есім; Сын есім; Етістік; Есімдік; Одағай; Үстеу; Шылау;
Бастауыш; Баяндауыш; Анықтаыш, Сөйлем; Қаратпа сөз;
Қыстырма сөз; Лen белгісі; Сұрау белгісі, т.б. сан алуан
лингвистикалық ғылыми пән сөздердің баршасын Ахмет
Байтұрсынұлы қалыптастырды. Бұлардың барлығы дерлік
қазақ сөзінің не байырғы мағынасын жаңғырту (өзгерту), не
жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген атаулар, көбі
жасанды сөздер. Сонылығына, жасандылығына қарамастан,
әрқайсысы өзі атаған тілдік категорияны дәл білдіретін
(термин) «пән сөзі» болып шыққан. Бұлардың өте сәтті
жасалғандығын күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан
өміршендігі дәлелдейді.
А.Байтұрсынұлы терминология мәселесіне қатты назар
аударған. Ол тек тіл білімі саласы емес, әдебиеттанудың да
көптеген терминдерін жасағаны мәлім. Бұлар да өте сәтті
шыққан қонымды атаулар болды, сондықтан олар да күні
бүгінге дейін қолданыс тауып келеді. Тіпті, ұмыт болған
кейбіреулері қайтадан қолданысқа келтіріліп отыр. Ғылымның
тек осы екі саласы емес, жалпы мәдениетке, тарихқа қатысты
әлеуметтік терминдердің де көпшілігі А.Байтұрсынұлы қа-
ламынан туып, қазір авторы ұмытылып, жалпы халықтық
кәнігі сөздер болып кеткенін де айту керек. Бұл салаларда
16
оның термин жасаудағы ұстанған негізгі принципі – ең алды-
мен, қазақ тілінің өз мүмкіндіктерін пайдалану болды. Кезінде
А.Байтұрсынұлын жау етіп танытуға күш салғандардың оған
тағатын айыптарының бірі – «А.Байтұрсынұлы термин жа-
сауда пуристік бағыт ұстанды яғни қазақ тіліне орыс сөздері
мен интернационалдық терминдерді жолатпауға тырысты»
деген пікір болатын. Бұл да әрбір іс-әрекеттің байыбына
бармай, себебін іздемей берілген солақай саясаттың бағасы.
Егер әрбір құбылысты, әрбір іс-әрекетті өз кезеңіне қарап,
сол кезеңдегі жағдайға қарай тану керектігін мойындасақ,
А.Байтұрсынұлының термин жасаудағы «қазақшылығының»
негізі бар екендігін көреміз, ұстанған принципінің дұрыс
екендігін танимыз. Ол принцип жас ғылым салаларының
терминдерін жа сауда қазақ тілінің өз мүмкіндігіне иек артуға
негізделді. Сол кезең үшін бұл принциптің ұтымдылығы
сауатын жаппай енді ашып, бұрын естіп-білмеген ғылым
салаларының ұғымдарын енді-енді игеруге кіріскен қазақ оку-
шысы мен оқырманына сол ұғымдарды мейлінше түсінікті
етіп жеткізу мақсатының көзделгендігінде. Жасанды болса
да оқушының тез жаттығып, есінде жақсы сақтауына, әрі сол
сөздің мағынасына қарап, терминдік мәнін өзі аңғарып, игеріп
кетуіне мүмкіндік береді. Ғалым осыны білген. Тер мин жаса-
уда ана тіліміздің сөздік қазынасын мейлінше пайдалану – 10-
20-ншы жылдар түгіл, бүгінгі күнде де, яғни дүниежүзі ғылым-
біліміне жанасып, орыс тілін жақсы меңгеріп, сол арқылы
интернационалдық лексика қорына барып отырған қазіргі кез-
де де өнімді, басты амалдардың бірі.
Сонымен қатар А.Байтұрсынұлы интернационалдық тер-
миндерден де бас тартпаған. Мысалы, 1912 жылдың өзінде
«Айқаптың» беттеріндегі мақалаларында грамматика, фо-
нетика, мор фология деген халықаралық сөздерді қолданған.
Әрі қарайғы жазғандарында көптеген интернационалдық
терминдерді орыс тіліндегі қабылданған түрінде пайдаланғанын
көреміз. Мысалы, оның қаламынан шыққан мақалаларда: про-
ект, дума, депутат, фракция, док тор, фельдшер микроб,
флот, корпус, батарея, шрап нель, солдат, пулемет, завод, те-
лефон, телеграм деген сөздерді кездестіреміз. Тіпті, орайы кел-
генде өлең шумағында да еуропалық термин сөзді қолданудан
17
қашпайды. Мысалы, «басында сәлде, аузыңда Алла» молдалар
туралы:
...Бергенге ұжмақ,
Бермесе дозақ
деп үйретер халыққа.
Ұжмақтың кілтін,
Алланың мүлкін
Арендаға алып па?... –
дейді.
Ғалымның тіл үйретуде «Оқу құралы», «Тіл – құралды» жа-
зумен шектелмей, қолданбалы грамматиканы да жазған. Бұл
жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді екі кітап етіп
1928 жылы Қызылордада жарыққа шығарған. Жұмыстың ІІІ-
бөлімін де жазуға тиіс болғанмен, сірә, оны жазып жарыққа
шығарып үлгермей, 1929 жылы ұсталып кеткені байқалады. «Тіл
жұмсардың» 35 беттік І-бөлімі «Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс
тәжірибесі арқылы танытатын кітап» деп ұсынылған. І-бөлімде
автордың көрсетуі бойынша, «әріптер мен әріп белгілерін,
түрлі орында көбірек жұмсалатын сөз бөлшектері мен сөйлем
бөлшектерін жаза білуің тәжірибе арқылы (яғни мәтіндермен,
сұрау-жауаптармен, т.б.) жұмыс істетіп, үйрету көзделген.
Ал ІІ-бөлімде «І бөлімдегілердің көбі қайта келеді, бірақ олар
пысықтау ретінде емес, ондағы білімдерді тереңдетіп, аудан-
дарын кеңейтіп, білдіру ретінде келеді». Кітапта оқушыларға
мәтіндер ұсынылады, оларды көшіру, сұрақтарға жауап жазу,
сөз туғызу сияқты тапсырмалар беріледі.
А.Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту методикасы мен
қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізгі
іргетасын қалаушы. Ғалым бұл салада 1910 жылдардан бастап
1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жариялаған.
Жазу таңбаларын (әріптерді) түсіндіретін «Баяншы» атты
кітапшасы 1912 жылдан бастап жарық көрген. Бұл методика-
лық құрал тұңғыш әліппемен («Оқу құралымен») қатар дү-
ниеге келгендігін автордың өзі білдіреді. Мұны дәлелдейтін
және бір факт – осы «Баяншының» 1920 жылы Қазанда шыққан
басылымында автор бұл құралды 14 жыл бойы бала оқытқан
тәжірибесінен шығарып жазғандығын айтады, ал оның бала
оқытқан кезі –1895-1909 жылдар болатын. Демек, «Баяншы-
ны» ол 1910-1912 жылдары ұсынған. Бұл көлемі жағынан
18
өте шағын (небары 15 беттік кітапша), бірақ нағыз методи-
калық құрал.
Сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын А.Байтұрсынұлы
«Әліп-би астарың атты еңбегінде де көрсетеді. 1927-1928 жыл-
дары «Жаңа мектеп» журналында «Ана тілінің әдісі», «Зерт-
теу мен сүгіретшілік әдісі туралы», «Жалқылаулы-жалпылау
әдісі», «Қай әдіс жақсы?», «Ана тілінің әдісі» деген методи-
ка мәселелерін сөз ететін бірнеше мақала жариялайды. Мек-
теп балаларына арналған оқулықтарында А.Байтұрсынұлы
иллюстративтік материалдарды қатар ұсынуда үлкен тәрбиелік
әрі тіл ұстарту мүддесін көздеген. Автор жалпы оқулыққа
тән « жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге»
принципін ұстаған. 1-басқыш мектеп (яғни бастауыш мек-
теп) балаларына арналған материалдарды аса түсінікті етіп
беруді көздейді, сондықтан мысалдарды қазақ баласына та-
ныс (үлкендердің аузынан сан рет естіп, құлақтары үйренген)
мақал-мәтел, нақыл сөздерден, мысалдардан алады. Солардың
барлығы дерлік адамгершілікті, адалдықты, еңбек сүйгіштікті
тағы да сол сияқты игі қасиеттерді уағыздайтын дидактикалық
мәні зор мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, өлең-жыр жолдары бо-
лып келеді. Ал белгілі бір тақырыпқа лайықтап, өзі жасаған
мәтіндер ауыл балаларының күнделікті тұрмысынан алынып,
олардын арман-тілегін, талап-талпынысын, т.б. танытатын
шағын әңгімелер түрінде беріледі.
Иллюстрация ретінде көбірек келтірілген тұтас мәтіндер
«Тіл – құралдың» синтаксиске арналған 3-кітабы мен ересек-
тердің сауатын ашуға арналған әліппе – «Сауат ашқыш»
кітабында орын алған. Мұнда ав тор Қожанасыр, Алдаркөсе ту-
ралы әңгімелерден бастап, халық аузындағы аңыз-әңгіме, би-
лер сөздерін, бұрынғы өткен ақын-жыраулар мұрасын, Ыбы-
рай, Абай және өз өлеңдерін, аударма және төлтума мысал-
дарды, Жуковский, Красновский сияқты орыс ақындарынан
жасалған аудармаларды пайдаланған. Ы.Алтынсариннің
«Хрестоматиясындағы» кейбір әңгімелерді, Нысанбай ақын-
ның «Кенесары–Наурызбай» поэмасынан үзінділер пай-
даланған. Бұл мәтіндердің мазмұнында оқушыға теріс тәрбие
беретін, жамандыққа баулитын идея жоқ, керісінше, оқу-
білімге, еңбекке шақырып, адамгершілікті уағыздайды.
19
А.Байтұрсынұлы алған білімі, мамандығы жағынан кәсіби
(профессионал) лингвист емес еді. Оны тіл біліміне алып кел-
ген оқу-ағарту ісін жолға қою, халықты жаппай сауаттанды-
рып, көзін ашу, сол арқылы қазақ халқын ұлттық теңсіздіктен
құтқару мақсаты. Маман лингвист еместігіне қарамастан,
Ахмет Байтұрсынұлы тілдің, оның ішінде қазақ тілінің таби-
ғатын, құрылымдық категорияларын дұрыс аңғарған. Қазақ
грамматикасын талдап, ол орыс лингвистикалық мектебінен
сусындаған, бірақ туыстығы жағынан өзгешеленетін түркі
тілдерінің (оның ішінде қазақ тілінің) құрылымында орыс
тілінен (жалпы, үндіеуропа тілдерінен) ажыратылатын
(яғни типологиялық) ерекшеліктері болуға тиіс екенін де
жақсы сезген. Әрине, А.Байтұрсынұлының грамматикасы
бүгінгі түркологиялык, жалпы лингвистикалық ғылым тала-
бы тұрғысынан келгенде, үлкен теориялық зерттеулер емес,
өйткені ол ең алдымен, мұндай мақсатты көздеген емес,
екіншіден, мектеп грамматикасының өзін А.Байтұрсынұлы
баста уыш (алғашқы 4-5 жылдық) мектеп оқушылары үшін
ғана талдап, танытты. Сондықтан «Тіл – құрал» қазіргі «Қазақ
тілі грамматикасы» (морфология, синтаксис) деп ұсынылып
жүрген 5-7 сынып оқулықтарымен бірдей емес. Бұл күнгі мек-
теп бағдарламаларына сәйкестігі жағынан тіпті, қазіргі 1-4 сы-
нып «Қазақ тілі» оқулықтарынан да ерекшеленеді.
«Тіл – құралдың» әр бөлімі 6-7 реттен жарық көріп, алғашқы
1914-1915 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін қайта
басылып келді. Бұл мерзім ішінде, әрине, бұл оқулықтар
мүлде өзгеріссіз қалған жоқ. Автордың өзі әр басылым сайын
өңдеп, оқулықтарын 1930-40 жылдарға дейін шығарып келген
болса, сөз жоқ, олар едәуір өзгеріп, қазіргі грамматикаларға
жақындай түскен болар еді. Дегенмен, қазақ тілі сөз таптары-
на, сөз тұлғаларының, сөз өзгерістерінің, сөйлем түрлерінің
классификациясы тұңғыш берілген терминдерімен қоса
А.Байтұрсынұлының талдауы негізінде беріліп келеді. Әрине,
өзгешеліктер жоқ емес, ол өзгешеліктердің болуы заңды да.
Мектепте үйрету сияқты практикалық мақсат көздей жасалған
зерттеулер мен ғылым объектісі ретінде теориялық негізде
жүргізілген бүгінгі зерттеулердің арасында өзгешеліктердің
20
болуы даусыз. Осындай жағдай фонетикалық талдаулар сала-
сында да орын алады.
А.Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойған:
ол әуелі қазақша сауат аштыруды мақсат еткен, бұл үшін
әліппе – «Оқу құралды»; одан соң қазақ тілінің фонетика-
сы мен грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап, пән
ретінде оқытып үйретуді мақсат еткен, бұл үшін үш бөлімнен
тұратын «Тіл – құралды»; үшінші – дұрыс сөйлеп, дұрыс оқып,
дұрыс жазуды үйретуге көмектесетін және бір құралды жазу-
ды қолға алып, бұл үшін «Тіл жұмсарды» жазды; төртінші –
сауат аштыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне
алған, бұл үшін «Баяншы» мен «Әліппе астарын» жазды,
бесіншіден – балалардың тілін ұстартып, оларды көркем сөзге
баулуды көздеген, бұл үшін Т.Ш.Шонановпен бірігіп, үлкен
хрестоматия (ол да «Оқу құралы» деп аталған) құрастырған.
Ахмет Байтұрсынұлы біріншіден, қазақ тілінің әліппесінің,
оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы.
Екіншіден, араб графикасына негізделген қазақ жазуының
реформаторы. Бұл жазу ХХ ғасырдың 10-жылдарынан бас-
тап, 20-жылдардың соңына дейін қазақ мәдениетіне, оқу-
ағартуына қызмет етті. А.Байтұрсынұлы әліпбиі күні бүгінге
дейін қолданыс тауып келеді: Қытай Халық Республикасы,
Ауғаныстан, Иран сияқты елдердегі қазақ бауырластарымыз
сауаттарын осы жазумен ашып, баспа дүниелерін осы графи-
камен шығарады. Үшіншіден, А.Байтұрсынұлы қазақ әдебиеті
мен тілін, мәдениет тарихын зерттеуші тұңғыш филолог, тарих-
шы ғалым және Қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардың
бірі. Төртіншіден, ол қазақ халқына, еліне адал қызмет еткен
ірі қоғам қайраткері.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының абзал ұлдарының
бірі, XX ғасырдың бас кезіндегі Үркердей топ – демократтық
бағыттағы қазақ интеллигенциясының ең ірі, ең беделді өкілі.
Сталиндік режимнің құрбаны.
Достарыңызбен бөлісу: |