85
26. Сыйлық жасаған қандай жақсы.
Жағдаят:
Сіз Қазақстанда оқып жүрсіз бе, әлде іс-сапардасыз ба? Сатып алғыңыз келсе, қай жарнама
қызықтырады:
а) сегізінші наурызға анаңызға / қарындасыңызға / құрбыңызға сыйлық;
б) балаларыңызға жаңа жылға арналған сыйлық;
в) досыңызға / құрбыңызға туған күніне сыйлық;
г) атаңызға / көкеңізге жаңа жылға / туған күніне сыйлық;
д) таныстарыңызға / әріптестеріңізге қазақ ұлттық кәде сыйлары.
27. Сіз мұнымен келісесіз бе?
Белгілі ағылшын жазушысы Оскар Уайльд айтыпты: «Сыйлықтар екі категорияға бөлінеді: бізге
ұнамайтын сыйлықтар және біз алмаған сыйлықтар».
Сізге ұнамайтын сыйлықтар сыйланды ма?
Қандай сыйлық алғыңыз келіп еді, бірақ оны сізге сыйлаған жоқ?
Қалай ойлайсыз, сіздің балаларыңызда, ата-аналарыңызда оларға ұнамаған сыйлықтар болды
ма?
Ал сіз білесіз бе, олар қазір сыйлыққа не алғысы келеді?
Қонақ күтеміз!
Достарыңызбен бөлісу: