шарт орындалуы мүмкін , оны жүзеге асыруға
болады. Мысалы: Егер менің басым ауырып тұрса, мен сабаққа бармаймын.
Потенциалды шарт мәнді құрылымда шарт таңдауға негізделген. «
Егер жаңбыр басталса, біз экскурсияға бармаймыз » деген. Сөйлемде екі мүмкіндік бар:
жаңбыр басталады – жаңбыр басталмайды. Жаңбыр басты сөйлемдегі
экскурсияға барамыз – бармаймыз деген әрекеттің жүзеге
асуы нақ осы жағдай-шартқа байланысты.
Үшінші түрі – ирреалды шарт мәнді құрылымда сөйлеуші баяндаған оқиға орындалмайды. Бұл
түрінде қолданылатын
егер де жалғаулығы оқиғаның, құбылыстың, әрекеттің ирреалды екендігін
көрсетеді.
Егер де біз Маржанға көмектескенімізде, ол барлық емтиханын тапсырар еді , - деген
сөйлемдегі басты бөлігіндегі әрекет орындалмай қалды.
Маржан емтихан тапсырмады , шарт
орындалған жоқ: Маржанға ешкім көмектескен жоқ.
Шарт мәнді қатынас жай сөйлемде де зат есімнің септік жалғаулары тұлғаларымен беріледі. Шарт
мәнді жай сөйлемдерді
егер сөзін қолдана отырып, күрделі сөйлемге оңай алмастыруға болады.
Мысалы:
Сіздің көмегіңізсіз мен курс жұмысын жаза алмас едім . (Егер сіз маған көмектеспегеніңізде,
мен курс жұмысын жаза алмас едім). Жай сөйлемде зат есім бір нәрсенің жоқтығы, бар екендігі
әрекеттің жүзеге асуының шартын білдіреді. Мысалы:
Еңбексіз мал таппайсың, Деканның рұқсатынсыз мен емтихандарды алдын-ала тапсыра алмаймын .
Өрт болған жағдайда 01-ге звондаңыз. Самолет кешіккен жағдайда жолаушыларға қонақүйден орын беріледі. Қажет болған жағдайда маған хабарласыңыз. 2) Қонақтардың көпшілігі американдық болатын. Нобель сыйлығының лауреаты академик
Жорес Альферев әңгімелейді:
– Сіз АҚШ - та қанша рет болдыңыз?
– Көп рет. 35 - 40 рет шығар деп ойлаймын.
– Өзіңіздің бірінші сапарыңыз есіңізде ме?
– Әрине! Менің бірінші сапарым 1969 жылы болды. Мен халықаралық конференцияға
қатыстым. Бұл ғылыми туризм болды.
– Америкада достарыңыз көп пе? Сізді Американың үлкен досы деп санауға бола ма?
– Иә, менің АҚШ - та достарым көп. Олар – тамаша адамдар, тамаша ғалымдар. АҚШ - тағы
ең жақын досым – профессор Ник Холоньяк.
– Сіздің Герберт Клинермен қандай қатысыңыз бар? Нобель сыйлығын онымен бірге
алғанға дейін таныстығыңыз болды ма?
– Герберт Клинермен менен екі жас үлкен. Біздің ғылыми мәселелеріміз бойынша маған
қарағанда бұрынырақ бастаған. Бірақ біздің зерттеуіміздің нәтижесі бір мезгілде анықталды.
1970 жылы Америкаға жарты жылға келдім, сол кезде Кремермен таныстым. Ол мені қонаққа
шақырды. Осы кездесуде осы шешімді менің одан бұрын ұсынғанымды айтты. Біз жақсы
достар болдық, бір-бірімізге хаттар жаздық, конференцияларда кездесіп жүрдік. Кремер ең
бірінші болып электронды пошта арқылы құттықтады.
– Екі елдің ғалымдары жарысында кім жеңді?
– Ғылымда шекара жоқ, табыс жолы қиын әрі ұзақ. Бұл жолда жеңімпаз да жеңілуші де
болмайды.
191
Назар аударыңыз!
«Егер» сөзімен берілген сөйлемдер реалды шартты білдіреді. Етістіктер келер
шақ тұлғасында беріледі.
Егер Астанаға келсеңіз (келетін болсаңыз), осы ғалымдармен кездесесіз.