Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет2/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
УДК 80 181
ББК 81. 2 Қаз
ISBN 978-601-7317-69-0  
 
 © Байтұрсынұлы А. 2013
ISBN 978-601-7317-66-9  
 
 © «Ел-шежіре» ҚҚ., 2013


3
ТУҒАН ТІЛІМ
*
1
Кенің бай, келімің мол, туған тілім, 
Дыбыстың теріп сөз ғып, буған гүлін 
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен тосып құтыла алмас қусам білім.
Қонып тұр, ордаң міне, жаңа жұртқа,
Салып тұр ұлың «қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң, есігім бос, ен деп ұлтқа.
Балықтай жүзіп адам, құстай ұшқан,
Түндігің ашулы тұр күн батыстан.
Ғылым мен кереметтің кенін тапқан,
Нұр кірер білім, өнер мол жақ тұстан.
Кірлетпей келген сақтап анам бұрын,
Ордаңды шала қоймас енді құрым.
Алыстан әлде қандай жат көргенсіп,
Кіргендер тамсанатын танып сырын.
Біреулер мұнараға «мінетін-ді»,
Құрындай деп жыр дегбеге күлетін-ді.
Биіктен төмен түсіп қарағанда,
Көзінің жаңылғанын білетін-ді.
Кемсініп көбің ордамды адасқандар!
Тіліме жау боп найза қадасқандар!
Бір айттым, екінші айтам, бұл үшінші,
Жорта бер, жолың алыс, адассаңдар.
Мен болман болдырамын «татар» десең,
Мен жатпан «бір бөлмеңде» жатар десең! 
Өтпеймін тамағыңнан «жұтам» десең,
Жолым бір, қолым міне, «қатар» десең!
Байқаушы
*  Ескерту!  Бұл  өлең  қазақ  жұрты  жаңа  жазу  яғни  төте  жазуға  көшкен  тұста  көрші 
елдердің  наразылығына  орай  шығарылған.  Өлең  1916  жылы  «Қазақ»  газетінің  167-
санында жарық көрген.


4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет