Bazis news №9 01/09 2015 Осы саннан оқитындарыңыз



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата31.03.2017
өлшемі1,96 Mb.
#10895
1   2   3   4   5

Есте сақтаңыз: сіздің 

қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда! 

Білдекпен жұмыс істеу кезінде 

қауіпсіздікті сақтаңыз!

Арматураны  түзеу  кезінде  пайда 

болатын  металл  тозаңы  мен  қағын  ар-

найы  щеткалармен  немесе  вентиля-

ция  арқылы  тазалау  қажет.  Ешуақытта 

қақты  қолмен  немесе  үрлеп  тазалауға 

болмайды!  Бұл  өмірге  қауіп  төндіруі 

мүмкін!


Білдектің 

тиісті 


жылдамдығы 

жағдайында  арматура  болатты  кесуге 

береміз.  Қауіпсіздік  мақсатында  қолды 

жарақаттап  алмас  үшін  сапалы  қолғап-

тар кию қажет. Арматураны кесу кезін-

де  қолды  білдектің  пышағынан  15  см 

қашықтықта ұстау керек. Білдек диаме-

трінен  үлкен  арматураны  кесуге  қатаң 

тиым салынады!

«Біздің жұмысымыздағы ең басты нәрсе – 

сақтандыру белбеуі. 1,5 метр биіктікте жүр-

ген  болсаң  міндетті  түрде  каска  киюің  ке-

рек. Ал егер нысанның шетінде жұмыс істеп 

жатқан болсаң – жаныңда өзің тағынатын 

арқан болуы тиіс.» - дейді Әділбаев Тілеулес 

Бадайұлы,  бригадир-арматурашы,  «12  000 

орындық Мұзды Арена» нысаны.

Берік байланыс орнату

Іргетастың  арматуралық  қаңқасын  жи-

нау  ерекше  назарды  қажет  етеді.  Арматура-

ның  жеке  өзектері  –  арнайы  лоттар  арқылы 

шұңқырлар мен траншеяларға түсіріледі. Тек 

жиылмалы баспалдақ пен басқыштармен ғана 

түсуге  болады!  Бекіткіштердің  тіректерімен 

түсу қауіпті! 

Прораб ақаусыздығын тексергеннен кейін 

ғана  арматураны  ағаштар  мен  төсеме  тақта-

лардан құруға болады, тексерілмеген ағаштар 

мен төсеме тақтайлармен жұмыс істеу  қауіпті. 

Егер ағаштар мен төсеме тақтайлар қара-

стырылмаған  болса,  сақтандырғыш  белде-

улерін  қолдану  керек.  Саймандарды  иыққа 

асынатын  сөмкелермен  тасымалдау  қажет. 

Блоктарда  ауыр  каркастар  мен  торларды  кө-

теру мен орнату кезінде сигнал беруді жақсы 

білу  қажет,  арнайы  оқудан  өту  керек,  көтеру 

аумағын қарап шығып, адамдардың жоқтығы-

на көз жеткізу керек. Тетіктің арқаны көтеру 

алдында вертикальді қалыпқа келтіріледі. 



(Басталуы. Соңы 17 бетте)

басыңды қатерге тікпе

9


нағыз сиқыршының ертегі 

кейіпкерлері 

Компаниямызда  талантты  адамдар  көп.  Олардың  ішіндегі  ерекшесі  –  қолөнер  шебері  Ольга  Чекушина.  Оның 

фантазиясы, қиялы мен шебер қолдары адам нанғысыз заттар жасайды – капрон шұлықтар мен синтепоннан ғажайып 

«Мыстан  кемпір»  жасап  шығарды,  пластик  стақандардан  аққала  тұрғызды,  кәдуілгі  қағаз  қораптан  әшекейленген 

шана жасады, ал, көкөністерден экзотикалық құс пайда болды! Ольга үшін ғимаратты қандай да бір ертегі үлгісінде 

безендіріп шығу, қызықты сценарий жазу және кез-келген балалар мерекесін қызықты да әсерлі етіп өткізу қиын емес. 

Мұның барлығын ол жұмыстан тыс уақытта сүйікті қыздары үшін істейді – Ольга «БАЗИС» компаниясының әкімшілік-

тұрмыстық кешенінде (біздің нысандарымызда жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған жатақхана) бухгалтер болып 

еңбек етеді.

Барлығы қалай басталған еді

Ольганың екі қызы бар. Үлкені Екатерина – 

жетіде, кішісі Дарья – бесте. Катя биыл бірінші 

сыныпқа  барады.  Ольга  қыздарына  қолөнерді 

үйретуге  тырысады.  «Менің  мақсатым  –  бала-

ларды еңбектенуге үйрету. Қазір заман аса жақсы 

емес, олардың көшеде көп жүрмегенін, сабақта-

рын орындап, жаттығуға баруға үлгеруін қалай-

мын. Бұған қоса, балалар әлденені өз қолымен 

жасағанда қолдарының ұсақ моторикасын дамы-

тады, интеллектуалды дамуға септеседі», – дейді 

Ольга.  Ал,  қыздардың  үйренері  көп.  Ольганың 

айтуынша, өзгеше заттар жасауға деген құлшы-

ныс, қолөнер шеберінің таланты пен фантазиясы 

үлкен  қызы  балабақшаға  барған  сәттен  бастап 

пайда болды. 

Балабақшада байқаулар жиі өтеді. Ольга қы-

здарымен сол жарыстарда үнемі жүлделі орын-

дарды иеленеді. «Бірінші мамыр күні балабақша-

да тоғыз топтың арасында байқау өткізілді – әр 

топ Қазақстанда тұратын ұлттардың бірін таны-

стырып,  дәстүрі,  мәдениеті  мен  ұлттық  киімін 

көрсетуі тиіс болды. Бір қызы орыстың ұлттық 

дәстүрі  мен  мәдениетін,  екіншісі  –  украиндар-

дыкін паш етуі керек болды. Біз украиндықтарға 

көп  екпін  түсірдік  –Украинаның  тұрмысын, 

ұлттық  тағамдарын,  украин  үйінің  жадбығын, 

киімін толығымен көрсеттік. Қонақтарды ұлттық 

киім киген балалар қарсы алды. Үлкен қызым ба-

лабақшаны бітіретін болғандықтан (қыркүйекте 

ол бірінші сыныпқа барады), балама, оның тобы-

на естен кетпес мереке ұйымдастырғым келді», 

– дейді Ольга Чекушина. Нәтижесінде топ бірін-

ші орынға ие болып, қалалық байқауға қатысуға 

шақыру алды, ол сайыста да олар балабақша ара-

сында үздік деп танылды. 

Балабақшамен қоштасу кезінде ол спектакль 

қойып, әйгілі Фрекен Бокты ойнады. «Менің ба-

лаларым – өмірімнің мәні. Маған олардың менің 

олар  үшін  барлық  нәрсеге  дайын  екендігімді 

білгені  маңызды.  Оларға  менің  істегендерімнің 

ұнайтындығы соншалықты қандай да бір мереке 

келе қалса олар «Мама, сен жасай аласың ғой?» 

деп сұрайды. Баланың «Мұны менің мамам жа-

саған деп мақтанып тұрған сәтін көру қандай ра-

хат», – дейді Ольга. 

Ольга өзінің барлық шығармашылық қиялын 

түнде,  жұмыстан  тыс  мезгілде  іске  асырады. 

«Түнгі сағат онда балаларым ұйқыға кетеді. Дәл 

осы уақыт мен үшін «алтынмен» тең. Маған про-

цесстің  өзі  ұнайды,  жоқ  нәрседен  үлкен  дүние 

шығады», – дейді Ольга. 

Оның коллекциясында Астанадағы «Бейбіт-

шілік  және  келісім  Сарайының»,  «Хан  шатыр-

дың», «Бәйтеректің» дәл көшірмелері бар. 

Өзінің  шедеврлеррін  жасауға  Ольга  жарам-

сыз  материалдарды,  полиэтилен  қара  пакеттер-

ден  бастап  азық-түлікке  дейін  пайдаланады. 

Айтпақшы,  Ольга  көкөністерден  таңғажайып 

жалын  құс  жасады.  Фотосуретке  қарап  ешкім 

бірден оның неден жасалғанын анықтай алмай-

ды.  «Қандай  да  бір  идея  келгенде  мен  бірден 

оның қандай болатынын, қандай материал керек 

екендігін түсінемін. Құсты жасауға мен қызыл-

шаны,  тұрыпты,  сәбіз  бен  аскөкті  пайдалана-

мын», – дейді Ольга. 

Ольганың  бұл  қабілетінен  оның  туыстары 

да, достары да хабардар және оны үнемі қолдап 

отырады. «Қайсыбір заттарды тастауға болмай-

тындығын, олардың маған қажет болатындығын 

барлығы да біледі. Менде арнайы шкаф бар. Мен 

оны «Шебер Мырзаның шкафы» деп атаймын. 

Менің кезекті идеяма қажет болуы мүмкін дүни-

енің барлығы сонда жиналады. Үлкен қызымның 

ендігі мектепке баратындығын ойлап кейде тіпті 

қамығамын  да.  Себебі,  балабақшадағыдай  бел-

сенді өмір мектепте бола қоймас деп ойлаймын», 

– дейді Ольга Чекушина. 



Майлықтан аққалаға дейін

Ольга  достарына,  әріптестері  мен  жақын-

дарына өз қолымен жасалған және әдемі безен-

дірілген  сыйлықтарды  тарту  еткенді  ұнатады. 

Әріптесінің  анасына  ол  үйге  керекті  зат  –  сүл-

гілерден жасалған бір байлам раушан гүлін сый-

лады. 

«Мен оны сегізінші наурызда сыйлағанмын. 



Қыздар оның неден жасалғанын біле алмапты да 

жарты жыл бойы аша алмай жүріпті. «Мұндай 

әдемілікті  бүлдіріп  аламыз  ба  деп  қорықтық» 

дейді», – дейді Ольга. 

Ол ілмекпен тоқуды үйренді де бүкіл бала-

10

BAZIS NEWS №9/ 01.09.2015



бақшаға  шілтерлі  майлық  тоқып  берді.  «Бар-

лығына майлық тоқып жатырмын!», – деп күледі 

Ольга. Ольганың қыздары ол тоқыған қалпақты, 

пончоны  киіп  мақтанып  жүр,  қолдан  жасалған 

қуыршақтармен  ойнауда.  Оның  «Мыстан  кем-

пірінің»  атақты  болғандығы  соншалықты  «БА-

ЗИС»  кеңсесіндегілердің  барлығы  оны  қатты 

ұнатып қалды. 

«Мыстан  кемпірді»  мен  әйелдердің 

шұлықтарынан  тоқыдым.  Оны  синтепонмен 

толтырдым, формасын, бетін жасадым – көздің 

орнын салдым, мұрнын, ерінін, көзін, қалпағын 

тіктім.  Шашын  сантехникалық  дүкеннен  са-

тып алынған қалдықтардан жасадым», – дейді 

Ольга. Мұнан соң «Мыстан кемпірге» орамал 

тағып,  бояп,  кірпіктерін  жапсырып  балабақ-

шаға алып кетті. «Біз пластикалық бөтелкелер-

ден тоған мен үй салдық. «Мыстан кемпірді» 

көпірге отырғыздық, сол сол жерде бүкіл жаз 

бойы отырды», – дейді Ольга. 

Ольганың  басты  цензоры  мен  сыншысы  – 

оның анасы. Ол анасына жасаған заттарын тіпті 

түнде де жолдап отырады – жұмысын аяқтай са-

лысымен фотосуретке түсіріп өзінің басты сын-

шысына жібереді. 

Биыл Жаңа жылда Ольга пластик стақандар-

дан  керемет  аққала  жасап,  өзі  жұмыс  істейтін 

жатақханаға  алып  келіп  қойды.  «Аққалаға  780 

стақан  жұмсалды.  Ол  әжептеуір  үлкен  болып 

шықты – менің бойымнан сәл ғана кіші», – дей-

ді  Ольга.  Өзі  үйде  балаларымен  бірге  отырып 

жасаған  аққалаға  екі  түн  кетсе,  жатақханадағы 

аққалаға бір күн кетті. «Аққаланы жатақханаға 

қойғаннан  кейін  нысандардан  келген  жігіттер 

аққаланың  жанында  суретке  түсіп,  ұзақ  уақыт 

кетпей жүрді», – дейді Ольга. 

Ольга  балабақшаға  аққаланы  сәл  кішірек 

етіп  жасады.  Оған  қораптан  шана  жасап,  ба-

лаларға құр қол бармас үшін оған сыйлықтар 

салып қойды. 

Ольга ерекше заттарды жасағанды ұнатады. 

«Бұл  менің  жанымның  көрінісі,  маған  осылай 

жасаған ұнайды», – дейді Ольга.

Жасалған  дүниелердің  барлығы  да  әдемі 

және  өзгеше  болғандықтан  қолөнер  шеберіне 

өзінің  осынау  қабілетін  коммерциялық  арнаға 

бұру ниеті жоқ па екен деген орынды сауал ту-

ады. Өзіне немесе жақындарына ерекше сыйлық 

жасағысы келгендер осындай дүниелерді сатып 

алуға кезекке тұрмасына кім кепіл. Ольга бұған 

үзілді-кесілді  қарсы:  «Сата  білмеймін!  Маған 

адамдарды  қуанту  үшін  сыйлаған,  бере  салған 

оңай».

Балабақшадағы бір де бір шара Ольгасыз 



өтпейді. Ол мерекелерді ойлап табады, сцена-

рий  жазады,  әндерді  өңдейді,  түрлі  нөмірлер 

дайындайды. 

«Қазір  біз  балабақшамен  қоштасу  рәсіміне 

әзірленіп жатырмыз. Ата-аналардың құттықтау-

ларын ойластырудамыз. Біздің топ ең үздік деп 

саналатындықтан  құттықтауды  да  ерекше  жа-

сауды ұйғардық. Біз үлкендігі екі метр болатын 

үлкен  жүрек  жасадық,  оны  бөлшектерге  бөліп 

сөздер  жаздық.  Соңында  осы  үлкен  жүректі 

тәрбиеші алдына жаямыз», – дейді жоспарымен 

бөліскен Ольга. Осыдан бес жыл бұрын ол бала-

бақшаға арнап «Жаз Аруы» қуыршағын жасаған 

болатын, барлығына ұнағаны соншалық ол сон-

да ұзақ уақытқа қалып қойды – әр маусым сай-

ын қуыршақтың аты «Күз Аруы», «Қыс Аруы», 

«Көктем  Аруы»  болып  өзгеріп  тұрады.  «Оның 

балабақшада  тұрғанына  бірнеше  жыл  болды. 

Қыздарым мектепті бітіріп кетсе де ол сонда тұра 

беретін секілді», – дейді Ольга күліп. 



Балалар – менің өмірім 

Ольганың айтуынша, оның шығармашылығы-

ның оянуына анасы түрткі болды. «Жеті жасымда 

«Қаланың кішкентай ханшасы» атты байқауға қа-

тыстым. Сонда анам маған өзінің үйлену тойында 

киген көйлегінен ламбадаға және кешкі көйлек етіп 

екі бірдей көйлек тігіп бер берген еді. Мен қатты 

қуандым, осы күнге дейін мен мұны ерлік деп есеп-

теймін», – дейді Ольга. 

Ольга  да  қыздарының  шығармашылығын  да-

мытқысы келеді. Оның еңбегі мен Катя мен Дашаға 

деген шексіз махаббаты нәтиже беруде. «Олар өте 

белсенді.  Мен  үшін  ең  маңыздысы  –  балаларым. 

Мен олар үшін барлығына да даярмын. Әлі кішкен-

тай болса да қазірдің өзінде оларға табанды түрде 

еңбек ету керектігін, ешкіммен ренжіспеу қажетті-

гін түсіндіруге тырысамын», – дейді Ольга балала-

рының тәрбиесі жайында. 

Оның  қыздары  түрлі  байқауларға  қатысады. 

Мерекелік шырша кезінде олар түлкішектің киімін 

киіп барлық топта өнер көрсетіп шықты. «Маған 

уатсаппен тәрбиешілер «Осындай қыздарды тәрби-

елегеніңіз үшін рахмет!» деп жазып жіберіпті. Бала-

лар – менің өмірім. Мен оларда барлығы болғанын 

қалаймын, ұқыптылыққа, жақсы оқуға үйретемін, 

себебі,  білім  барлығы  үшін  маңызды.  Үлкен  қы-

зымның дәрігер болғанын қалаймын. Осы маман-

дыққа бейімі бар. Ол болса «Мен адам емдейтін 

дәрігер емес, циркте мал дәрігері боламын!» дей-

ді. Екінші қызым әзірге тек ана болғысы келеді. 

Мен үшін ең маңыздысы – олардың жақсы адам 

болып өскені», – дейді Ольга Чекушина. 



BN редакциясынан

Талантты  адамдар  өзгелерден  ерекшеленіп 

тұрады. Сұлу көркімен қоса Ольга ішкі жан дү-

ниесінің сұлулығымен де жарқырап тұрады. Қы-

здары туралы айтып жатқанда көздерінен ерекше 

нәзіктік пен махаббатты көруге болады. Ата-ана-

сы  туралы  айтқанда  дауысынан  мақтаныш  пен 

ризалық  сезіліп  тұрады.  BN  редакциясы  оны 

және отбасын қыздары Катяның өміріндегі жаңа 

кезеңнің – алғашқы оқу жылының басталуымен 

құттықтайды.  Мектеп  бүкіл  отбасына  қуаныш 

әкелсін.  Катяның  мектепте  жаңа  нағыз  достар 

тауып, барлығын жетістіктерімен қуантсын! Ал 

ең бастысы – отбасының барлық мүшелеріне – 

мықты денсаулық тілейміз! 

ірі планмен

11


әрлеушілердің жұмысы – 

кОмпаниЯның Бет-Бейнесі 

Біздің компаниямызда 60-тан астам кәсіп пен мамандық өкілдері еңбек етеді. Солардың адал еңбегінің арқасын-

да елімізде жайлы тұрғын үй кешендері, әдемі кеңселер мен қоғамдық ғимараттар пайда болуда. Бүгін біз ғима-

раттарымыздың архитекторлар мен дизайнерлер ойлап тапқан келбетін жасайтын бояушы-әрлеушілер жайында 

айтпақпыз. Олардың жұмысы адам үйдің немесе кеңсенің табалдырығын аттаған сәттен-ақ көзге түседі. Түптеп 

келгенде, әрлеушілер жұмысының нәтижесі – компаниямыздың біз салған үйлер мен кеңселерде тұратын, еңбек 

ететін адамдар алдындағы бет-бейнесі. 

Тәжірибие мен біліктілік 

Әрлеуші  мамандығы  алғаш  қарағандағы-

дай оңай емес. Ғимараттың ішкі және сыртқы 

әрбір  сантиметрі  қолмен  жасалады.  Әрле-

ушілер  жұмысының  ауқымы  кең  –  олар  гип-

сокартон  және  сырлау  жұмыстарын  атқара-

ды,  сылайды  және  қабырғаларды  левкаспен 

ақтайды,  төбені,  бағаналарды,  аралықтарды 

тегістейді.  Олар  сонымен  қатар,  еденді  це-

мент  және  құммен  тұтастандырады.  Тұсқағаз 

жапсырады,  қабырғаларды  плитамен,  гранит-

пен қаптайды, декоративті сылақ жасайды, бо-

яйды – әрлеушілердің міндеттері мен қызметін 

ұзақ санамалауға болады. 

Кез-келген  ғимаратты  әрлеу  бірнеше  ке-

зеңнен тұрады – әрленбеген, әрлеу алдындағы 

және  әрленген.  Бұл  кезеңдердің  әрқайсысы-

ның  өзінің  ерекшеліктері  мен  нюанстары, 

қиындықтары  бар.  Бастапқы  әрлеу  әуелгі  өң-

деуден тұрады – қабырғаларды, төбені сылау, 

еденді  цементпен  тұтастандыру.  Келесі  кезең 

–  ғимаратты  әрлеу  алдындағы  ахуал  –  әрле-

ушілер  қабырғаларды  тегістейді,  оның  беткі 

қабатын тұсқағаз жапсыруға дайындайды, тө-

бені левкаспен сылайды. Әрлеушілер жұмысқа 

кіріспес бұрын электриктер сымдарды тартып, 

розеткалар  мен  сөндіргіштерді  орнатады,  ғи-

маратты  косметикалық  әрлеуге  толығымен 

дайындайды.  Бұл  біздің  тұрғын  үй  кешен-

деріміздің  келешек  тұрғындарының  өмірін 

жеңілдетеді, олардың ұнаған дизайн мен әрлеу 

материалдарын  таңдап,  өз  қалауынша  косме-

тикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуіне оңай 

болады. 


Жыл  сайын  жаңа  әрлеу  материалдары, 

жаңа жұмыс істеу тәсілдері пайда болып жата-

тындықтан, архитектуралық және дизайнерлік 

шешімдер де күрделенеді. Үнемі сұраныс бо-

луы үшін біздің бояушы-әрлеушілеріміз оқып, 

шеберліктерін  шыңдап  жатады,  жас  буынды 

оқытып, тәрбиелейді. 

Кез-келген жұмыстың сапасы мен нәтиже-

сі нақты адамдарға, олардың жеке қабілеттері-

не байланысты болатындықтан, бүгін біз олар-

дың жұмысының қыр-сыры жайында емес, сол 

әрлеушілердің  өздері  туралы  айтпақпыз.  Жұ-

мыс  тәжірибиесі  үлкен  оларға  компаниямыз-

дың  ең  күрделі  де  жауапты  нысандары  сеніп 

тапсырылады. 

«Біздің ҚМБ директоры Леонид Ильич Ка-

пустиннің басшылығымен Астананы тұрғызып 

жатқанымызға  13-ші  жыл.  Біз  оған  үйреніп 

кеттік. Оны ешуақытта ұятқа қалдырмауға ты-

рысамыз.  Прорабымыз  -  Татьяна  Николаевна 

Киктева. Тізе қосып жұмыс істеп келе жатқа-

нымызға  көп  жыл  болды»,  –  дейді  әпкесімен 

бірге «БАЗИС» құрылыс компаниясында 2004 

жылдан  бері  еңбек  етіп  келе  жатқан  Хадия 

Балхашева. Қазір ол - бригадир. 

Компаниямыз  салған  керемет  нысандар 

біздің  әрлеушілеріміздің  ісмер  қолынан  өтті. 

«Маған  Астананың  жартысын  салған  секіл-

діміз.  Ғимараттардың  менің  есімде  қалғаны-

ның  өзі  жиырмадан  асады.  Қазір  біз  «Ита-

льянский квартал» тұрғын үй кешенін өткізіп 

жатырмыз. Жұмыс көп, жауапкершілік үлкен», 

–  дейді  Хадия  Балхашева.  Ол  өзінің  келеше-

гін тек «Базис» компаниясымен ғана байланы-

стырады.  «Мен  басқа  еш  жерде  жұмыс  істей 

алмаймын.  Зейнеткерлікке  шыққаннан  кейін 

де  «БАЗИС»  компаниясында  ары  қарай  істей 

беретін  боламын.  Жастарды  және  жаңа  қыз-

меткерлерді  оқытамын»,  –  дейді  Балхашева. 

Өзінің бригадасына бауыр басып қалған және 

жұмысын  сүйетін  тек  ол  ғана  емес.  «Брига-

дамыздың  қыздары  тұрмыс  құрғаннан  кейін 

жүктілікке  байланысты  демалысқа  шығады 

да бала сәл өспей жатып өзінің жұмыс орны-

на  қайтып  келеді,  себебі,  біздің  ұжымымыз 

жақсы,  жұмысымыз  қызықты,  жалақымыз 

тұрақты,  демалыс  ақысы  да  жақсы,  бала  бо-

сануға  берілетін  жәрдемақы  да  әжептеуір, 

ауырған  күндерге  де  ақша  төленеді»,  –  деп 

санамалайды Хадия Балхашева. Ол «Барлығы 

көңілімізден шығады» дейді. Қазір оның бри-

гадасында  небәрі  төрт  адам  еңбек  етеді.  Қо-

сымша  ешкімді  алмайды,  себебі,  жақында 

бірнеше  қыз  жүктілік  демалысынан  қайтып 

оралуы тиіс. 

Хадия Балхашеваның бригадасының білік-

тілігінің  жоғары  екендігі  соншалық  оларды 

«сапаны  бақылау  бөлімі»  деп  атап  кеткен, 

оларға жұмыстың ең күрделі де ауырын сеніп 

тапсырады. 

«Менде  кәсібилер  жұмыс  істейді.  Оларға 

дауыс көтерудің керегі жоқ. Кез-келгені өзінің 

жұмысын біледі және жауапкершілікпен орын-

дайды. Татьяна Николаевна жұмысты тапсыра 

салысымен оларды орындауға кірісеміз. Қазір 

біздің  бригадамызда  «бала-шаға»  жоқ  –  бар-

лығы  да  ересек,  кәсіпқойлар,  әрқайсысы  өз 

ісін жетік біледі және оны мейлі ол қабырғаға 

левкас  жағу  болсын,  сылау  болсын,  не  бол-

маса  еденді  тұтастандыру  және  басқа  қандай 

да  бір  әрлеу  жұмыстары  болсын  адал  істей-

ді», – дейді Хадия Балхашева. Балхашеваның 

«бала-шаға»  деп  отырғаны  –  компаниямызға 

тәжірибеден өтуге келіп, шеберлікке үйреніп, 

жұмыс істеуге қалатын студенттер. 

«БАЗИС» – бұл тұрақтылық 

Рафаил Смағұлов басқаратын ҚМБ-2 әрле-

ушілер бригадасын «отбасылық бригада» деп 

атауға  болады.  Себебі,  оның  жетекшілігімен 

жұмыс  істейтін  барлық  шеберлер  бірауызды 

және  нәтижеге  ден  қояды.  Смағұлов  туралы 

қол  астындағылар  оны  нағыз  психолог  дейді. 

Керек кезінде қолдайды, қажет кезінде ұрсып 

та алады. 

«Біз  жолдасымыз  екеуміз  «БАЗИС»  ком-

паниясында 2006 жылдың қаңтарынан бастап 

жұмыс  істеп  келеміз.  Бастапқыда  қарапай-

ым  бояушы  болып  істедік.  Бір  жылдан  кейін 

бригадиріміз  жүктілікке  байланысты  дема-

лысқа  кетті  де,  орнына  мені  тағайындады», 

–  дейді  Рафаил.  Ол  жұбайы  Әлиямен  бірге 

Астанадағы  ең  әсем  нысан  –  «Триумф  Аста-

ны» тұрғын үй кешенінде істеді. Оның брига-

дасының  ұжымы  өзгерген  жоқ  деуге  болады. 

«Осы  жылдар  ішінде  бригадамның  шеберлігі 

шыңдалды. Біз компаниямыз Астанада салып 

жатқан барлық дерлік нысанның әрлеу жұмы-

сына  қатысамыз.  LONDON  ТК  жұмыс  істеп 

жатқанымызға  үшінші  жыл.  Барлық  үйді  ке-

зегімен тапсырып жатырмыз», – дейді Рафаил 

Смағұлов. «БАЗИСТЕ» істеген жылдар ішінде 

жұбайы  босанып,  демалыстан  соң  қайта  ора-

лып, жолдасымен бірге жұмысын жалғастыру-

да. «Бізге жұмысымыз ұнайды. Отбасымызбен 

Астананы  аралап  жүргенімізде  балаларымыз-

дың  үлкендері  кішілеріне  қайсыбір  ғимарат-

ты көрсетіп әкем мен анам соққан деп айтып 

12

BAZIS NEWS №9/ 01.09.2015



жатады. Олар біздің нысандарымызыд мақтан 

тұтады», – дейді Рафаил Смағұлов. 

 «Біз әсем үйлерді тапсырамыз, адамдарға 

жай баспана ғана емес жайлылық, қауіпсіздік 

пен  сапаны  сыйлаймыз.  Бізге  мұнда  жұмыс 

істеген өте ұнайды. Біз ендігі әрлеуші маман-

дығын басқасына ауыстыра алмаймыз», – дей-

ді  Рафаил  Смағұлов.  Айтпақшы,  Рафаилдің 

өзі  –  бұрын  экскаватор  жүргізген.  Олар  жол-

дасымен  10  жыл  бұрын  Астанаға  Қарағанды-

дан келіп, пәтер жалдап, жұмысқа орналасты, 

біраз  уақыттан  кейін  балаларды  да  астанаға 

алдыртты.  «БАЗИС»  компаниясында  істеп 

келе жатқандарына 10 жыл болып қалды. Ра-

фаилдің үлкен қызы – болашақ бухгалтер, ол 

колледжде оқиды, ортаншылары мектепте, ал 

ең  кішісі  –  балабақшаға  барады.  «Балаларым 

ізімді  басып,  «БАЗИСТЕ»  еңбек  ететін  болса 

қуанатын  едім,  себебі,  бұл  тұрақтылық,  ер-

теңгі күнге деген сенім. Біз үшін ең бастысы 

– өмірдегі тұрақтылық», – дейді Смағұлов.

Қазір  Рафаил  Смағұлов  бригадасына 

жастарды  алып,  әрлеуші  мамандығының 

қыр-сырын  өзі  үйретуде,  қалай  жұмыс  істеу 

керектігін  өз  мысалымен  көрсетуде.  «Біз 

осында  күні  бойы  жүреміз»,  –  дейді  ол.  Ра-

фаил  Смағұловтың  ұнататын  нысандары  – 

«Москва»  бизнес-орталығы,  «Изумрудный 

квартал» және «Городской романс» ТК. 

Өзінің  әрлеушілерімен  Рафаил  барлық 

уақытта  әкесінің  балаларына  қарағанындай 

қарайды.  Мұның  себебін  ол  олардың  көптен 

бері  бірге  жұмыс  істеп  келе  жатқандығымен, 

соған байланысты, етене достасып кеткендік-

терімен  түсіндіреді.  Осындай  қарым-қатына-

сты көрген жастар ұжымға ұмтылады, барлық 

уақытта  бригадирмен  кеңеседі,  көмегі  мен 

қолдауына жүгінеді. 

Айтпақшы,  жастар  демекші.  Тағы  бір  әр-

леушілер командасының бригадирі Сырым Қа-

сенов  компанияда  2006  жылдың  қыркүйегінен 

бері жұмыс істейді. Білімі бойынша ол бағдар-

ламашы. «Компанияға 19 жасымда орналастым, 

құрылыста біраз істеген соң мамандығым бой-

ынша  еңбек  етемін  деп  ойлағанмын.  Алайда, 

маған «БАЗИСТЕ» істеген ұнады, ешқайда ке-

тетін ойым жоқ. Компанияда оқудан өттім, со-

нан  кейін  өз  бригадамды  жинадым.  Әзірге  біз 

бесеуміз,  ұжымды  үлкейтуді  жоспарлап  отыр-

мын», – дейді Сырым. Қазір ол 28-де. Жастығы-

на қарамай Сырым қол астындағы жігіттермен 

жақсы тіл табысады – жұмыс тәжірибиесі мен 

біліктілігі көрінбей тұрмайды.

«Менің  бригадам  жақсы.  Біз  бір-бірімізді 

сыйлаймыз.  Мен  оларға  ұрыспаймын.  Олар 

мені  тыңдайды.  Олар  өздерінің  жұмысын 

тыңғылықты  біледі.  Мен  демалысқа  кеткен-

де  де  қол  қусырып  қарап  отырмайды.  Ұжым 

бірауызды.  Директорымыз  Леонид  Ильич 

Капустин  керемет  адам.  Қазір  біз  балалары-

мызға  Астананың  көп  бөлігін  біз  салдық  деп 

мақтанышпен  айта  аламыз»,  –  деген  Сырым 

бұл сөзіне «БАЗИС – керемет!» дегенді де қо-

сып  қойды.  Оның  әрлеу  қоспалары  салынған 

қапты көтеріп, ұжымға тапсырма беріп, өзі де 

көмектесіп жүргенін көріп адамның өз кәсібін 

атқарып жүргенін түсінесің.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет