Ф 1.03-08
Халықаралық гуманитарлық – техникалық университеті
БЕКІТЕМІН
Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор
____________ Дуйсенов Н.Ж.
«___»_________2020 ж.
(BNSHTTK-2217)
Базалық негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы (В1, В2 деңгейі )пәнінен
студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) мен студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарын (СОӨЖ) жүргізудің
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
«6В01702– Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтар үшін
Шымкент, 2020
Базалық негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы (В1, В2 деңгейі )пәнінен студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) мен студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарын (СОӨЖ) жүргізудің әдістемелік нұсқауы. – Шымкент, 2020ж., Халықаралық гуманитарлық – техникалық университеті , ___бет.
Құрастырған : ___________________магистр оқытушы Осымова Г.У.
«6В01702 -Шетел тілі екі шетел тілі» мамандығының студенттеріне арналған әдістемелік нұсқауы Базалық негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы (В1, В2 деңгейі ) пәнінен өзіндік жұмыстарды жүргізуге көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Мұнда өзіндік жұмыстың тақырыптары мен мақсаты, өткізілу түрі мен тақырып бойынша тапсырмалар, тапсырманың орындалуын бағалау балы, бақылау нысаны мен ұсынылатын әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Әдістемелік нұсқау пәннің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған, өзіндік жұмыстарға қажетті барлық мәліметтер қамтылған.
Базалық негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы (В1, В2 деңгейі ) пәнінен студенттердің өзіндік жұмысын жүргізу әдістемелік нұсқауы «Тілдер» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Хаттама № _1_ «_26__ »___08__2020ж.
Кафедра меңгерушісі:________________________Жақыпбеков Б.А.
Базалық негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы (В1, В2 деңгейі ) пәнінен студенттердің өзіндік жұмысын жүргізу әдістемелік нұсқауы «Экономика және педагогика » факультетінің әдістемелік комиссиясында қаралған.
Хаттама № _1_ «_27__ »__08___2020ж.
Факультет деканы:________________________п.ғ.к аға оқытушы Сыдыкова З.Е.
Әдістемелік нұсқау Халықаралық гуманитарлық – техникалық университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған.
Хаттама № _1_ «__28_ »___08__2020ж.
Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарның маманы___________Жадраева Г.А.
Мазмұны
I.Алғы сөз
II Базалық негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы (В1, В2 деңгейі ) пәнінен студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
III.Сабақтың мазмұны
V. «Базалық негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы (В1, В2 деңгейі )» пәні бойынша өтілген материалдарды қортындылауға арналған сұрақтар
VI. Ұсынылған әдебиеттер
АЛҒЫ СӨЗ
Білім беру жүйесіндегі бакалавр бағдарламасы сапалы жоғары білім берудегі және білікті мамандар даярлап оқытудың түрлі деңгейіндегі алғашқы баспалдақ болып саналады. Оқу үрдісін кредиттік жүйе бойынша жүргізу дүниежүзілік білім беру жүйесіне енуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күннің еңбек нарқы сұранысына сай маман кадрларды дайындауда кредиттік жүйе бойынша білім беру – заман талабы. Бұл жүйе – білім алушыны өз бетінше білім алу бейімділігін дамытып, шығармашылық негізде білім алуды өз мүмкіндігіне қарай икемдеп оқытатын технология.
Кредиттік технология шарты бойынша оқытудың оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде оқу пәнінің көлемі 3 кредиттен кем болмайтын өлшеммен бағаланып жатқандықтан, оқу бағдарламасына сәйкес әрбір тақырыптық блоктағы пәннің оқу материалдарын, студенттің өз бетінше жұмысы (СӨЖ) берілген тапсырма бойынша оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс және (СОӨЖ) белгіленген кесте бойынша аудиторияда оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысы арқылы сабақ түрлерін жаңаша ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі оқытушы білім алушының тану-ойлау қызметін ұйымдастырушы, білім алушы өз бетінше белсенді түрде жұмыс жасаушы, оның өзіндік даярлығына тиесілі уақыт аудиториялық сағатқа қарағанда екі есеге артық не 70 пайыздан кем болмауы керек, өйткені әрқайсысының білім деңгейі, қабілеті бірдей емес.
Өзіндік жұмыс оқу жұмыс жоспарының әрбір пәні бойынша ұйымдастырылады.
Қазіргі таңда заманауи білім алушының білімді өз бетінше толықтыруы мен жаңартуы, мамандығына қажетті материалдар бойынша ана тілінде және шетел тілінде өзіндік ізденіс жүргізуі, шығармашыл тұлға болып қалыптасу жолында өзіндік қабілеттеріне деген талап қоюы - өзекті мәселе болып табылады.
Әдістемелік нұсқау жұмыс бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалып шығарылды. Бұған келесідей бөлімдер енгізілген (силлабуста жоспарланған апта бойынша өткізілетін жұмыстар):
1.Тақырып бойынша тапсырмалар
2.Бақылау сұрақтары.
3.Есептер.
4. Тесттер
5.Әдебиеттер тізімі.
Автор әдістемелік нұсқаны жақсарту және жаңарту бойынша өз пікірлерін білдірген қолданушыларға өз алғысын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |