Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет69/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   230
АТАУЫШ СӨЗДЕР
І. ЗАТ ЕСІМ
Сөздердің  кейбіреуі  нәрсенің  өзін  атайды.  Мәселен:  жер, 
тау, тас, су, ағаш, шөп, жапырақ, күн, ай, жұлдыз, бұлт, қарт, 
жаңбыр, жел, бу, сағым, кісі, мал, аң, құс, бақа, шаян, шыбын, 
шіркей, құрт, құмырсқа, қала, үй, төсек, орын, аяқ, табақ, киім, 
қазан,  ошақ,  арба,  шана,  ер,  тоқым,  қамыт,  доға,  арқан,  жіп, 
тамақ, су, мыс, қалам, сия, астық, жеміс, бақан, сойыл, құрық, 
таяқ, асық, топай, доп, қобыз, домбыра, сыбызғы, ақша, киіз, 
қадақ, мылтық, найза, қылыш, қанжар, оқ.
Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз. 
Зат есім туралы «кім?», «не?» деп сұраймыз. «Кім?» деп адам 
туралы сұраймыз. «Не?» деп басқа заттар туралы сұраймыз. 
Мысалы:  1.  Ат  ерінді  келер,  ер  мұрынды  келер;  «кім?» 
мұрынды келер?» – «ер», «не» ерінді келер?» – «ат».
2. Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман; «не жаман?» – 
«шаншу», «не жаман?» – «қаңқу».
3.  «Жылы-жылы  сөйлесең  жылан  іннен  шығады,  қатты-
қатты сөйлесең, қарт та діннен шығады. «Не: іннен шығады?» 
– «жылан». «Кім діннен шығады?» – «қарт».
4. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. «Не тойған жеріне?» – 
«ит». «Кім туған жеріне?» – «ер».
5. «Ас – адамның арқауы». «Адамның арқауы не?» – «ас». 
«Ас кімнің арқауы?» – «адамның».
6. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада». «Кімнің 
көңілі балада? – «ананың». «Кімнің көңілі далада? – «баланың». 
«Ананың көңілі кімде?» – «ба лада». «Баланың көңілі неде?» – 
«далада».
Осындай кім? не? деген сұрауларға жауап болып айтылатын 
жаңа нәрселердің атын көрсететін сөздерді зат есім дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет