39
Өсекке
9
кірмесе, есепке кірмес. Сүтпен кірген мінез сүй-
екпен бірге кетер. Ер басына күн түссе, етігімен су кешер.
Берсең – аларсың, ексең – орарсың. Еңкейгенге еңкей басың
жерге жеткенше. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз, батырсынған
жігітті жау келгенде көрерміз. Көп жүрген білмес, көп көрген
білер. Өнерді үйрен де жирен. Өнерлі өрге жүзер. Білмегенді
үйрету – жерге соқа сүйрету. Келбеті келгеннен кеңес сұра.
Көше білмес жамандар көшсе көлік өлтірер, сөйлей білмес жа-
мандар сөзді өзіне келтірер. Я еріншек өлер, я көңілшек өлер.
Өткен іске өкінбе. Бекерден Тәңірім безер. Төртеу түгел болса
төбедегіні алады, алтау ала болса ауыздағы кетеді. Ер шекіспей
бекіспес. Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек? Есітпеген
елде көп, есек мінген сартта көп. Көк ит жеңбес, көп ит жеңер.
Көрмес түйені де көрмес. Ел жоқта құрбақа көл менікі дер, ер
жоқта жамандар ел менікі дер.
Достарыңызбен бөлісу: