Сен тұр! Қозыңа бар. Сен тұр! Қойыңа бар. Сен тұр!
Жылқыңа бар. Сен тұр! Сиырыңа бар.
Сұрау. Осында неше сөйлем бар? Әр сөйлемнің ішінде неше
сөз бар?
Ертең аулым көшеді.
Уық бауын шешеді.
Aла тайым ойнайды.
Қара тоқтым қашады.
Сұрау. Мұнда неше сөйлем бар? Әр сөйлемнің ішінде неше
сөз бар?
Aтан түйе маң басқан.
Шудаларын шаң басқан.
Екі өркешін қом басқан.
Төрт аяғын тең басқан.
Тілін тікен теспеген.
Сұрау. Мұнда неше сөйлем бар? Әр сөйлемнің ішінде неше
сөз бар?
302
Қой сүйеді баласын қоңырым деп,
Іштемені білмеген момыным деп.
Ешкі сүйер баласын ұлағым деп,
Тастан тасқа секірген шұнағым деп.
Сұрау. Мұнда неше сөйлем бар? Әр сөйлемде неше сөз?