Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


тын (-тін) және - тұғын



Pdf көрінісі
бет30/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

тын (-тін)
және -
тұғын
болып екі вариантта кездеседі. Мұның 
алдыңғысы – қатаң норма, ол – қазіргі нейтральдық норма, 
яғни функционалдық стильдердің баршасында қолданылады, 
ал 
-тұғын
варианты – негізінен көркем әдебиет, оның ішінде 
поэзия үшін норма, сол сияқты 
мен ~ менен 
деген шылау мен 
септік жалғауы 
-
дай ~ -дайын
тәрізді теңеу жұрнағын, 
да ~ 
дағы
шылауының алдыңғы сыңарын әдеби норма деп, екінші 
қатардағы варианттарын бейнормалық деп танушылар бар. 
Бұл – әдеби норма деп тек публицистикалық, ғылыми, ресми 
стильдерді ғана көздеп айтылған таным. Ал көркем әдебиет 
тілі де – әдеби тілдің функционалдық стильдерінің бірі екен-
дігін ескерсек, бұлайша пайымдау дұрыс еместігі байқалады. 
Ол күнде XV ғасырлардан басталған ақын-жыраулар тілі, ке-
шегі Махамбеттің, Бұхардың, Жамбылдың, тіпті ұлы Абайдың 
тілі де әдеби тіл үлгісі деп танылмас еді. Абайдың өзі өлеңнің 
өлшем, ұйқас сияқты шарттарына қарай, тіпті прозасының 
өзінде 
мен ~ менен, -
тын~-тұғын
, да~дағы 
варианттарын ер-
кін қолданғанын білеміз: «Осы өлең 
оқитұғын
дұғам менің...», 
«Арзан жалған 
күлмейтін
шын күлерлік...», «Ақыл 
менен


69
білімнен әбден үміт үзіппін...», «Саған құрбан мал 
мен
бас...», 
«Сүйтсе 
дағы
елімді ұстай алмадым мығымдап...». Мұндай 
мысалдарды қазіргі қазақ поэзисы тілінен де молынан келтіру-
ге болады. Ал тілдің даму барысына үңілсек, 
-тұғын
, менен, 
дағы
варианттары тек сөйлеу тілі емес, күні кешеге дейінгі по-
эзия, тіпті прозалық үлгілерінде әлдеқайда жиірек қолданылған 
нормалық тұлғалар екенін дәлелдеуге болады. Мұны біз Абай 
тілін зерттеген, қазақ әдеби тілінің XV-XIX ғасырлардағы тари-
хын баяндаған еңбектерімізде айқын көрсеткен болатынбыз
6
.
Синтаксис саласында да бағыныңқы сөйлемнің, әсіресе 
баяндауышы 
деп-ке
аяқталатын түрлерінің басыңқыдан кейін 
келетін үлгілері де көркем прозада да, тіпті публицистикалық 
үлгілерде де норма болғандығын дәлелдеп келеміз.
Лексика саласында: араб кірме сөздерінің екі, кейде үш фоне-
тикалық вариантты болып келетіндерінің бірқатары көркем 
әдебиет стилінде қатар қолданыла береді. Мысалы, ұлы Абай 
өлеңдерінде 
ғашық ~ асық
қатары өлең өлшеміне қарай бірін-
бірі алмастыра алады. 
Сорлы асық сағынса да, сарғайса да
– 
мұнда өлең жолы 11 буынды болу үшін қатар келген екі сөздің 
аралығындағы екі дауыстының біреуі «жұтылып», үш буынды 
болып айтылуы қажет: 
сорласық.
Ақын бұл жерде 
ғашық
вари-
антын қолдана алмаған, өйткені 
сорлы ғашық
тіркесі 4 буын-
ды болып кетеді. Ал 
ғашықақпын, еш күмәнсіз
дегенінде ақын 
кезеңінің өзінде-ақ жалпы тілдік 
ғашық 
вариантын алған, бұл 
жерде 
ғашық ~ асық
жарыспалы қатардың буын саны үшін 
айырмасы жоқ.
Тағы бір мысал: 
шайтан ~ сайтан
варианттарының алдың-
ғысының өзінің номинативтік мағынасында қолданылуы – жал-
пы (барлық стильде) норма, ал 
сайтан 
варианты әрі фонетика-
лық вариантқа айналып, әрі коннотаттық мағынаға («сиқырлы») 
ие болып, тек көркем әдебиетте, көбінесе поэзияда орын алады. 
Бұл жерде әр функционалдық стильге тән белгілерді анықтауда 
оларға қатысты тілдік нормалар дегенмен, бір жағынан, байла-
ныстыра, екінші жағынан, ажырата қарау керек сияқты. Мыса-
лы, 
біріншіден, екіншіден, әрине, қысқасы, сонымен, меніңше, 
біздіңше, пәленшенің айтуынша (пікірінше), ал 
деген сияқты 
қыстырма сөздер басқа стильдерге қарағанда, ғылыми стиль-
6
Сыздықова Р.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет