ба?
Сіз аз жейсіз, бірақ уақытында жейсіз, тек қана пайдалыны жейсіз бе 
(
мысалы
, көкөніс, жеміс жидек, шырын және минералды су ішесіз бе
)?
Темекі шекпейсіз бе?
Сіз уақытында ұйықтайсыз, түнде жақсы ұйықтайсыз ғой?
Сіз таза ауада көп жүресіз бе?
Сіз үнемі дәрігерге қараласыз ба?
Онда сіз салауатты өмір сүріп жүрсіз, халіңіз жақсы. 
в) Таңертең гимнастика жасау – пайдалы әдет. Тағы да қандай жақсы әдет болуы мүмкін?
Қандай жаман әдет болуы мүмкін?
39. а) Тамақтану, диета сұрақтары бойынша кеңесеміз. Сұхбатта әрине, мүмкін, сияқты 
сөздерін пайдаланыңыз. 
– Сәлем, Әлия! Түрің де, өзің де әдемі болып тұрсың. Демалып келген сияқтысың. Шынымен 
демалып келдің бе? 
– Сәлем, Жұлдызай! Қошеметіңе рақмет! 
– Шын айтамын, сымбатың да әдемі. Ал мен қыста бес килограмм салмақ қостым. Не істерімді 
білмеймін. Қандай диетаға отырсам екен, мүмкін сен білетін шығарсың. Жақсыларын білесің бе?
– Жоқ, ә. Мен диетаға сенбеймін. Диета дегенің қиын, пайдасыз деп ойлаймын. Бастысы көкөністі 


216
көп жеу керек, шырын ішу керек, таза ауада көп жүру керек. Ең бастысы, сағат алты, жетіден кейін 
жемеу керек. Бұл – өте жақсы әдет. Содан кейін бәрі қалыптағыдай болады. 
– Шын ба? Сен диетаны пайдаланбадың ба?
– Жоқ, диетаны пайдаланбадым. Жұмысқа таңертең жаяу барамын. Аптасына екі рет бассейнге 
барамын. Бар болғаны осы. 
– Онда мен де көбірек жаяу жүріп, бассейнге де барайын. Мүмкін нәтижесі болар. 
– Әрине, нәтижесі болады деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет