Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


ш дыбысынан басталатын сөздердің  ч-



Pdf көрінісі
бет112/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

ш
дыбысынан басталатын сөздердің 
ч-
мен 
айтылуы 
(чал, чатақ, чырақ) 
да – осы іспеттес: ол да – диалек-
тілік ерекшелік. Сөз басында 
ч
дыбысын айту Қазақстанның 
шығыс, оңтүстік-шығыс өңірі мен Монғолия, Шыңжан 
өлкелеріндегі қазақтардың сөйлеу тілінде орын алады. Ал 
әдеби тіл нормасы бойынша, қазақ сөздері тек 
ш
дыбысымен 
айтылады: 
шал, шатақ, шырақ. 
Сөз ортасында және соңында 
келген 
ш
дыбысының осы түрінде айтылуында тіпті дау жоқ: 
ақша (ақча
емес), 
қанша (қанча 
емес), 
қалаш (қалач 
емес), 
күш 
(күч
емес). Бұл заңдылық тіпті жергілікті жерлерде сөз басын-
да 
ч
-мен сөйлейтіндердің тіліне де тән.
Сөз сазын, орфоэпиялық норманы әңгіме еткенде, қазақтың 
өз тілінің дыбыстық жүйесіне тән емес, тек кірме сөздерде жа-
зылатын 
в, ф, х, һ, ц 
таңбаларын дыбыстау жайына тоқтауға 
10
Жүнісбеков Ә., Нұрмағамбетов Ә.
Қазақ сөйленістеріндегі «дж» аффрикатының 
қолданылуы //Вопросы казахской фонетики и фонологии. - Алма-Ата, 1979. - С. 
232-237.


227
тура келеді. Бұлардың ішінде 
һ
таңбасы тек араб, парсы тіл-
дерінен енген сөздерде ғана, ал 
х, ф
әріптері араб, парсы тіл-
дері мен орыс тілі арқылы енген сөздерде жазылып жүрсе, 
в, ч, 
ц, щ
-мен тек орыс тілі арқылы енген халықаралық сөздер мен 
орыстың өз сөздерінде жазылады. Бұл сөздерді, әсіресе орыс 
тілі арқылы енгендерді қазақ тілінде негізінен сол әріптер бел-
гілеп тұрған дыбыстарды өзгертпей айтқан жөн: 
вагон (бәгөн 
емес), 
факультет (пәкүлтет 
емес), 
химия (қимия 
емес), 
гауһар 
(гауқар 
немесе 
гаухар 
емес), 
цирк (сирк 
емес): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет