Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет214/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   230
Сөз мүшелері.
Сөйлеу һәм сөйлем.
Түпнұсқаның  1-бетіндегі:  «Бұл  сөйлемде  жеті  сөйлем  сөз  бар» 
де ген сөйлемдегі «жеті» сөзі «Тіл тағылымында»: «бес» (144-бет) 
болып, ал «Бұл сөйлемде тоғыз сөйлем сөз бар» дегеңдегі «тоғыз» 
сөзі «Тіл тағылымында»: «алты» деп берілген. Түпнұсқа бойынша 
түзетілді.
Түпнұсқадағы:  «Төмендегі  сөйлемдер  ішінде»  (3-бет)  деген 
сөйлем  «Тіл  тағылымында»:  «Төмендегі  сөйлемдер  (-дің)  ішінде» 
(145-бет)  бо лып,  «-дің»  жұрнағы  жақшаға  алынып  берілген. 
Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы:  «Сөз  һәм  буындары»  (3-бет)  деген  сөйлемдегі 
«буындары»  сөзі  «Тіл  тағылымында»:  «буындар»  (145-бет)  болып 
берілген. Түпнұсқа бойынша түзетілді.
Түпнұсқадағы:  «...буындарын  айырту...»  (4-бет)  деген  сөз 
тіркесіндегі «айырту» сөзі «Тіл тағылымында»: «айыру» (145-бет) 
бо лып берілген. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы: «...бұлт ала...» (4-бет) деген тіркестегі «бұлт» сөзі 
«Тіл тағылымында»: «бұлыт» (145-бет) болып берілген. Түпнұсқа 
қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы: «Түйенің үлкені...» (8-бет) деген сөз тіркесіндегі 
«түйенің»  сөзі  «Тіл  тағылымында»:  «түйінін»  (148-бет)  болып 
өзгерген. Түпнұсқаға сәйкестендірілді.
Түпнұсқадағы:  «...  қатаң  һәм  ұяң...»  (9-бет)  деген  тіркестегі 
«һәм»  сөзі  «Тіл  тағылымында»:  «әм»  (148-бет)  болып  берілген. 
Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқаның 9-бетінде берілген: «Берсең аларсың, ексең орарсың» 
деген сөйлемдегі «ексең орарсың» тіркесі «Тіл тағылымында» (148-
бет) берілмеген. Түпнұсқа қалпына кел-тірілді.
Түпнұсқадағы:  «...жақыннан  дорбала»  (11-бет)  деген  сөз 
тіркесіндегі  «жақыннан»  сөзі  «Тіл  тағылымында»:  «жақын»  (150-
бет) болып берілген. Түпнұсқаға сәйкес өзгертідді.


356
Түпнұсқадағы:  «ۇ»  жазыңдар»  (11-бет)  деген  сөйлем  «Тіл 
тағылымында»:  «ۇ»  қойдырып  жазыңдар»  (150-бет)  болып 
«қойдырып» сөзі қосылған. Мұндағы «و»-ның қазақша таңбалануы – 
О. Түпнұска қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы:  «Білімі  жуан  мыңды  жығады»  (13-бет)  деген 
сөйлемнен кейін жақшаныц ішінде «жорта қаталы» деген сөйлем 
берілген.  Ал  «Тіл  тағылымында»  бұл  сөйлем  берілмеген  (151-бет). 
Түпнұсқаға сәйкестендірілді.
Жазу қағидалары.
Дағдыландыру.
Түпнұсқадағы:  «...сөздерге  «-сыз»  жұрнағын...»  (26-бет)  деген 
сөйлемдегі «-сыз» жұрнағы «Тіл тағылымында»: «-лау» деп берілген 
(157-бет). Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы:  «...екі  уу  болып  жалғасады:  мәселен.  aт-aту,  ки-
кию.  Ескерту.  Түбір  сөздің  аяғы  «ы»  болса.  «у»  жұрнағы  екі  «у» 
болып қосылады. Оның мәнісі мынау...» (27-бет) деген сөйлем «Тіл 
тағылымында»  қысқартылып:  «...  екі  уу  болып  қосылады.  Оның 
мәнісі  мы нау...»  болып  ғана  берілген  (158-бет).  Түпнұсқадағыдай 
өзгертілді.
Түпнұсқадағы: «Төмендегі түбір сөзге «!!!» жұрнағын қостырып, 
туынды  сөз  істету»  (29-бет)  деген  сөйлем  «Тіл  тағылымында»: 
«Төмендегі түбір сөзге «қ» орнына «к» болып туынды сөз істету» 
(159-бет)  деп  сөйлем  мағынасы  өзгертіліп  берілгеп.  Түпнұсқа 
қалпына берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет