Бөж тақырыбы «Ерекше физикалық қасиеттері бар қорытпалар. Қолдану саласы» Орындаған



бет1/2
Дата27.11.2023
өлшемі28,72 Kb.
#128951
  1   2
Байланысты:
Титулка по СРСП.docx Смаил А 22 01




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ


С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ ТАҚЫРЫБЫ
«Ерекше физикалық қасиеттері бар қорытпалар. Қолдану саласы»


Орындаған: Смаил А.А.
Курсы: 2, тобы: АТТ 22-01
Тексерген: х.ғ.к., доцент
Рамазанова Ж.М.


Астана 2023

Қорытпалар — екі немесе одан көп құраушылардан құралған (химиялық дербес заттар) балқымалардың қатаюы нәтижесінде түзілетін денелер.
Металдық қорытпалар — тек қана металдан (мыс., латунь – мыс пен мырыштың қорытпасы), не болмаса құрамында аз мөлшерде бейметалдық заттар қоспасы бар металдан (мыс., шойын мен болат — темірдің көміртекпен қорытпасы) тұруы мүмкін.
Бейметал қорытпалар — бейметалдық заттардан, мыс., табиғи (гранит, гнейс, базальт) және жасанды силикаттар (шыны, қождар), тұздар мен органикалық заттар Қорытпаларынан тұрады.
Қорытпаларды пісіру, электролиздеу, қатты күйінен бірден буға айналдыру (возгонка) әдістерімен де алуға болады. Әр түрлі құраушыларды араластырып қорыту әдісі көп тараған. Көптеген Қорытпалардың кейбір түрлері ерте заманнан пайдаланылып келеді (қ. Қола). Қорытпалар, негізі темір, мыс, алюминий, магний, титан, қорғасын мен қалайы Қорытпаларға бөлінеді. Негізі темір болатын Қорытпалар болат пен шойын болып табылады. Негізі мыс болатын Қорытпаларға жез бен қола жатады. Жез – мыс пен мырыштың қорытпасы, қола – мыстың мырыштан өзге барлық құраушылармен қосылған қорытпасы. Алюминий Қорытпалары беріктігінің жоғарылығымен, инерциялық және динамикалық күшке қарсылық жасау қабілетінің жоғарылығымен ерекшеленеді; басым көпшілігінің коррозияға төзімділігі, жылу және электр өткізгіштігі жоғары болады. Сонымен қатар алюминий Қорытпалары деформацияланатын, құйылатын, жентектелетін болып жіктеледі. Магний негізіндегі Қорытпалар тығыздығының төмендігімен, жақсы өңделгіштігімен және соққы күшін қабылдау қабілеттілігімен құнды материал қатарына жатады. Магний Қорытпалары ұшақ пен авиақозғалтқыштардың көп күш түсетін бөлшектерін (компрессорлар мен құралдардың қораптарын, картерлерді, шасси фермаларын, басқару колонкаларын, т.б.) жасау үшін қолданылады.[1]
Негізі титан болатын Қорытпалардың техникалық титаннан айырмашылығы – олардың беріктігінің, қызу мен коррозияға төзімділігінің жоғары болуында және тығыздығының аздығында; титан Қорытпалары авиацияда, ракета техникасында, кеме жасауда, химияда және басқа да өнеркәсіп саласында кеңінен қолданылады. Титан Қорытпалары дыбыстан жылдам ұшатын ұшақтардың сыртын қаптауда, реактивті қозғалтқыш құралымдар тетіктерін, ракета қозғалтқыштарының екінші және үшінші сатысының корпустарын, сығылған және сұйытылған газдарға арналған баллондар және шар баллондар жасау, теңіз кемелерін, сүңгуір қайықтарды және торпедоларды қаптау, т.б. жасау үшін қолданылады. Қорғасын немесе қалайы негізінде дайындалатын антифрикц. Қорытпалар баббиттер деп аталады. Қорытпалардың қасиеті олардың химиялық құрамы мен құрылымына, яғни қорытпа фазаларының өзара әсерлесуі мен араласуына тікелей тәуелді. Қорытпалар, негізінен, екі немесе бірнеше қатты фазалардан құралған біртексіз қоспалар және жалғыз ғана қатты фазадан тұратын біртекті Қорытпалар болып екі түрге бөлінеді. Біртекті Қорытпалар қатты ерітінділерге және химиялық қосылыстарға ажыратылады (қ. Қатты ерітінділер). Екі немесе көп фазадан тұратын эвтектик. (жеңіл балқитын) Қорытпалар электрлік қорғауыштар, дәнекер, баббит жасауға, т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет