Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет20/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   230
5-нші ереже.
«Ы»  харфі  бас  буында  һәм  барша  бітеу
*
  буында  жа зыл-
майды.  Ашық
**
  буында  қалмай  жазылды.  Мәселен:  «мысық» 
жазылады  «ы»-сыз  قسم  болып  «Мысығына»  деген  сөзде  «ы» 
қалмай  «мысығына»  болып  жазылады.  Үйткені:  «мы-сық» 
деген  сөзде  екі  буын,  бір  буын  «мы»,  екінші  буын  «сық», 
«мы» буынға -«ы» жазбаймыз бас буын болғандықтан, «сық» 
буынға «ы» жазбаймыз бітеу буын болғандықтан, сүйткен соң 
«мысық» قسىم болып жазылмай, «мсқ» قسم ғана болып жазы-
7
 Бұл мәтінде ұу, уу әріптер тіркесі әдейі жазылды (Құраст.)
*
 Бітеу буын деген бас харфі де аяқ харфі де дауыссыз, яки жарты дауысты буын.
** 
Ашық буын: бас харфі, я аяқ харфі дауысты буын.


37
лады «мысығына» деген сөзді буынға бөліп, харіфтерін түгел 
жазсақ,  мәселен,  «мы-сы-ғы-на»  деп  төрт  буын  болады.  Бас 
буынға  «ың»  жазбаймыз:  басқа  «сы»,  «ғы»  буындарға  жаза-
мыз, үйткені бұлар ашық буындар
8
.
Сынау. Төмендегі создерді көшіріп, «ы» жазылатын буын-
дарына «ы» жазыңдар.
Алтын  алма  алғыс  ал,  алғыс  алтын  емес  пе?  Асың-асың 
асына, береке берсін басыңа. Сабасына қарай піспегі, мұртына 
қарай  іскегі.  Жақын  жолдың  алысы  жаман.  Құлды  құл 
десең  өлгісі  келер,  биді  құл  де сең  күлкісі  келер.  Жақсының 
жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт, 
құты қашсын. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз, 
жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Дәм-тұзым тат, 
расыңды  айт.  Өтірік  деген  дұшпан  бар,  отқа  сүйреп  салады. 
Арамзаның  құйрығы  тұтам.  Жарлының  байлығы  –  денінің 
саулығы.  Ерте  тұрғанның  ырысы  артық.  Төсегіңе  қарап, 
аяғыңды көсіл. Жарлылықтан жақсы жоқ: жатып ішер ас болса. 
Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғызын сойғызар. 
Барлық  не  дегізбейді,  жоқтық  не  жегізбейді.  Шөбі  жоқ  деп 
жерден түңілме, малы жоқ деп ерден түңілме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет