ш
дыбы-
сын
ч
етіп айту
(чатақ, чын, чырақ),
сөз ортасында келген
нд
дыбыстарының орнына
ңл
дыбыстарын айту
(маңлай, таңлай,
аңлау),
сол сияқты сөз ішіндегі
л
дыбысын түсіріп айту (
бол-
майды
деудің орнына
бомайды, келген жоқ
деудің орнына
кеген жоқ
деу), сөзге
р
дыбысын қосып жіберу
(жоңыршқа,
меруерт),
ж
дыбысының орнына
й
дыбысын айту (
ойақ- бұяқ
–
ол жақ, бұл жақ
деудің орнына) т.т. осы тәрізді құбылыстар
– Қазақстанның белгілі бір өлкесі тұрғындарының сөйлеу
тілінде кездесетін ерекшеліктері. Жергілікті ерекшеліктерге
қарай екі түрлі дыбысталатын едәуір сөздердің әдеби варианты
бұл күнде бірқыдыру тұрақталып, нормаға айналды. Мысалы,
маңдай
(
маңлай
емес),
таңдай (таңлай
емес),
ие (еге
емес).
Бұл көрсетілгендердің жақша ішіндегі варианттарын жазушы
өз кейіпкерлерінің тіліне әдейі келтіргенде ғана солай айтып,
өзге жағдайда әдеби нормасымен айту қажет.
Бір жақсысы – актерлер мен әншілердің, дикторлардың сөз-
дерінде әркімнің өз ортасында (отбасында, аулында) сөйлеп
үйренген дағдысына тартып, әдеби нормадан ауытқушылық
аса көп байқалмайды, тіпті жоққа тән. Мұндай ауытқушылық
көбінесе қарапайым адамдардың өзара сөйлескендегі күнде-
лікті тәжірибесінде байқалады.
Сірә, сөздерді дыбыстауға келгенде, көпшілік алдында
сөйленетін тұстарда диалектілік ерекшеліктердің көп байқал-
май отырғаны жазуға байланысты болар: әдетте жазба дүние
әдеби норманы сақтайды. Демек,
таңдай, жоңышқа, бұ жақ,
о жақ
деп жазылған дүниені осы түрінде айту – сөзді жоғарыда
өзіміз қате деп көрсеткен жазылуынша оқу дегеннің көрінісі.
241
Бұл жерде жазылуынша оқудың зияны емес, пайдасы тиіп тұр.
Бірақ, әрине, оған қарап, сөздерді жазылуынша оқу пайдалы
деген қорытынды шығаруға болмайды: жергілікті сөздер әдеби
нормадағы сөздердің ішінде теңіздегі тамшыдай ғана, теңізге
зиянды нәрсені тамшыға тигізетін пайда басып кетпейді.
Қазіргі кезде кездесетін орфоэпиялық қателер – осылар
ғана емес, өзге тұстарда да бары даусыз. Сөзді дұрыс дыбы-
стауда бұл сияқты бұрыстықтардың орын алу себебі неде
деп іздесек, олардың бірнешеу екенін көреміз. Ең бастысы
және ең қауіптісі, әдетке айналғаны – тілге, оның қолданылу
мәдениетіне деген жауапсыздық, немқұрайдылық көзқарастың
орын алып отырғандығы, екіншісі – қалың жұртшылыққа тіл
нормаларын үйретудің, тіл мәдениетіне баулудың әлсіз, жүйесіз
болып келгендігі. Әсіресе қазақша сөйлеу үстінде сөздерді
дұрыс қиюластырып, ана тіліміздің табиғи дыбыс заңдарына
бағындырып айту нормаларын үйрету сияқты іс-әрекеттердің
мектептерден бастап, барлық ортада, оның ішінде радио, теле-
дидар, театр, сахна өнері сияқты ауызша тілді кеңінен пайдала-
натын жерлерде мардымсыз жүргізіліп жатқандығы. Бұл ретте
орфоэпиялық анықтама құралдардың: сөз сазы ережелерінің,
орфоэпиялық сөздіктердің және өзге де толып жатқан көмекші
материалдардың өте аздығы, бірді-екілі мұндай құралдардың
бір басылымынан екіншісіне дейін ондаған жылдардың өтіп
жатқандығын баса айтуға болады. Мысалы, А.Байтұрсынов
атындағы Тіл білімі институты тарапынан ұсынылған «Қазақ
тілінің орфоэпиялық сөздігі» (авторы – Қ.Неталиева, жауапты
редакторы – М.Балақаев) 1977 жылы бір-ақ рет жарық көрді.
М.Дүйсебаеваның мектеп оқушыларына арналған «Қазақ
тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі» 1981 жылы шықты.
Сөзді дұрыс айту ережелері берілген құрал («Сөз сазы», авторы
– Р.Сыздықова) «Ғылым» баспасынан 1983, 1995 жылдары бар-
жоғы 1000 дана болып жарияланды. Демек, бұл құралдардың
шыққанына он жылдан астам уақыт өтіп бара жатқаны – сөз,
сөйлеу мәдениетімізді көтеруге сеп болып отырған жоқ.
Ана тіліміздің ауызша қызмет ету өрісі кеңейіп, оған
үлкен әлеуметтік мән беріліп жатқан бұл күндерде сөз сазы-
на арналған мұндай анықтама құралдардың түрлерін көбейту
және мол тиражбен жиі-жиі жарыққа шығару қажеттігі туып
отыр. Осы кітап – сол қажетгікті өтеудің бір ғана құралы.
242
Достарыңызбен бөлісу: |