Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет77/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   230
ІІ. ДЕМЕУ
Демеу  дегеніміз  екі  сөздің  яки  сөйлемнің  арасын 
жалғастыруға демеу болатын сөздер. Мәселен: «Мен де, сен де 
сонда болдық», «ол оқиды да, жазады да».
«Да», «де» деген сөздер екі арасындағы жүйесін келтіріп, 
жалғастыруға демеу болып тұр.
«Не ол тұрар, не мен тұрармын». «Бұл жұмыс не бітер, не 
бітпес немесе осы күйінде қалар».
«Не»,  «немесе»  деген  сөздер  басқа  сөздердің  арасындағы 
жүйелерін  келтіріп,  жалғастыруға  демеу  болып  тұр.  «Мен 
саған  ұрыстым  ба?  Әйтпесе  сөктім  бе?  неме се  соқтым  ба?». 
Балаң  қазақша  оқи  ма?  Орысша  оқи  ма?  Әлде,  тіпті  босқа 
жүр ме? «ба», «бе», «ма», «ме», «әлде», «әйтпесе», «немесе» 
деген  сөздер  басқа  сөздердін  арасындағы  жүйесін  келтіріп, 
жалғастыру үшін тұр.
Демеу сөздер қазақ тілінде аз. Оның да көбі басқа сөзден 
шыққан  туынды  демеулер;  мәселен:  үйткені,  сүйткені,  үйтсе 
де, бүйтсе де, сүйтсе де, әйтсе де, әйтпесе, бүйтпесе, немесе – 
бәрі туынды демеулер.
Сынау.  Төмендегі  сөйлемдерді  көшіріп,  ішіндегі  де меу 
сөздердің астын сызып көрсетіңдер.


96
Ол саған әлде күйеу, әлде құда, (сүймейді қой атаулы мені 
жүдә). Я бөлең, я жиенің, я нағашың, әйтеуір саған ұқсас еді о 
да. Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да, жұмыссыз тек тұрған 
жоқ ешбір жан да. Мен бүгін сабаққа бара алғаным жоқ, үйткені 
басым ауырған еді. Басың ауырған шығар, сүйтсе де сабақтан 
қалғаның  жарамаған  екен.  Әлде  мен  сылап-сипап  бақпадым 
ба? Болмаса жемнен қысып сақтадым ба? Әйтпесе әбзелдерің 
сәнді  емес  пе?  Жібектен  тізгініңді  тақпадым  ба?  Оқымадың, 
қой бақтың, сүйткенде сен не таптың? Қалаға балаңды жібер 
немесе  өзің  барып  кел.  Үйтсе  де,  бүйтсе  де  еш  нәрсе  өнетін 
емес. Береді деп ойлаймын, сүйтсе де сұрап көр! Бір мәнісі бар 
шығар, әйтпесе неге жазбасын. Ол саған ұрысар, әйтсе де әзір 
бару  керек.  Ол  сенің  арызыңды  жазып  бермес,  үйткені  арыз 
жазбайтын адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет