“ббб” немесе “зху” стратегиясы



бет4/6
Дата30.01.2023
өлшемі0,54 Mb.
#63727
1   2   3   4   5   6
3. Науқандық мигранттар

4.Жақын аймақтан келген жалдамалы жұмысшылар.

5. Оралым, циркулярлық мигранттар:
  • “Бизнес”мигранттары.
  • Ұсақ-сауда саттықпен айналысатын мигранттар.

6. Көшпенділер, Қажылық сапарын
  • шегушілер.

7. Нелегалды иммигранттар
  • Заңды көшіп келгендер
  • Заңсыз көшіп келгендер.

8. Туристер, экскурсанттар

9.Мемлекеттік өкімет өкілдері, шенеуніктер, дипломаттар, әскери қызметкерлер.

Халықаралық мигранттардың негізгі ірі топтарының классификациясы

Қайта оралмайтын көші-қон – халықаралық миграция есебінде тек территориялық, мемлекетаралық қозғалыс емес (тұрақты мекен-жайын өзгерту), бұған қосымша болып, азаматтығын өзгерту жатады. (эмиграция – көшіп кету, иммиграция – көшіп келу).

  • Қайта оралмайтын көші-қон – халықаралық миграция есебінде тек территориялық, мемлекетаралық қозғалыс емес (тұрақты мекен-жайын өзгерту), бұған қосымша болып, азаматтығын өзгерту жатады. (эмиграция – көшіп кету, иммиграция – көшіп келу).
  • Науқандық көші-қон –міндетті түрде қайта оралу деген сөз, ол бірнеше айға созылады, алайда бір жылдан аспайды. Маусымдық миграция негізінен еңбек күшіне сұраныс тудыратын белгілі бір маусымдық жұмыстарда көрінеді.
  • Маятник түріндегі көші-қон (тұрақты мекен-жайынан жақын шекаралық, басқа территорияға бір күн ішінде немесе бір аптаға жұмысқа барып қайту.)
  • Эпизодикалық қозғалыс - іскерлік, туристік, рекреациондық т. б. жүйелі түрде орын алатын қозғалыстар. “2000 жылы дүние жүзінде туризм - 474 млрд. АҚШ доллар пайдасын әкелді, ал туристердің саны 697 млн. адамды құрады
  • Циркуляция түріндегі қозғалыс:
  • Жұмыс орнына, оқу қаласына, демалыс орнына бару, дін мәселесі бойынша сапар шегу, т. б. мақсаттары мен тұрақты мекен-жайды ауыстыру.
  • Қысқа мерзімге, әр түрлі мақсаттарымен (жоғары білім алу, кезекті демалысын өткізу, әскери қызметті атқару, келісім-шарт негізінде, науқандық жұмысқа бару т. б.) уақытша тұрақты мекен-жайын ауыстыру.

МИГРАЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ 4 НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Миграциялық қоныс аударудың жоғарғы легі екінші дүниежүзілік кезінде болды. Батыс Еуропа елдерінен халықты бейбіт елдерге эвакуациялау жүрді. АҚШ, Австралия, Канада және Еуропа елдерінен Ұлыбритания, Францияға, Бельгияға қоныс аударды. КСРО-ның соғыс болған аймақтарынан Орталық Азия мемлекеттеріне эвакуацияланды. КСРО- ның шығыс аудандарындағы халық саны 25 млн. адамға көбейді.
КСРО және Польша, Чехословакия, Болгария, Румыния, Венгрия және Югославия, Югославия және Италия арасында этникалық топтарының көші-қон саясаты жүрді. 1950-1961 жж. Болгарияның түркі тілдес халықтары Түркияға қоныс аударды, ал Түркиядағы болгар этникалық тобы өз отанына қайтты. Сондай-ақ, соғыс жылдарынан кейін Оңтүстік Батыс Азиядан, Солтүстік Африкадан, Оңтүстік Еуропадан ондаған мың армян Армения республикасына қайтып оралды.
Германия мемлекетінің екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңілісінен кейін 10 млн. неміс Польшадан, Чехословакиядан өз Отанына қайтарылды. Ал Польшаға 5 млн. поляк, Чехословакияға 2 млн. 300 мың чех келіп қоныстанды. 1945-1947 жылдардан 1956 жылға дейін Қытай және Кореядан Жапонияға жапондардың жаппай қайтып оралуы жүрді. Британ империясының бұрынғы отарлары Үндістан мен Пәкістан егемендік алғаннан кейін, Бангладеш Пәкістаннан бөлініп шықты. Сол себепті Пәкістан мен Үндістан арасында 18 млн. мұсылмандар мен индустар арасында қоныс аудару жүрді.
Таяу Шығыста да миграциялық қозғалыс елеулі болды.
1948 ж. Израиль мемлекеті құрылғаннан кейінгі 4 жыл ішінде бұл мемлекетке 700 мыңнан астам еврей Еуропадан, Азия және Африканың араб мемлекеттерінен келіп қоныстанды. 1948 ж. Араб-Израиль соғысы әсерінен 730 мыңға жуық араб Израильдан және арабтар шапқыншылық жасаған жерлерден қашып шығып, көрші мемлекеттерде қоныс-танды. АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Американың кейбір мемлекеттеріне эми-гранттар легінің ағылуына байланысты қоныстанушыларды шектеуге заң қабылданды. Заң түріндегі шектеулерге қарамастан бұл мемлекеттерге эмигранттардың келуі басым болды. Елде жұмыссыздық көбейді. Еуропа елдерінен 1921-1930 жж. 5 млн. 900 мың адам эмиграцияланса, 1931-1939 жж. 1 млн. 200 мың адам ғана, соғыс жылдарынан кейін 11 мың адам қоныс аударды. Еуропа эмигранттарының негізгі тобы Америкаға қоныстанды. 1946-1982 жж. Германия, Үлыбритания, Италиядан АҚШ- қа 3 млн. 300 мың адам қоныстанса, Канадаға Үлыбритания, Италия, Германия, Нидерландиядан - 2 млн.-н астам адам, Аргентинаға Италия мен Испаниядан 1 млн. адам, Бразилияға Португалия, Испания, Италиядан 800 мың адам, Венесуэллаға Италия, Испаниядан 500 мың адам қоныстанды.
1946-1982 жылдары Австралияға Еуропадан 1 млн. 700 мың адам, Жаңа Зеландияға Еуропадан 260 мың адам қоныс аударған.
Вест-Индиядан мулаттар мен негрлер, Батыс Африка елдеріндегі негрлер, Үлыбританияның бұрынғы отар жерлеріндегі үнділер мен т.б. топтар Батыс Африкадан арабтар Францияға қарай эмиграцияланса, Үлыбритания, Нидерланды және ФРГ-дан иммигранттар Оңтүстік Африка республикасына экономикалық саясатпен келді. Азия елдерінен жапондар, қытайлар, индоазиялықтар, филлипиндер АҚШ-қа қарай қоныстанды.
Соғыс жылдарынан кейінгі саяси өзгерістерге байланысты Еуропа елдерінен кеткен иммигранттар орны, сол елге келген қандастары есебінен толыға түсті. Мысалы, Үлы-британияға Үндістан, Пакистан және басқа отар мемлекеттердегі ағылшындар өз отанына қайтып оралды. Индонезиядан голландықтар Голландияға, Алжир мен Мароккадан француздар Францияға, Эфиопиядан, Ливиядан, Африканың басқа да мемлекеттерінен итальяндықтар Италияға, Ангола, Мозамбиктен, Гвиней-Бисаудан португалдықтар Португалияға оралды.
Ғылыми-техникалық революция да халық қозғалысын қарқындатты. АҚШ-та қоныстандыру саясатының жаңа түрі пайда болды. Жоғарғы дәрежелі мамандарды (ғалымдар, білікті техниктер) жоспарлы түрде қоныстандырды. Тіпті бұл саясаттың негізі 1930 жылдардан басталды. 1960 жылдан бастап 1980 жылға дейін дамушы елдерден АҚШ, Канада, Үлыбританияға 300 мыңнан астам жоғарғы квалификациялы мамандар саясатпен қоныс аударылды. Бұл саясат Азия, Африка интеллигенция күштеріне кері әсерін тигізді.
1960-80 жылдары бұрынғы ФРГ, Франция, Бельгия, Швецария сияқты Батыс және Солтүстік Еуропаның мемлекеттері миграция мемлекеттері ретінде танылды. Бұл мемлекеттерге келген мамандығы жоқ жұмысшылар санының өзі 10-14 млн. адамға жеткен. Бұл мемлекеттерге Италия, Греция, Югославия, Испания, Португалия, тіпті Түркиядан да иммигранттар келіп жатты. Олардың көбі атал- ған мемлекеттерде жұмыс істеу мақсатымен келгендер. 1980 ж. басында бұрынғы ФРГ мемлекетінде 4,5 млн. иммигрант тұрған (олардың көбі Түркия, Италия, Югославия, Греция), Францияда - 4 млн. (Италия, Испания, Португалиядан), Швецарияда 1 млн. астам (олардың негізгі басым бөлігі итальяндықтар).
Континентаралық миграция негізінен Африка мемлекеттеріне тән, себебі Африканың көптеген мемлекеттерінде рассалық басыну, саяси қудалау нәтижесінде қашқындар мен босқындар көп.
АҚШ-та мерзімдік мексикандық иммигранттар саны жылына 1 млн. адамға жетіп отырады. Мерзімді иммигранттар ауылшаруашылық науқаны кезінде келеді.
Мерзімдік иммигранттардың бір бөлігі түпкілікті тұрғын болып қалады. АҚШ-тың арзанқол жұмысшылар санын пуэрторикандықтар толықтырған. Олардың көбі Нью-Иорк және т.б. басқа қалаларға жұмыс іздеп келгендер. 1975 жылдан 1980 жылға дейін АҚШ-тағы испандық иммигранттар саны 11,5 млн.-нан 14,6 млн.-ға дейін жеткен.
1970 жылдарда АҚШ-тағы иммигранттардың 85-95%-ы еуропалық иммигранттар болған. Ал 1950-1970 жылдар арасында АҚШ-та еуропалық иммигранттар саны 34,2%-ды, Американың басқа мемлекеттерінен келген иммигранттар 42,1%-ды, азиялық иммигранттар 21,0%-ды құраған еді.
Экономикасы төмен дамыған елдерде иммиграция көрсеткіші де төмен болады. Мысалы, Оңтүстік Африка Республикасы, Зимбабве, Гана, Піл сүйегі жағалауы мемлекеті және Суданға көрші Африка мемлекеттерінен уақытша қоныстануға 2 млн. иммигранттар келеді. Жалпы Африка мемлекетінде иммигранттар саны 6 млн.-дай ғана.
Оңтүстік Батыс Азиядағы Араб мемлекеттеріне Ливаннан, Сириядан, Оңтүстік Азиядан мұнай өндіру жұмыстарына келеді.
Е.Равенштейн Ұлыбританиядағы, Солтүстік Америкадағы көші-қон процестерін зерттей келе 11 миграциялық заңдарды қалыптастырды:
  • Басым жағдайларда миграция жақын аймақтарға жүзеге асады.
  • Көші-қон процесі рет-ретімен, кезең-кезеңімен жүзеге асады.
  • Ірі сауда-саттық немесе өнеркәсіптік орталықтарына бағытталған миграция ұзақ аймақтық болып келеді.
  • Әр миграциялық ағымға қарсы миграциялық ағым сәйкес келеді.
  • Миграция процесіне, қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындары көбірек ұшырайды, ауылдан қалаға көшеді.
  • Ішкі миграцияларда әйелдер, халықаралық миграцияда - ерлер белсенді.
  • Мигранттардың басым бөлігі ересек тұрғындар, отбасылы адамдар сирек көшеді.
  • Ірі қалалардың санының өсуі –табиғи өсім немесе мигранттар есебінен болады.
  • Миграция көлемі өнеркәсіп, сауда- саттық, көлік дамуына сәйкес өседі.
  • Мигранттардың басымдылығы ауыл тұрғындары, олар ірі өнеркәсіптік және сауда-саттық орталықтарына қоныстанады.
  • Миграцияның негізгі себептері - экономикалық себептер болып табылады. [1]

Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет