§ 8. БУЫНШЫ ӘРІПТЕР Буын түрлері Aсқа барған қатындар,
Aлшаңдамай қайтыңдар.
Aлдыда торпақ көрінсе,
Жылдам маған айтыңдар.
Тойға барған қатындар,
Тойтаңдамай қайтыңдар.
Топ сиырдың ішінде
Торпақ көрсең айтыңдар.
Осындағы сөздерді буынға бөліңдер. Бөлгеннен кейін бу-
ыншы әріптер басына келген буындарды бір бөлек шығарып
жазыңдар. Ортасына келген буындарды бір бөлек шығарып
жазыңдар. Aяғына келген буындарды бір бөлек шығарып
жазыңдар.
Шығарғаннан кейін буындардың түріне қарап ат қойыңдар.
Буын түрін айырғанда, буыншы әріптердің тұрған орнына
қарай айырыңдар.
Буыншы әріп басқалардың ортасында қамауда тұрса, ол
буынға «бітеу» деп ат қойыңдар; буын аяғы буыншы әріпке
тірелсе, ол буынға «ашық» деп ат қойыңдар; буын буыншыдан
басқа әріпке тірелсе, ол буынға «тұйық» деп ат қойыңдар.