157
7.
ЫРЫҚСЫЗ ЕТІС
Ырықсыз етіс дейміз – істелу ырқы істеушіден басқада
болған істі. Мәселен:
aт жегілді, қоян қуылды, қозы сойылды
дегенде
ат ырықсыз жегіліп тұр, қоян ырықсыз қуылып тұр,
қозы ырықсыз сойылып тұр.
«Жегілді», «қуылды», «сойылды» деген сияқты сөздерді
ырықсыз етіс дейміз.
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып,
сондағы ырықсыз етістерді көрсеткізу.
8.
ШАҒЫС ЕТІС
Шағыс етіс дейміз – ортақ істі істеуге себепкер болуды.
Мәселен:
балаларды күрестірдім, елді табыстырдым, екі
жағын соғыстырдым.
«Күрестірдім» дегенде күресулеріне мен себепкер бол-
ғанмын; «Табыстырдым» дегенде табысуларына мен се-
бепкер болғанмын. «Соғыстырдым» дегенде соғысуларына
мен себепкер болғанмын. «Күрестірдім», «табыстырдым»,
«соғыстырдым»
деген сияқты сөздерді шағыс етіс дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: