127
Мен бүгін сондай қатты
___________________________________________
.
Бибігүлдің әні халыққа қуаныш сыйлайды. «Қуаныш біздің өмірімізге сән береді. Адамдардың
табыстары үшін қуанамын, табысты болғанын жақсы көремін. Қуаныш сыйлай білу де
–
ізгілік.
Адамдардың шаттықты жүзін көрсеңіз, бақыттың да қасымызда екенін сеземіз». Бибігүлдің әні
халқына оның жүрегіндегі осы сияқты сөздерді жеткізіп тұратындай.
Сөйлесейік
Бибігүл Төлегенова деген кім?
Соңғы абзацта қандай ойлар айтылған?
• Оның әні халыққа қуаныш сыйлайды.
• Бақыт туралы
• Қуаныш сыйлай білу де
–
бақыт.
• Ол не үшін қуанады?
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық
опера және балет театрының солисі, педагог, опера
әншісі (колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі,
«Социалистік Еңбек Ері».
1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге
келген. Әкесі скрипкада ойнап, анасы ән салған жанұяда
әрқашан әуезді әуен естілген.
Көркемөнерпаздар көрсетілімдерінің бірінде Бибігүл
Төлегенованы кеңес жазушысы Г. И. Серебрякова байқап,
оған алғашқы музыка сабақтарын берді.
1951 жылы Алматы консерваториясының студентін
Қазақ радиосы солист болуға жұмысқа шақырады.
Ал 1954 жылы ұстазы Н.Н. Самышиномен бірге
Бүкілодақтық вокал конференциясына қатысу үшін
Ленинградқа (қазіргі Санкт-Петербург қаласы)
аттанады. Бұл шара Бибігүлдің өнердегі жолын ашады.
1954 жылы консерваторияны аяқтаған соң, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік
академиялық опера және балет театрының труппасына қабылданып, екі жылдан соң,
Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрінің әншісі болады.
1971 жылдан бері Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет
театрының солисі.
Достарыңызбен бөлісу: