“ббб” немесе “зху” стратегиясы


Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді



бет5/6
Дата30.01.2023
өлшемі0,54 Mb.
#63727
1   2   3   4   5   6
Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.

«Джигсо» әдісі
Элиот Аронсон бойынша

Тапсырма Еуропадағы миграциялық қозғалыстар


1 топ “Франция”

2 топ “Ұлыбритания”

3 топ “Италия мен Испания”

Франциядағы миграциялық қозғалыстар

Ұлыбританиядағы миграциялық қозғалыстар

Италия мен Испаниядағы мұсылман миграциялық қозғалыстар

Еуропа – иммигранттар үшін тартымды орталықтардың бірі.

Еуропалық одақ елдерінде барлығы 23 млн мұсылман диаспорасы бар жəне олардың саны жылдан-жылға ұлғаюда. Миграция əсерінен Еуропаның қазіргі кезде күрделі жағдайды бастан кешіріп жатқаны анық байқалады.Мұсылмандар миграциясы мəселесіне тап болған Еуропада елеулі өзгерістер орын алды. Бұл Еуропа тарихындағы ең ауқымды өзгерістердің бірі деп айтса болады. Қазіргі замандағы миграциялық үдерістердің тарихи тамыры түп тереңнен бастау алады. Ислам діні Оңтүстік Еуропа елдеріне ерте келген. Еуропаның ислам дінімен жақын танысуы сонау ІХ ғасырда басталды. Мың жылдан астам уақыт бұрын исламдық Испаниядан басқа Сицилия аралында араб-ислам өркениеті орнады. Ерте кезде Италия территориясында Барий, Сицилия əмірліктері, Испания жерінде Кордоба халифаты өмір сүрген. Əрине, ол аймақтың мəдениетінде, ғылымында өзіндік ізін қалдырып, дамуына өз үлесін қосты. Бұған Палермо жəне басқа да қалалардағы əсем архитектуралық ескерткіштер, Сицилия мұражайындағы монументтер, ірі кітпаханаларындағы кітаптар мен қолжазбалар дəлел бола алады. Сицилия əмірлігі Еуропадағы ең көркем экономикалық, мəдени дамыған аймақтардың бірі болды. Еуропада оның əсемдігі бойынша теңдесі ретінде тек Испанияны айтуға болады. Сицилия, Испания арабтардың басқару кезінде Англия жəне басқа да Солтүстік Еуропа елдерімен салыстырғанда əлдеқайда алда болды. Арабтар билігі қысқа мерзімді болғанымен, Оңтүстік Еуропа елдерінің мəдениетіне едəуір əсер еткені, тіпті, бүгінгі күнде де анық байқалады. Араб-ислам өркениеті аймақтың дамуына қомақты үлес қосқаны сөзсіз. Экономика, ауылшаруашылығы, медицина саласына, архитектурада ислам мəдениетінің ықпалы болды.

  • Еуропалық одақ елдерінде барлығы 23 млн мұсылман диаспорасы бар жəне олардың саны жылдан-жылға ұлғаюда. Миграция əсерінен Еуропаның қазіргі кезде күрделі жағдайды бастан кешіріп жатқаны анық байқалады.Мұсылмандар миграциясы мəселесіне тап болған Еуропада елеулі өзгерістер орын алды. Бұл Еуропа тарихындағы ең ауқымды өзгерістердің бірі деп айтса болады. Қазіргі замандағы миграциялық үдерістердің тарихи тамыры түп тереңнен бастау алады. Ислам діні Оңтүстік Еуропа елдеріне ерте келген. Еуропаның ислам дінімен жақын танысуы сонау ІХ ғасырда басталды. Мың жылдан астам уақыт бұрын исламдық Испаниядан басқа Сицилия аралында араб-ислам өркениеті орнады. Ерте кезде Италия территориясында Барий, Сицилия əмірліктері, Испания жерінде Кордоба халифаты өмір сүрген. Əрине, ол аймақтың мəдениетінде, ғылымында өзіндік ізін қалдырып, дамуына өз үлесін қосты. Бұған Палермо жəне басқа да қалалардағы əсем архитектуралық ескерткіштер, Сицилия мұражайындағы монументтер, ірі кітпаханаларындағы кітаптар мен қолжазбалар дəлел бола алады. Сицилия əмірлігі Еуропадағы ең көркем экономикалық, мəдени дамыған аймақтардың бірі болды. Еуропада оның əсемдігі бойынша теңдесі ретінде тек Испанияны айтуға болады. Сицилия, Испания арабтардың басқару кезінде Англия жəне басқа да Солтүстік Еуропа елдерімен салыстырғанда əлдеқайда алда болды. Арабтар билігі қысқа мерзімді болғанымен, Оңтүстік Еуропа елдерінің мəдениетіне едəуір əсер еткені, тіпті, бүгінгі күнде де анық байқалады. Араб-ислам өркениеті аймақтың дамуына қомақты үлес қосқаны сөзсіз. Экономика, ауылшаруашылығы, медицина саласына, архитектурада ислам мəдениетінің ықпалы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет