Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет81/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   230
14
.
Дерексіз заттардың есімін көрсететін сөздер. Мәселен: бақ, 
бәле, жан, өлім, ой, мінез, ұят, реніш, қуаныш, уа ғайрилары.
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі деректі, 
дерексіз заттардың есімін айырту.
Тау  мен  тасты  су  бұзар,  адамзатты  сөз  бұзар.  Өлген  ары-
станнан тірі тышқан артық. Ат аунаған жерге түк қалады. Иті 
құтырса, иесін қабар. Қойшы көп болса, қой арам өлер. Көлде 
жүрген қоңыр қаз көл қадірін білер ме? Шөлде жүрген дуадақ 
шөл  қадірін  білер  ме?  Тәңірі  асыраған  тоқтыны  бөрі  жемес. 
Шортанның өзі өлсе де, тісі өлмес. Көрмес түйені кермес. Бит-
ке пышақ суырма! Екі сұңқар таласса, бір қарғаға жем түсер. 
Бүркіт  қартайса,  тышқан  аулар.  Құста  сүт  жоқ,  жылқыда  өт 
жоқ. Ойлай берсең ой да көп, сана да көп, ойнай берсең, ой да 
жоқ, сана да жоқ. Есің барда етегіңді жап. Ашу дұшпан, ақыл 
дос, ақылыңа ақыл қос. Сабыр түбі сары алтын. Сарғайған же-
тер мұратқа, асыққан қалар ұятқа.
Зат есім екі түрлі болады: біреулері – нәрсенің дербес өз ба-
сына ғана қойылған: Жалқы есім. Екіншілері – нәрсенің біріне 
емес, барлық табына қойылған: Жалпы есім.
14
 Уа ғайри – арабша тағы басқалары деген мағынаны білдіреді.


103


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет