Bazis news №9 01/09 2015 Осы саннан оқитындарыңыз


Жұмыс ләззат сыйлауы тиіс



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата31.03.2017
өлшемі1,96 Mb.
#10895
1   2   3   4   5

Жұмыс ләззат сыйлауы тиіс 

Қазір Қопабаевалар бригадасы компаниямыз 

Астанада салып жатқан бірден бес нысанда жұ-

мыс істеуде. «Біз үшін ең бастысы – жұмыс ра-

хат сыйлауы тиіс», – дейді олар. 

Қыздар  Астана  көшелерімен  кешкі  серуен 

кезінде өздері еңбек сіңірген нысандарды көріп 

марқаятындарын  айтады.  Себебі,  қабырғалар-

дың  әрбір  сантиметрінде  олардың  алақанының 

жылуы қалған. 

Апалы-сіңлілілердің  мінездері  әр  түрлі. 

Олармен әңгіме кезінде түйгенім, Жанна үлкені 

ретінде жинақы, салмақты, сауалдарға әр сөзін 

ойланып  барып  нақты  жауап  береді.  Алайда, 

қайсыбір  адамға  сенім  артуға  болатынын  сез-

се  бірден  жылы  шырай  танытады.  Жанна  үл-

кендері  болса  да  көшбасшы  болғанды  мүлдем 

ұнатпайды екен. Ең сабырлысы да, естияры да 

сол.  Ләззат  пен  Перизатты  қозғаушы  күш  деп 

атайды.  Аяқтары  жеңіл,  ал,  Перизат  қай  жерде 

жұмыс  істемесін  барлық  уақытта  ұжымда  же-

текші  болады.  Ләззат  өте  мейірімді,  бауырмал. 

Ақжарқын адам. Апалары айтпақшы, ол арала-

рындағы дәнекер. 

Перизат  –  жігерлі,  сергек,  елгезек,  тапқыр. 

Қажет  жерінде  адамды  көктен  жерге  түсіріп, 

керісінше,  аспанға  көтере  алады.  Ол  –  шебер 

психолог. Үшеуі бірін бірі толықтырады. 



Ізгі ниеттер, биік мақсаттар 

Демалыс  күндерін  қыздар  отбасымен  бірге 

өткізеді,  Астананы  аралайды,  жиендерін  бала-

лар  орталықтарына  алып  барады.  Барлық  ана 

секілді  Ләззат  та  балаларының  келешегін  ой-

лайды. Балалары сәл өскеннен соң компаниямыз 

салған  оқушылар  шығармашылығы  Сарайына 

бермек.  «Онда  бағалар  арзан,  ата-аналардың 

қалтасы көтереді. Көптеген үйірмелер бар – ба-

лалар өздері қалағанын таңдай алады. Балалар-

дың  бес-алты  жасқа  келгенін  күтеміз»,  –  дейді 

Ләззат. Қазір оның балаларының бірі үш жарым 

жаста, екіншісі төрт жарым жаста. Ол өзінің ба-

сты мақсаты – балаларын азамат қылып өсіріп, 

болашақта  табысты  болуы  үшін  оларға  білім 

мен тәрбие беру екенін айтады. 

Жанна  үшін  ең  негізгісі  –  денсаулық.  Ол 

денсаулық болса қалған нәрсенің барлығына қол 

жеткізуге болады деп есептейді. 

Перизаттың бригадир болып еңбек етіп келе 

жатқанына  көп  жыл  болды.  Нағыз  бригадир  – 

бір  топ  адамды  жинап  алып  басқаратын  адам 

емес дейді. «Бригадир – бригадасы көп жылдан 

бері  өзгермейтін  адам.  Қазір  біздің  бригада-

мызда  22  адам  жұмыс  істейді.  Олар  мен  үшін 

бағыныштылардың ұжымы ғана емес», – дейді 

Перизат. Ол командасының әр мүшесіне інісі не-

месе сіңлісі ретінде қарайды. Алайда, ол қанша-

лықты жақсы бригадир болмасын жеткен биігін-

де қалып қойғысы келмейді – мансап сатысымен 

жоғарылап, прораб болғысы келеді. Перизат өте 

мақсатты  адам  болғандықтан,  барлық  уақытта 

алға қойылған міндеттерді орындайтындықтан, 

жаңа қызметке қол жеткізетін күні де алыс емес 

деп ойлаймын. Оның тағы бір жақсы қыры – әр 

адамның тілін таба алу қасиеті барын ескерсек, 

кез-келген  қызметте  табысқа  жететіні  даусыз! 

Біздің редакциямызға апалы-сіңлілі Қопабаева-

лармен тілдесу бір ғанибет болды. Перизат, Ләз-

зат пен Жаннаға шын жүректен табыс тілейміз! 



«Арматураны 

биіктікте 

барлық 

уақытта  бумамен  беру  қажет.  Биіктік-

те  жұмыс  істеп  жатқан  болсаң,  ағаш 

тіреулер де, төсеме тақтайлар да болуы 

тиіс.  Арматурамен  жұмыс  істеу  қашан-

да  күрделі  де  қиын  процесс,  сондықтан, 

аса  сақ  болуы  керек,  жұмыс  кезінде  ҚТ 

бұзбау керек. Сыртқы жұмыстарда бар-

лық уақытта каска киіп, қос сақтандыру 

белдігін  тағынып  жүр»  -  дейді  армату-

рашы  Игорь  Блащук,  «12  000  орындық 

Мұзды Арена» нысаны.

Әр заттың өз орны бар

Қондырылатын 

арматураны 

ілін-


ген  күйінде  қалдыруға  болмайды.  Егер 

маңайда  электр  сымдары  болатын  болса, 

тоқ  ұрмас  үшін  олардың  арматуралардан 

оқшаулау  қажет.  Арматураны  қалыптың 

қорабы ішінде дәнекерлеу кезінде резина 

қолғап  пен  галоштарды  пайдалану  керек, 

дәнекерлеуге шлангті сымдарды тарту қа-

жет.  Қолды  жарақаттап  алмас  үшін  ара-

лықтарды  қалыпқа  төменгі  өзектердің 

астына салу керек. 

Жұмыс  біткеннен  кейін  де  қауіпсіздік 

техникасын  сақтау  өте  маңызды.  Білдек-

тер  мен  машиналарды  электрден  ажыра-

тып,  іске  қосатын  ажыратқышты  бекіту 

керек.  Барлық  такелажды  құралдарды 

шешіп,  сым  арқан  мен  тетіктерді  қолғап 

киіп  болат  щеткамен  қоқыстан  тазалау 

қажет.  Жұмыс  орны  мен  өту  жолдарын 

тазалап, білдектер мен машиналардың үй-

келетін бөлшектерін сүртіп, майлау керек. 



«Арматурашы  үшін  ҚТ  сақтауда  – 

барлығы  маңызды.  Биікте  жұмыс  істеп 

жатқан адам  барлық уақытта жеке қорға-

ныс құралдарын жадынан шығармауы тиіс, 

ең бастысы  – төменде адамдардың жүр-

генін ұмытпау керек. Айналадағы адамдар-

ды  естен  шығармай,  өзінің  қауіпсіздігін 

ойлау – міне басты міндет» - дейді Сергей 

Барсуков, ҚТ жөніндегі инженер.

Құрылысшы, есте сақта! 

Сені үйде күтіп отыр!

(Соңы. Басталуы 9 бетте)

мен және менің отбасым

17


Бірінші  қыркүйекте  «БАЗИС»  компаниясы  қызметкерлері  отбасынан  100-ден  астам  бала  бірінші  сыныпқа 

барды. Бұл әрбір бала мен оның ата-анасы үшін толқынысты да қуанышты оқиға. Білім Күніне орай бірінші 

сыныпқа  барған  балаларға  сый  жасалды:  Астанада  «Мадлен»  кондитер  фабрикасының  сертификаты 

тапсырылса, Алматыда «Арман» кинотеатрында «Фантастическая четверка» кинофильмі тегін көрсетілді.

Үлкен өмірге жасалған алғашқы қадамдар 

Мектеп табалдырығын аттағандар 

көп 

Бірінші қыркүйек миллиондаған қазақстан-

дық отбасы үшін толғанысты күн – ата-аналар 

ерте бастан дайындалады, мектептегі киім үл-

гісі мен спорттық киім үлгілерін, қағаз-қалам 

мен  басқа  да  оқуға  қажетті  заттарды  қайдан 

алуға  болатындығын  ойластыра  бастайды. 

Мектепке алғаш баратындар болса қандай бант 

тағатындығын,  оқушылар  сөмкесінің  мектеп-

тегі  киім  үлгісімен  қаншалықты  сәйкес  ке-

летіндігін,  бірінші  қыркүйек  күні  мұғалімге 

қандай  гүл  сыйлайтынын  ойланады.  Бірі 

тақпақ жаттаса, енді бірі мерекелік концертке 

сазды номер әзірлейді. 

Салтанатты жиналыста әдемі киінген бала-

лар мен ата-аналар көптеген құттықтаулар мен 

тілектер  естиді.  Үлкендер  бата  беріп,  жоғары 

сынып оқушылары балаларға арнап түрлі му-

зыкалық номерлер орындайды. Бұл күні бірін-

ші  сынып  оқушылары  өмірлеріндегі  ата-ана-

ларынан  кейінгі  басты  адам  –  оларды  үлкен 

жаңа  өмірге  бастайтын,  арман-мақсаттарына 

жеткізетін барлық қажетті білімді беретін оқы-

тушымен танысады. 

Биыл еліміз бойынша 300 мың бала алғаш 

рет мектеп табалдырығын аттады. Оларға мем-

лекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

құттықтау сөз арнады: 

«Бүгін - білім Күні, 1 қыркүйек. Мен бар-

лық  оқушыларымызды,  студенттер  мен  олар-

дың ата-аналарын осынау айтулы күнмен құт-

тықтаймын. 7,5 мың мектеп есігін айқара ашты, 

онда 2 миллион 600 мың бала оқитын болады. 

Ең қызығы - 300 мың бала тұңғыш рет мектеп 

есігін ашады. Тұңғыш рет осыншама бала бір 

жылда  1  сыныпқа  барады.  Жылдар  бойы  біз 

мектептер  салдық,  балалар  бақшаларын  құр-

дық, себебі, бала – біздің болашағымыз. Бүгін 

1  сыныпқа  барғандар  2050  жылы  Қазақстан 

экономикасының  барлық  салаларында  еңбек 

ете алады», – деді Қазақстан Республикасының 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев.  Сондай-ақ, 

ол бүгінгі бірінші сынып оқушыларының келе-

шегі олардың қандай білім алатындығына бай-

ланысты болатындығын атап көрсетті. 

Барлық 1 сынып оқушысына білім Күні Қа-

зақстан  президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

атынан  «Менің  Отаным  Қазақстан»  деп  ата-

латын кітап тарту етілді.  Кітаптың таралымы 

370 мың дана. 

«Қазақстандық  ата-аналардың  балалары-

ның  білімі  жолында  ешнәрсе  аямайтынын 

білемін.  Ол  дұрыс  та.  Мен  барлықтарыңыз-

ды  білім  Күнімен  құттықтаймын.  Мен  биыл 

әрбір  бірінші  сынып  оқушысына  отанымыз 

–  Қазақстан  туралы  кітап  сыйладым.  Балалар 

қуанады деп ойлаймын», – деді мемлекет бас-

шысы. 


Бірінші сынып оқушыларын 

құттықтаймыз! 

өмір  сәдуақасов  «Базис»  трансмеха-

низация  қк  жшс  камаз  жүргізушісі  болып 

істейді. қызы аружан сәдуақасова. 

«Бірінші  қыркүйекте  таңертең  алғашқы 

қоңырауда  болдым.  Жиналыс  керемет  өтті. 

Аружан  айтқан  тақпақты  мұқият  тыңдадым. 

Тыңдармандар  аудиториясы  өте  үлкен  және 

айналада  танымайтын  адамдар  көп  болған-

дықтан  аздап  қобалжыды.  Бізді  көздерімен 

іздеді,  оған  көріну  үшін  жұбайымыз  еке-

уміз  ілгері  шықтық.  Аружан  мұны  байқады, 

тақпағын тоқтамай бір деммен айтып шықты. 

Туғандарын көріп тұрса ол өзін сенімді сезі-

неді екен.», – дейді Өмір Сәдуақасов.



константин  Беккер  алматыдағы  12  000 

орынға  арналған  мұзды  аренада  мырзаба-

евтың бригадасында жұмыс істейді. 

қызы елизавета Беккер.

«1 қыркүйекте жиналыста маған барлығынан 

бұрын  гүл  мен  шар  ұстаған  әдемі  мектеп  киімі 

үлгісін  киген  қыздар  мен  балалар  ұнады.  Онан 

кейін  маған  балалардың  ән  айтып,  би  билегені 

ұнады! Ең ұнағаны алғашқы қоңырау үні болды 

– бірінші сынып оқушылары қоңырау соқты!», – 

дейді Елизавета Беккер. 



Бауыржан  жұмаділдин,  «Базис»  қк 

астанадағы Филиалы жтБ инженері.

ұлы әлім жұмаділдин.

«Қазір  біз  жұмысшылардың  жалақысын 

төлеу  үшін  жұмыс  көлемін  есептеп  жатырмыз, 

сондықтан,  бірінші  қыркүйекте  мені  мектеп-

ке  қиындықпен  жіберді.  Жиналыс  жақсы  өтті. 

Таңертең күн бұлттанып тұрғандай еді, бақыты-

мызға орай көшіп кетті. Балабақшадан кейін мек-

тептегі тәртіп Әлімге түсініксіздеу болып жатқан 

болар, бірақ, біз оны үлкен мектеп өміріне дай-

ындап жатырмыз. Біз ата-ана ретінде ұлымыздың 

мектепке  барғанына  қуанулымыз.  Отбасымыз 

үшін «Мадлен» кондитер фабрикасының серти-

фикатын алу ғанибет болды. Енді уақыт тауып, 

баламызды алып барып, отбасымызбен шәй ішіп, 

балалардың  тәтті  жегенін  көруіміз  керек.  Бізге 

және  балаларымызға  көңіл  бөліп  жатқан  бас-

шылығымызға өте разымын. Ілтипаты, түсіністі-

гі мен қамқорлығы үшін рахмет», – дейді Бауыр-

жан Жұмаділдин. 

алтынбек  ермекбаев  камаз  жүргізушісі 

болып істейді. 

қызы айт томирис алтынбекова.

«Мен  жұмыста  болдым,  сондықтан,  шараға 

қатыса  алмадым.  Бірақ,  жолдасым  қызы  екеуі 

салтанатты  жиналыстың  қызықты  өткенін  ай-

туда.  Оларға  мереке  қатты  ұнапты.  Балалары 

мектепке  барған  барлық  әріптестерімді  білім 

Күнімен құттықтаймын!», – дейді Алтынбек Ер-

мекбаев.


18

BAZIS NEWS №9/ 01.09.2015



жұмабай  ермұхамбетов,  кшБ  және 

смм, астана.

қызы ақбота авсанова.

«Қызыма  салтанатты  жиналыс  өте  ұна-

ды, ол бірден достар тапты, мектепке ерек-

ше  ықыласпен  барамын  дейді»,  –  дейді 

әкесі.  

дулат  Бейсембаев  алматыда  мұзды 

аренада жұмыс істейді. 

ұлы жарас төкен. 

«Жарас  мектепке  барғанына  қуанып 

жүр.  Онда  оқуға,  білім  алуға  деген  үлкен 

ұмтылыс бар. Ол қазірдің өзінде оқып, жаза 

алады.  Шараға  оны  әжесі  алып  барды  –  ол 

әжесінің  «баласы»,  әжесімен  бірге  тұрады, 

сол кісінің тәрбиесінде», – дейді Дулат. 

сырымбет есембаев, жтБ, алматы.

ұлы темірлан есембаев.

«Балабақша  мен  мектеп  екі  түрлі 

болғандықтан,  біз  Темірланды  мектеп-

ке  ерте  дайындадық.  Оған  мектеп  ұнауы 

үшін, оның жүйені түсінуі үшін, біз оған 

ол жерде көп оқушы болатындығын, олар-

мен ортақ тіл табысып, араласу керектігін 

түсіндірдік. Ол ашық болуы тиіс. Біз мек-

тептің терең тарихы барын, онда бүгінде 

үлкен табыстарға жеткен көптеген атақты 

адамдардың оқығанын айттық. Мектептің 

өз дәстүрлері бар екендігін және оның да 

сол  дәстүрді  ұстануы  керектігін  түсін-

дірдік.  Баламызға  мектеп  қатты  ұнады. 

Оған  бірінші  сынып  оқушыларын  қалай 

қарсы  алғаны,  алғашқы  қоңырау  ұнады. 

Жоғары сынып оқушылары үлкен концерт 

ұйымдастырды  –  мереке  таңертең  сағат 

9-да  басталып  кешкі  16:00-де  аяқталды. 

Екінші  қыркүйекте  оларға  алғашқы  үш 

сабақ  өткізілді,  баламыз  үйге  келгеннен 

кейін  мектептің  қатты  ұнағанын  айтты. 

Оған  ендігі  үй  тапсырмасын  да  беріпті. 

Екі баламен достасып үлгеріпті», – дейді 

Есембаев. 

алевтина  тен,  ежжБ  жұмыс  істейді, 

алматы.

қызы Виктория тен. 

«Қызыма салтанатты жиналыс аса қатты 

ұнай  қойған  жоқ,  себебі,  адам  көп  болды. 

Қатты  абыржыды.  Көздері  атыздай  болды, 

айналада  не  болып  жатқанын  түсінбеді. 

Алайда,  оларды  жиналыстан  соң  сыны-

пқа  кіргізгенде  сынып  ұнады.  Мұғаліммен, 

сыныппен  таныстық.  Қызым  үйге  көңілді 

оралды,  өзіне  барлығы  қаты  ұнағанын  айт-

ты», – дейді Алевтина Тен. 



мұханов  данияр  алматыда  жтБ  жұ-

мыс істейді. 

ұлы саян даниярұлы.

«Саян мектепке өткен жылы барды, дай-

ындық сыныбында оқыды. Ол жазуды, оқу-

ды,  санауды  үйренді.  Жасы  алтыға  толма-

са  да  мектепке  қабылдады.  Педагогтармен 

ақылдасқанымызда  олар  баламыздың  жаңа 

сабақтарды  меңгергенін  айтып,  мектеп-

ке  беруге  кеңес  берді.  Оның  қазірдің  өзін-

де  достары  бар,  ең  қызығы  жоғары  сынып 

оқушыларымен дос. Олармен сөйлескен қы-

зығырақ дейді», – дейді Данияр.

лаура  қадырбаева,  «Базис»  қк  жшс 

директорының 

қызметкерлерді 

басқару 

жөніндегі орынбасары, алматы. 

қызы әлима қадырбаева. 

«Мектепке  баратын  күнді  қызым 

асыға  күтті.  Киім  үлгісін  киіп  көріп, 

бантиктерін  байлаумен  болды.  Сынып 

жетекшісіне  қандай  гүл  сатып  алаты-

нын  ойластырды.  Дайындық  сыныбын 

ол  «өте  жақсы»  деген  бағамен  бітірді. 

Біз  оны  моральді  түрде  дайындадық, 

оның  ары  қарай  оқуы  керектігін,  сы-

ныпта староста болуы тиістігін айттық. 

Бірінші  қыркүйекте  түрл  түсті  шарлар, 

балалар  болды.  Мен  дәстүрлі  алғашқы 

қоңырау  жайында  айттым  –  оны  жоға-

ры сынып оқушысы мен бірінші сынып 

оқушысының  алып  шығатынын,  қоңы-

раудың  бірінші  сынып  оқушысына  те-

рең  білім  алып  шықсын  деп  ырымдап 

беретінін  түсіндірдім.  Қадірлі  қария 

–  Қарағайлы  ықшамауданының  ақсақа-

лы  балаларға  бата  берді.  Балаларды 

әкімшілік  өкілдері  құттықтады,  мектеп 

оқушыларынан  құралған  көркемөнер-

паздар тобы өнер көрсетті. 

Биыл біздің мектебімізде алты бірін-

ші сынып болса, олардың әрқайсысында 

30 баладан бар. Бірінші сынып оқушы-

лары – 180 бала аспанға түрлі түсті шар-

лар ұшырды. Жиналыстан кейін қызым 

оқытушымен  және  өзінің  сыныптаста-

рымен танысты, балалар оқулықтардың 

толық комплектін алды. Мектепте сабақ 

таңғы  сағат  8:00-де  басталады  да  үш 

ауысыммен  өтеді.  Қызым  кешігіп  қал-

мау  үшін  таңғы  сағат  6-да  тұратын  бо-

ламын дейді. Мектептен келгеннен кей-

ін  ол  киімдерін  шешіп,  ілгішке  мұқият 

іліп,  гольфін  бөлек,  банттарын  –  бөлек 

жинайды. Ол дәптерлері мен кітаптары 

жататын,  өзі  сабақ  орындайтынг  жеке 

бұрыш  ұйымдастыруды  өтінді.  Бала-

лары  бірінші  сыныпқа  барған  барлық 

балалардың ата-аналары да балалармен 

бірге  бірінші  сыныпқа  барады.  Әліп-

пені  бірге  үйреніп,  математиканы  мең-

геретін  боламыз.  Ата-аналардың  басты 

көмегі  –  балаларының  мектеп  режимі-

не үйренуіне, жаңа күн тәртібімен өмір 

сүруге бой үйретуіне жағдай жасау. Ба-

лалар  өздерінің  білімін  бағалап  жатқа-

нына  үйренеді,  күнделік,  үй  тапсырма-

сы дегеннің не екенін біледі. 

Мен  барлық  ата-анаға  шыдамдылық 

тілеймін. Бала – біздің болашағымыз. 

(Басы. Соңы 21 бетте)

19

біздің балаларымыз



Компаниямыз Алматыда «Мирный» жаңа тұрғын үй кешенін салды. Бүгінде үй қоныстануға толығымен дайын, ал, 

сатып  алушылардың  «Мирныйдан»  қалаған  пәтерін  таңдап  алуына  бірегей  мүмкіндігі  бар.  Құрылысшылар  үйдің 

құрылысын 2014 жылдың қаңтарында бастап, 2015 жылдың тамызында аяқтады. Қазір Сүлейменов пен Пятницкий 

көшелерінің қиылысындағы тұрғын үй кешені осы ауданның жаңа архитектуралық үлгісіне айналды. «Мирный» ТК 

құрылысының қалай жүргені жайында BN-ге нысанның басқарушы директоры Боков Павел Васильевич айтып берді.

павел Васильевич, тұрғын үй кешенінің 

құрылысы қалай басталды?

Бұрын бұл жерде 2006 жылға дейін «Мир-

ный» кинотеатры болған. Ол ұзақ уақыт апат-

ты жағдайда тұрды. Кейін кинотеатрды бұзып, 

2014  жылы  қыста  оның  орнына  «Мирный» 

жаңа  тұрғын  үй  кешені  тұрғызыла  баста-

ды.  Қаңтар  айында  шұңқыр  қазылды,  айдың 

соңында  бетон  қабылдай  бастадық,  құрылы-

сты 2015 жылдың тамыз айында бітірдік. 

құрылыстың  бас  кезінде  қандай  да  бір 

қиындықтар болды ма?

«мирный» Бақытты өмірге Бастайды

Бұл  нысанда  айтарлықтай  үлкен  қиындық 

болған  жоқ.  Құрылыс  жобаға  сәйкес  жүрді, 

ұсақ-түйек  мәселелер  болды,  олар  жұмыс 

барысында  шешіліп  отырды,  тұтастай  алған-

да  күрделі  түйіндер  болған  жоқ.  Тұрғын  үй 

кешенінің  құрылысы  қазіргі  заманғы  жаңа 

технология  бойынша  жүргізілді.  Темірбетон 

қаңқа тас плиталармен - жаңа қазіргі заманғы 

жоғары  технологиялы  жылытқышпен  қап-

талды.    Тас  ватадан  жасалған  жылытқыш  пә-

терлерде  ыстықта  суықты,  ал,  қыста  жылуды 

сақтайды.  Материал  «термостың»  қызметін 

20

BAZIS NEWS №9/ 01.09.2015



атқарады деуге болады. Сондықтан да, «Мир-

ныйдағы»  пәтерлер  жылы  да  жайлы  болып 

шықты.

тұрғын  үй  кешенінің  құрылысында 

қанша  адам  еңбек  етті  және  нысан  бүгінгі 

күні  қаншалықты  дайын?  қандай  жұмы-

стар атқарылуы керек? 

Құрылыс  кезінде  300  адам  жұмыс  істеді. 

Қазір «Мирный» тұрғын үй кешенінің құрылы-

сы толығымен аяқталды. Техникалық бақылау 

қызметі көрсеткен ұсақ-түйек кемшіліктер тү-

зетілуде.  Ғимарат  адамдардың  қоныстануына 

дайын.  Сатып  алушылардың  қазірдің  өзінде 

тұрғын үй кешеніне келіп пәтер таңдауына бо-

лады. Мұны ғимараттың блоктарының бірінің 

бірінші  қабатында  орналасқан  сату  бөлімінің 

жұмыс уақыты кезінде жасауға болады.

нысанды  көгалдандыру  мен  оның  ин-

фрақұрылымы  жайында  айтсаңыз.  кешен 

аумағында балалар мен демалыс алаңдары 

бар ма?  

Әрине, бар. Кешен аумағында екі балалар 

алаңы  және  бір  ересектерге  арналған  алаң 

бар. Ол жерде жұмыс күнінен кейін демалуға, 

орындықта  отырып,  таза  ауамен  тыныстауға 

болады.  «Мирныйдың»  өне  бойына  шырша 

отырғызылған,  гүлзарлар,  гүлдер  –  барлығы 

бар.  Қазір  көгалды  алаң  жасауды  жоспарлап 

отырмыз. Алайда, қазір жаз кезі болғандықтан 

оған  көп  мөлшерде  су  қажет.  Шөп  кеуіп  кет-

пеуі  үшін,  айналаға  көрік  беруі  үшін  жасыл 

көгалды  сапалы  суару  керек.  Барлық  нәрседе 

өзіне тән әсемдік болуы тиіс!

Алматы  –  сейсмологиялық  қауіпті  аймақ. 

«Мирныйдың» сейсмологиялық беріктігі қан-

шалықты? Қанша баллға дейін шыдас береді?

Бұл ғимарат 10 баллға шыдайды. Ғимарат 

өте  мықты,  әр  блок  –  жеке  тұр.  Ғимараттың 

монолитті  қаңқасы  темірбетоннан  жасалған. 

Жалпы  алғанда,  үй  әдемілігімен  осы  аудан-

дағы  өзге  үйлерден  ерекшеленіп  тұрады.  Ар-

хитектурасы,  сыртқы  келбеті  бойынша  бұл 

ауданда ондай үй жоқ. 

Оны алыстан байқауға болады. Сатып алы-

шулардың үйдің орналасқан жеріне де, пәтер-

лердің жоспарына да көңілдері толады. 



тұрғын  үй  кешенінің  паркингі  туралы 

не айтасыз?

Мұнда  112  көлікке  арналған  жерасты 

паркингі  бар.  Ол  тұрғын  үйге  жапсарлас 

салынған,  ғимараттың  астында  емес  үйдің 

жанында орналасқан. Паркинг пайдалануға 

толығымен дайын. Сонымен қатар қонаққа 

келгендерге арналған 40 орындық паркинг 

бар.  Коммерциялық  алаңдар  тұстарынан 

(автор  ескертпесі  –  ғимараттың  сыртқы 

жағынан)  да  аздаған  орын  қарастырылған. 

Алаңға  кіреберіс  күндіз-түні  күзетіледі, 

сондықтан, мұнда бөгде ешкім болмайды. 



салынған  нысанды  мақтан  тұтасыз 

ба?

Әрине,  мақтан  етемін!  Әр  нысанды  ір-

гетасынан  бастап  саласың,  біткеннен  соң 

әдемі үйге қарайсың да осы жолда қаншама 

тер  төгілгенін  есіңе  аласың,    мұндағы  жұ-

мыстың барлығын адамдар жаны мен жүре-

гін салып істеді емес пе. 

кешеннің  келешек  тұрғындарына  не 

тілер едіңіз?

«Мирныйдың» 

тұрғындары 

ты-


ныштықта  өмір  сүрсін,  баспаналарының 

рахатын көрсін. Ал, біз үшін бастысы аты-

мызға ешқандай сын айтылмаса. Біз өз та-

рапымыздан  тұрғын  үй  кешенін  сапалы 

салдық.

Біз балаларымыз табысты адамдар бо-



лып өсуі үшін олардың болашағы жарқын 

болуын  қамтамасыз  еткіміз  келеді.  Мем-

лекет  басшысы  айтқандай,  әр  ата-ана 

балаларының  өздерінен  асып  туғанын 

қалайды.  Табыстың  негізі  –  бірінші  сы-

нып.  Сондықтан,  ата-аналарға  төзімділік 

тілеймін.  Әр  ата-ана  үшін  оның  баласы 

идеалды болуы тиіс. Бала әке-шешесінің 

махаббатын  сезінгенде  сенімділік,  ынта, 

ықылас пайда болады. 

Оның  табысқа  жеткісі  келеді  де  мақсаты-

на қарай табанды түрде жүріп отырады. Егер 

ата-ана  баласына  алғашқы  бес  жылда  жақсы 

негіз  қаласа,  ары  қарай  балаға  оңай  болады. 

Сондықтан, барлық ата-анаға сабыр тілеймін, 

балаларыңызға қолдау көрсетіңіздер, әр ата-а-

наға баласы идеалды болсын».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет