217
ОН ТӨРТІНШІ САБАҚ
Қайталау және бақылау сабағы
1. Сөздер мен грамматиканы қаншалықты білеміз?
Нұсқау
50-тапсырманы орындауыңыз керек. 30 минут уақыт беріледі.
Сөйлемдерді оқыңыз. Қажет сөздерді (а, б, в) таңдаңыз.
1. – ... оның уақыты болса, міндетті түрде
хабарласар еді.
а) Қашан
б) Егер де
в) Сондай
2. – ... менің ақшам болса, саған берер едім.
а) Сонша
б) Қашан
в) Егер де
3. – Туристік жолдаманы ... сатып алу
туралы кеңесіңіздер. Қандай фирмадан
аламыз?
а) қайда
б) қайдан
в) неден
4. – Оның туристік фирмада ... танысы бар.
а) жұмыс істейтін
б) жұмыс істеген
в) жұмыста
5. – Нобельдік сыйлықты физика, химия,
экономика, медицина ... жұмыс істейтін
ғалымдар алады.
а) сала
б) саласын
в) саласында
6. – Біздің .... аялдама бар.
а) үйдің қасы
б) үйдің қасында
в) үй қасына
Достарыңызбен бөлісу: