Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова


г) Берілген сөйлемді аяқтаңыз



Pdf көрінісі
бет173/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

г) Берілген сөйлемді аяқтаңыз. 
1) Астанаға жақында келсем де, 
____________________________________________
.
2) Алматыда бұрыннан бері тұрсам да, 
____________________________________________

3) Уақытымның аздығына қарамастан
____________________________________________
.
4) Далада суық болса да, 
____________________________________________

5) Экскурсоводтың не айтқанына түсінбесем де, 
____________________________________________
.
13. Ой түрткі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақстанның қандай қалаларын білесіз?
Әлемге әйгілі қандай қалаларды білесіз?
Қай қалаларда болдыңыз?
Қандай шетелдік қалаларда болдыңыз?


205
14. Қалалар туралы мәтінді оқыңыз.
Женева – 400 мыңға жуық халқы бар, өзімен аттас шағын кантонның (облыстың) астанасы. 
Швейцария астанасының атауы алғашқы рет біздің дәуірімізге дейінгі 58-жылдары белгілі 
болыпты.
1815 жылдан Женеваны Вена конгресі «Мәңгілік бейтарап ел» деп танып, қалаға халықаралық 
ұйымдарды орналастыра бастайды.
1863 жылы Женевада ең алғашқы халықаралық Қызыл Крест қоғамы ашылып, оны ойлап 
тапқан Анри Дюнан деген авторға Нобель сыйлығы беріледі.
Женева Альпі тауының етегінде орналасқан. Женева бақтар мен гүлдердің отаны. Әлемде үлгісі 
қайталанбас гүл сағат та осында. Гүл сағаты 6,5 мың өсімдіктен жасалған. Ол жылдың барлық 
мезгілінде гүлдеп тұрады. Женеваның символы саналатын Же До фонтанының биіктігі 140 метр.
Сағат – жалпы Швейцарияның символы. Ал Швейцария дегеніміз – Женева.
Женева – Швейцарияның ең ірі мәдени орталығы. Мұнда 30 мұражай, үш консерватория және 
опера театры бар. Сондай-ақ, қалада Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтері мен 200-ге жуық 
халықаралық ұйымдар орналасқан.
Женева - әлем астанасы


206
Стокгольм – 1634 жылдан бастап Швецияның ресми астанасы болып табылады. Негізі – 1252 
жылы қаланған.
Стокгольм – Скандинавия аралында ғана емес, Еуропа елдері ішіндегі ең сұлу қалалардың бірі.
Қаланы Еуропадағы ескі шаһарлардың бірі десек те, мұндағы көлік мәселесі өте үлкен 
шеберлікпен және уақыт талабына сай шешілген. Қала ішіндегі аудандар өзара аспалы көпірлер 
арқылы жалғасып отырады. Қала бірнеше аралдардан тұрады: Кунгсхольмен – корольдер аралы, ол 
– қаланың әкімшілік орталығы. Стадсхюсет – қала Ратушасы. Гамла стан – ескі қала, Стокгольмнің 
тарихи орталығы. Юргорден – аңшылық жасау аралы. Скансен – ашық аспан астындағы 
этнографиялық мұражай орналасқан арал.
Стокгольмнің символы – Ратуша ғимараты. Жыл сайын 10 желтоқсанда бұл ғимаратта Швеция 
королі Нобель сыйлығын табыстайды.
Швеция астанасында 60 мұражай, 30 театр тұрақты жұмыс істейді. Мұражайлар тақырыптық 
салаларға бөлінген. Қалада кеме жасау, көлік жасау, электротехника, жеңіл өнеркәсіп салалары 
зауыттары бар.
Стокгольм


207


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет