а) Қаланы сипаттауда қолданылатын сөз тіркестеріне назар аударыңыз. 1) а) Ел өміріндегі қала маңызы туралы айтқанда қолданылатын сөз тіркестеріне назар аударыңыз. әкімшілік мәдени ғылыми индустриялы қала саяси өндірісті қала діни б) 10-тапсырмадағы ақпараттарды пайдалана отырып, индустриялы сөзіне синоним табыңыз. в) Диалогті оқыңыз. Астана туралы студенттер не білді, айтыңыз. – Кеше сіздерде Астана қаласына экскурсия болды. Өздерің оқитын қала туралы не білдіңіздер?
Кумар, сен не айтар едің бізге?
– Астана – елдің әкімшілік, саяси орталығы. Әкімшілік қала, себебі Астанада үкімет елге
жетекшілік жасайды, ал саяси қала болатын себебі онда Қазақстанның президенті және парламенті
жұмыс істейді.
– Марджери, сен шe? Сен қала туралы не айтасың?
– Астана – елдің мәдени және ғылыми орталығы. Кеше біз көптеген театрды, елдегі ең үлкен
кітапхананы, Еурази ұлттық университетін көрдік.
– Мен экскурсоводқа сұрақтар қойдым.
– Жарайсың. Қандай сұрақтар қойдың?
– Астананы өндірісті қала деуге бола ма? – дедім.
– Ол қалай жауап берді?
– Астана қаласы өндірісті қала емес деді.
– Сіздер қала туралы көп мәлімет біліпсіздер, көргендеріңді жазбаша жазып келіңіздер.
г) 2-тапсырмадағы ақпараттарды пайдалана отырып, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді пайдаланыңыз. Мына қала – елдің
_____________________________________________________________ қаласы, себебі мұнда елдің президенті
мен үкіметі жұмыс істейді. Мына қала – елдің
_____________________________________________________________ қаласы, себебі
мұнда ірі фабрика мен зауыттар бар. Мына қала – елдің
_____________________________________________________________ қаласы,
себебі мұнда көптеген кітапхана, театр, мұражай, көрме орталықтары бар. Бұл қала – елдің
____________ _________________________________________________ қаласы, себебі мұнда көптеген университет, институттар, ірі ғылыми
зерттеу орталықтары бар.