Құзреттіліктер: Хабарлы, болымсыз және сұраулы сөйлемдерде өткен шақтың жасалу формаларын оқып үйреніңіздер. Болымсыз және сұраулы сөйлемдердегі көмекші етістіктерді және мағыналы етістіктің түрін анықтаңыздар. Ана тіліндегі өткен шақтың жасалуымен салыстырыңыздар. Дұрыс емес етістіктердің 2-ші және 3-ші түрінің жасалу типін оқып үйреніңіздер. Етістіктің түбірінде болатын өзгерісті талдаңыздар.
Sick көп мағыналы сөзінің және оның синонимдерінің мағыналары мен қолданылуын оқып үйреніңіздер. Тұрақты тіркестердегі sick сөзінің мағынасын оқып үйреніңіздер. Ағылшын және ана тілдеріндегі мағыналардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын салыстырыңыздар.