211
Төртініші
– етістік. Мысалға алынған:
Алыспақ жоқ,
атыспақ бар. Оқу оңайланды. Жығылған күреске тоймас.
Алыспақ, атыспақ деген сөздер бұл жерде алысу, атысу,
күресу есімдерін көрсететін етістіктен шыққан зат есімдері.
«Жығылған күреске тоймас» дегенде, күреске тоймайтын
жығылған мал я ағаш емес, адам екендігі анық. Солай болған
соң «жығылған» деген сөздің бас тауыш болып тұрғаны
–
«жығылған адам» дегеннің ор нында тұрғандықтан. Жеңілдік
үшін «адам» айтылмаған, бірақ көңілде тұр.
Бесінші
– үстеу. Мысалға алынған:
Әрі алыстатады, бері
жақындатады, шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді.
Жеңілдік үшін қысқартпай айтқанда, бұл сөздер бұлай айтылар
еді: Әрі деу
– алыстатады, бері деу
– жақындатады. Шапшаң
деу
– асықтырады, соңыра деу
– кешіктіреді. «Деу» деген сөз
бәрінде де айтылмаған. «Деу»
– етістіктен шыққан зат есім.
«Әрі», «бері», шапшаң», «соңыра» деген сөздердің бастау-
ыш болып тұрғандары «әрі деу», «бері деу», «шапшаң деу»,
«соңыра деу» орнында болғандықтан.
Бастауыш болған демеу, жалғаулық, одағай
– бәрі де осы
ретпен болып тұр. Сүйтіп, түбін қазып қарастырып келгенде,
бастауыш болатын
– зат есім. Басқа сөз таптары зат есімнің ор-
нында немесе арқасында ғана бастауыш бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: