Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


қ, к дыбыстарынан  басталып тұрса, бұл дыбыстар  ғ, г



Pdf көрінісі
бет123/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

қ, к
дыбыстарынан 
басталып тұрса, бұл дыбыстар 
ғ, г 
болып айтылады. Мысалы:
Жазылуы:
а Құдай
о керемет
я қызым
Айтылуы:
ағұдай
огеремет 
йағызым
7. Біріккен создер де бір ырғақтық топ құрайды. Олар қалай 
жазылған күнде де (түбірлерін сақтап немесе сақтамай) бір-
біріне үйлесіп, үндестік заңдарына бағына айтылады. Мысалы:
Жазылуы:
шекара
күздігүні
Жезқазған
Сарыарқа
өнеркәсіп
кәсіподақ
жанкүйерлер
орынбасар
дүйсенбі
өгізшағала
ақиық (қыран)
Айтылуы:
шегара
күздүгүнү
Жезғазған
Сарарқа
өнергәсіп
кәсібодақ
жангүйөрлер
орұмбасар
дүйсөмбі
өгүшшағала
ағыйық
8. Қос сөздердің
 
сыңарлары да бір деммен үйлесе, үндесе 
айтылады. Олар көбінесе түбірі сақталып, дефиспен жазыла-
ды.
Жазылуы:
астан-кестен
көзбе-көз
қолма-қол
келе-келе
қилы-қилы
қоян-қолтық
құда-анда
азды-көпті
Айтылуы:
астаңгестен
көзбөгөз
қолмағол
келегеле
қыйлығыйлы
қойаңғолтұқ
құданда
аздыгөптү


248
9. 
Күн күркіреу, қой қоздау, аяқ аттау, жүрек жалғау, көзі 
күлімдеу 
сияқты бір сыңары – зат есім, екіншісі – етістік бо-
лып келетін тіркестер де бір-бірімен үндесіп, бір тыныспен 
айтылады
: күңгүркүрөу, қойғоздау, айағаттау, жүрөгжалғау, 
көзгүлүмдеу.
Ауа райын хабарлайтын дикторлар «бүгүн пәлен 
жерде жаңбыр жауұп 
күңгүркүрөйт
»
 
деп айтулары керек 
(күн 
күркірейді
емес).
10. 
Бала кезі, жаз күндері, жан құштары, Алматы қаласы, 
Байқал көлі, аяк алысы, көңіл қошы, күннің көзі
сияқты 
бір сыңары тәуелдік жалғаулы сөз болып келген тіркестер 
де бір ырғақпен үндесіп айтылады: 
балагезі, жазгүндөрі, 
жаңғұштары, Алматығаласы, Байқалгөлү, айағалысы, көңүл- 
ғошұ, күннүңғөзү.
11 Негізгі сөз бен соған қатысты шылау сездер, көмекші 
есімдер
(
қасында, ішінде, үстінде
т.б.) бір ырғақпен айтыла-
ды. Шылаулардың басым көпшілігі (
соң, шейін, дейін, туралы, 
шақты, сайын, басқа, бөтен, тым, таман, ма/ме, ша/ше
т.б.) 
алдыңғы сөзбен бір топ құрағанымен, араларында дыбыстық 
өзгерістер болмайды: 
аздан соң, үйге дейін, саясат туралы, он 
шақты, барған сайын, бала ма, қыз ба.
Дыбыстық өзгеріс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет