130
Менің ағам кларнетте ойнайды
Менің ағам бар. Ол консерваторияның
екінші курсында оқиды. Ол ұлы музыкант
болады.
Менің ағам кларнетте ойнайды. Неге
сыбызғыда емес. Рояльда емес. Атам
қалады мұны. Ол менің екі жасымда
дүниеден өткен. Үлкен ағам Лева менен
бес жас үлкен.
Атам оны музыкаға
кішкентайынан үйрете бастаған.
Ұзақ жылдар бойы мен атамның
«фойеде ойнағанын» естіп жүрдім. Мен
фойенің не екенін білмедім, бірақ маған
бұл сөз әдемі сияқты көрінді.
«Фойе» деп анық айтатынмын. Ал
бірінші рет киноға барғанда, фойеде
ойнап тұрған музыканттарды көргенімде,
мен атамды аяп кеттім: көрермендер
әңгімелесіп
жатыр,
самсаларын,
бутербродтарын жеп жатыр, сыраларын
ішіп жатыр, ал музыканттар болса, олар
үшін ойнап жатыр.
Менің ағам фойеде ойнамайды! Ол
әдемі концерттік
залдарда ойнайтын
болады.
Қазір
музыканттардың
конкурсына дайындалып жатыр.
Бүгін маған онынышы сыныптағы
«Роберт ұйымдастырушы» деп атайтын
Роберт келді.
– Ағаңды
жоғары
сынып
оқушыларының кешіне шақырасың ба?
Роберт әдетте бірінші сөйлемдерін жай айтты да, содан кейін жылдам-жылдам
жеделхат оқып
тұрғандай, сөйлей бастайды.
– «Жаңа жыл кеші» бірінші бөлім – өлеңдер, классикалық музыка.
Екінші – джаз және би. Классикалық музыка бізде жоқ. Сенің ағаң керек.
– Түсінесің бе, – деп сөзімді бастадым. Ағам музыканттар конкурсына дайындалып жатыр ...
– Жоғары сынып оқушыларының кеші: тек қана оныншы сынып! – деді Роберт. – Сен жетінші
сыныптасың. Бірақ міне екі билет! Саған және ағаңа! Ұйымдастырасың ба?
Жоғары сыныптар кешіне шақырылғанымды білсе, құрбыларым қалай қарар екен. Олар
мұндайды түсінде ғана көреді. Ең бақытты түстерінде.
– Білуім керек. Ағамның уақыты бар ма екен, Жаңа жылдағы күндері бос емес шығар. Мүмкін
ол бір концерттерге шақырылып қойған шығар. Содан кейін музыканттар балы, - деп айттым.
– Біздің кешіміз жиырма алтысында, - деді Роберт. – Ұйымдастырасың ба? Жаңа жылдық кеш
жаңа жылдан бес күн бұрын болады!
– Жарайды, – дедім мен. –
Бұл оңай емес, тырысып көрейін. – Екі билетті алдым.
Үйде Леваға айттым:
– Сені мектептегі жаңа жылдық кешке шақырады.
– Мен дайынмын, - деді Лева. – жалпы дайынмын... Бірақ сольдық орындауды жаңа жылдық
кеште тыңдау деген...? Кларнет оркестрде жақсы естіледі. Мүмкін біздің студенттік оркестрді
шақырарсыңдар?
131
«Тағы не дейді? – деп ойладым мен. – Сыбызғы бірінші қатарда болады да, ал менің ағам арт
жақтарында отыра ма? Жоқ, ол алдында, дирижерсіз болғанын қалаймын».
– Сендердің оркестрлерің біздің сахнаға сыймайды, – дедім мен. – Оны ешкім шақырған жоқ.
Сені ғана шақырды. Біздің мектебімізде кларнетті өте жақсы көреді. Міне, екі билет. – Мен билетті
столға қойдым да: - Ендеше барамыз ғой?
– Мен дайынмын, – деді Лева. – Бірақ менің аккомпанементім ше?
«Менің аккомпанементім» деп Лева консерваторияның студенті Лиляны айтады. Ол тек қана
Леваның сольдік орындауларын сүйемелдемейді, оған ғашық. Бұл бәріне белгілі. Сондықтан да
ол біздің кешке келгісі келеді.
Лиля – тым толық қыз, көзілдірік тағады, секпіл бетті қыз.
Ол әдемі емес, сондықтан менің
ағама музыкамен айналысуға кедергі келтіре алмайды. Бұл жағы жақсы.
– Сен не ойнайсың, Лева?
– Мүмкін «Франчески де Риминиден» ойнармын.
– Жақсы.
Франческиден кейін менің ағам сахнаның артына кетеді. Оған ұзақ қол шапалақтайды. Ол
шығып тағы бірдеңе ойнайды, кейін залға келіп, менің қасыма отырды. Содан кейін би болды.
– Сен менімен ғана билейсің, – дедім ағама.
– Мен дайынмын ... .
Бірақ өзің де білесің, мен нашар билеймін ғой.
– Сондықтан менімен билейсің. Сенің нашар билейтініңді ешкім байқамай қалады.
– Бірақ бәрі мен ойлағандай болмады ... . Лева осы кеште үш пьесаны да жақсы ойнап шықты.
Одан кейін сахнаға біздің жұлдызымыз, сүйіктіміз Алина шықты. Ол эстрадалық әндерді
мектептік джаз оркестрмен айтты.
Алина біздің кештерде джаздық әндерді әртүрлі тілде ылғи айтып жүр. Ол – өте әдемі, ақылды
қыз. Концерт біткенде, менің ағам оны биге шақырды. Ол мені ұмытып кетті, Алинамен кеш
бойы бірге биледі. Содан кейін оны үйіне шығарып салды. Ағам оны ұнатып қалды.
Өзінің
консерваториядағы концертіне шақырды
(А. Алексин)
Достарыңызбен бөлісу: