Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


я,  ю, э, ё, ъ, ь, ц, ч, щ



Pdf көрінісі
бет91/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

я, 
ю, э, ё, ъ, ь, ц, ч, щ
таңбаларымен келетін сөздер дәл орыс-
ша тұлғасында жазылмайды. Ал кириллицаны қабылдағанда 
бұл сөздердің жазылуында тығырықтан шығатын тәсіл 
табылғандай болды: оларды орысша тұлғасында жазу ережесін 
қабылдап, әрі ала-құлалықтан құтылуға, әрі орыс тіліне «бауыр 
баса түсуге» мүмкіндік туған сияқты болды.
Бұл күндерде Ресейдің империялық өктемдік, билеушілік 
ықпалынан босанып, аз жылдың ішінде тәуелсіздікке, 
дербестікке жедел жеткенімізбен, бұл жеделдікті тілге кел-
генде жүргізе алмайтын жайымыз бар: бас-аяғы 9-10 жылдың 
ішінде бір, бір жарым ғасырлап енген сөздерді кейбіреулер та-
лап еткендей түгел аударып, қазақша баламасын тауып беру, 
аударылмағандарын, тіпті соңғы жарты ғасырда молынан 
енген интернационалдық ғылыми-техникалық терминдерді 
түгел қазақ тілінің фонетикалық заңдарына икемдеп, өзгертіп, 
қазақша тұлғада жазу – қиын шаруа екенін өмір көрсетіп 
келеді. Қиындық – тек дәстүрдің бұзылуында емес (үйреніп 
қалғаннан көз жаза алмай отырғаннан емес), бұл орайда біраз 
нәрсені ескеру керек болады. Алдымен, ана тілімізге қатысты 
соңғы он шақты жылдың барысындағы іс-шаралардың ең 
негізгісі – қазақ тілін мемлекеттік тіл статусына көтеру, тіпті 
дәлірек айтсақ, әлеуметтік қызмет аясы тарылып, тарих 
төрінен ығыса бастаған қазақ тілін сақтап қалу үшін күрес. Ол 
– көп күшті, нақты жүргізілетін қыруар іс-қарекеттерді қажет 
етіп отырған майдан. Екіншіден, кірме сөздердің фонетикалық 
тұлғасын қазақшалап жазуды жаппай жүргізу үшін бүкіл ба-
спа ісін жаңғырту, газет- журналдарды, оқулықтарды, бүкіл 
терминологиялық сөздіктерді, екі-үш тілдік сөздіктерді, 
анықтағыш құралдарды, жылма-жыл шығып отыратын өзге де 
әдебиет түрлерін, қайта басылатын немесе баспаға ұсынылған 
кітаптарды, құралдарды, жарнамаларды, қала, көше аттарын – 
қысқасы, есебі жоқ жазбаларды жаңаша басып шығару үшін 


189
көп қаражат керек екендігі де ескерілуі керек. Мұндай жазба 
дүниенің жартысын бұрынғыша, жартысын жаңаша емлемен 
ұсынуға мүлде болмайды. Осы кезге дейін шығып келгендеріне 
дауа жоқ, ал енді баспа жүзін көретіндер бірізді, бір сипатты 
болуы шарт. Үшіншіден, кириллицаны пайдаланып отырған 
кезеңде орыс тілінен келген кірме сөздерді фонетикалық 
тұлғасын өзгертіп қазақшалаудың қажеті бар ма? Оның 
үстіне «күні ертең жазу графикамызды латынға ауыстырғалы 
отырғанда, алдағы 5-10 жыл үшін қазақшасы шала, сауаты 
мәз емес халқымызды уақытша қайтадан жазу үрдісін өзгертіп 
қиналудың пайдасы мен зияны қандай?» деген пікір-ой туады. 
Бұл пікірлер айтылып, жазылып келеді. Сірә, дұрысы – осы бо-
лар.
Сөйтіп, кірме сөздер қай тілден келсе де, қазақ тілінің табиғи 
дыбыс заңдарына бағындырыла айтылсын және сол бағынған 
түрінде жазылсын деген идея – теориялық тұрғыдан дұрыс. 
Бірақ сол идеяны жүзеге асыратын негіздермен санасуға бүгінгі 
қоғам өмірінің шындығы мәжбүр етіп отырғанын дәлелдедік.
Ал жаңа латын жазуына көшкен кезде кірме сөздерді қазақ 
тілінің өз заңдарына икемдеп айту және жазу идеясының 
жүзеге асатыны – даусыз. Бірақ ол енді 1-рет қолданылған 
латын кезіндегідей әркім өз естуінше, өз айтуынша жазыл-
май, белгілі емле ережесі бойынша таңбаланатын болады, 
өйткені бір тілдің сөздері өзге тілде айтылғанда белгілі бір 
фонетикалық заңдылықтарға негізделеді және ол заңдылықтар 
жүйелі түрде келеді. Жаңа латын жазуының емлесі бірден 
ғылыми-теориялық негізде түзілетін болады. Бұл талап кірме 
сөздердің орфограммасында да берік сақталады.
Орфографиялық нормаларды, дәлірек айтсақ, дұрыс жазу 
ережелерін тұрақтандырып, нормаға айналдыруда ғылыми 
пікірталастар да жоқ емес. Бірқатар фонетист мамандар қазіргі 
емле ережелеріміз қазақ тілінің үндестік заңдарын бұзып ба-
рады, яғни екінші, үшінші буындарда езулік 
і, ы
әріптерін 
жазу 
(құлып, күміс) 
тілімізге тән ерін үндестігін жойып келеді, 
сондықтан түбір сөздің өз ішінде де, қосымшаларда да ерін 
үндестігін сақтап 
құлұн, құлұнұм, күмүс, күмүстү 
деп жазу 
керек, сондай-ақ қазақ тілінің буын үндестігі деп аталатын 
фонетикалық нормасын жазуда да сақтау керек, ол үшін төл 


190
сөздерді де, кірме сөздерді де тұтас не жуан, не жіңішке дауы-
стылармен таңбалау керек 
(кітәп, қызмат, тәкәппәр, көзәйім, 
атпан
келдік, 
қаламман
жаздық, 
ауылдықы, қаланықы)
деген 
пікірлер айта бастады.
Қысқасы, сөздің дыбысталуы мен жазылуын бірдейлестіру 
арқылы қазақ тілінің фонетикалық табиғатын сақтау керек де-
ген идея ұсынады. Әрине, қай-қай тілдің де ұлттық сипатының 
бірі, әсіресе өзге туыс тілдерден ажыратып тұратын белгісі – 
дыбыстық ерекшеліктерін сақтау – игілікті идея. Бірақ кез кел-
ген дұрыс идеяны жүзеге асыруда көлденең тұратын объективті 
факторлар бары және аян. Айталық, қазақ тілі ешбір кірме 
элементтерсіз жалаң өз сөздерінен ғана құралған болса, бір 
сәрі (онда да ойланатын тұстар көп), ал кірме сөз, кірме жұрнақ 
дегендер қазақ тіліне тән фонетикалық варианттарсыз болып 
келеді. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет