ББЖМ - 9 сынып - 2 нұсқа Химия
Қ ышқыл. Қышқыл - химиялық қосынды, көк лакмус қағазына қызғылт рең беретін ерітінді, дәмі қышқыл. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз болып, олардағы сутек атомдарының сандарына қарай бір және көп негізді деп бөлінеді. Қышқыл ертітінділерде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп атайды. Қышқылдар сутек атомынан және қышқыл қалдығынан құралған күрделі зат, олар екі топқа бөлінеді: Азот, тұз, күкірт қышқылдары сұйық заттар, ал фосфор және бор қышқылы (Н3BО3) - қатты заттар болса, кремний қышқылы суда ерімейтін іркілдек зат. Көмір және күкіртті қышқылдары тұрақсыз, оңай айырылатын заттар.H2CO3→CO2↑+H2O;H2SO3→H2O|+SO2↑
1. Қышқылдың формуласы:
А) HNO3; В) LiNO3; С) NaNO3; D) KNO3; E) RbNO3.
2. Na2SO4 қай қышқылдың тұзы:
А) азот қышқылы; В) тұз қышқылы С) күкірт қышқылы;
D) кремний қышқылы; E) фосфор қышқылы.
3. HNO3 ерітіндісінде лакмус индикаторының түсі:
А) ақ В) сары С) қызыл D) көк E) таңқурай
4. 0,1 моль күкірт қышқылының массасы тең:
А) 9,8 г; В) 0,98 г; С) 98 г; D) 0,098 г; E) 980 г.
Т емір. Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген, олар б. з. д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару - жарақ, әсемдік бұйымдар жасаған. Темір - ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл, периодтық жүйеде қосымша топша металдарына жатады. Темірдің табиғи қосылыстарына магнетит, гематит, пирит, лимонит, темір купоросы және т.б. қосылыстары жатады.
1.Темірдің периодтық жүйедегі орны
А)IVпериод VIII A топ В)IVпериод VIII B топ С)IVпериод VII A топ Д)Vпериод VII B топ Е)VпериодVIII A топ
2. Метеориттің құрамына кіретін металл
А) мыс В) темір С) алтын D) магний E) күміс