Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет88/159
Дата29.09.2023
өлшемі1,37 Mb.
#111758
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   159
Байланысты:
Әдеби тіл қалыптануы

ОРФОГРАФИЯЛЫҚ НОРМАЛАР
Бұл күнде адамдар айтайын деген ойын бір-біріне ауызша, 
жазба түрде де жеткізеді. Жазба түрде жеткізу үшін сол халық 
пайдаланып отырған жазу 
(жазу 
деген терминнің 
графика, 
әліпби 
деген балама синонимдері бар) түрімен қоса белгілі 
бір жазу тәртібі, яғни нормалары болуы керек. Ол тәртіптер 
хатқа түсіп реттелген болуы да мүмкін, тіпті ереже түрінде 
хатталмай-ақ, бірінен бірі оқып, көріп дегендей жаза беретін 
болуы да мүмкін. Дегенмен ұлттық жазба әдеби тілдің, яғни 
бүгінгі қазақ тілінің дұрыс сауатты жазу қағидалары түзіліп, 
хатқа түскен нормаларды көрсетуі – шарт. Ұлттық тілдің емле 
нормалары көпшілікке ортақ әрі міндетті сипатта болуы және 
шарт.
Емле заңдылықтары да – тілдің өзі сияқты, өмірмен тығыз 
байланысты болып, әрдайым даму, жаңару үстінде көрінетін 
құбылыс. Қазіргі таңдағы мәдени тіршілігіміздің басты тала-
бы – жазу таңбаларының (графиканың) тілдің дыбыс жүйесіне 
сай түсіп, көпшіліктің пайдалануына қолайлы болуы және 
сол таңбалармен сауатты жазу үшін емле ережелерінің дұрыс 
түзілуі. Ол емле қағидалары, әрине, белгілі бір принциптерді 
ұстанған, теориялық негіздерге сүйенген болуы және шарт. Бұл 
айтылғандар – баршаға аян жалпы әңгіме. Енді бүгінгі қазақ 
емлесі жайында нақты әңгімеге көшсек.
Қазіргі емле ережелерінің қысқаша тарихына көз жіберсек, 
оның іргесі 1940 жылы кириллицаға (халық тілімен айтсақ
«орыс жазуына») көшкен кезде қаланды. Қазақ тілі емлесінің 
осы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15-16 жылдық 
тәжірибеден кейін кем-кетігі ескеріліп, едәуір реттелген нұсқасы 
1957 жылы ұсынылып, заңдастырылды. «Заңдастырылды» 
дегеніміз ресми түрде үкімет қаулысымен бекітілді. Еуропа 
елдері мен қытай, үнді, жапон сияқты халықтардың, жүздеген, 
тіпті кейбіреуінде мыңдаған жылдарға созылған жазу үрдісі 
бар халықтардың дұрыс жазу қағидаларын Үкімет тарапынан 
бекітіп, көпшілікті соған бағынуға міндеттеу шарт та болмас. 
Бұларда дәстүр факторы өз-өзінен қызмет етіп жатады. Ал 
1940 жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш 
түрлі: Ахмет Байтұрсынов түзген қазақтың тұңғыш ұлттық жа-


182
зуы – араб таңбаларын, одан кейін он шақты жыл (1929-1940) 
қолданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап қабылданған 
кириллицаны пайдалануға мәжбүр болған қазақ сияқты 
халықтың әр жазудың емлесінде дәстүрі қалыптасып, орнығып 
үлгермеді, сондықтан әркім бұрынғы жазудың тәртібін сақтап, 
ала-құлалық туғызуы әбден ықтимал еді, сол себептен 1940 
жылы жаңа «орыс» жазуына көшкендегі емле ережелері де, 
1957 жылғы оның қырналған, біршама түзетілген жаңа редак-
циясы да ресми Үкімет тарапынан арнайы қаулымен бекітілген 
болатын.
Емле немесе сауатты жазу нормалары да ең бір «көпші-
лікқолды», «талқыға түскіш» құбылыс болғандықтан, үнемі 
түзету, қырнау, толықтыру, қысқасы, неғұрлым жетілдіре түсу 
процесін басынан кешіреді. Қазақ тілі емлесі де бұдан шет 
қалмады. Тағы да әрі қарай жазу тәжірибеміз көрсеткендей 
әрі енді жазу мәдениетіне де көңіл бөліне бастағандықтан, 
сауаттылықтың тетігін ғылыми негізге сүйеніп табу әрекеті 
қолға алына бастағандықтан, 1983 жылы қазақ емле ережелері 
кодексінің біраз түзетулер мен өзгерістер енгізілген жаңа 
редакциясы ұсынылды. Бұл соңғы нұсқа да заң жүзінде 
қабылданды: 1983 жылы 23 тамызда Қазақ ССР Жоғарғы Советі 
Президиумының Указымен (сол кездегі терминдер мен атау-
ларды сақтап келтіріп отырмыз) бекітілді және бұл қаулыда: 
«Министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, ведомстволарға, 
газет-журнал редакцияларына, баспаларға, ғылыми-зерттеу 
мекемелеріне, оқу орындарына қазақ тілі орфографиясының 
осы негізгі ережелері жарияланған күннен бастап оларды жазу 
практикасында алу міндеттеледі», – деп жазылды.
Дәл бүгінге дейінгі қолданып отырған сауатты жазу әре-
кетіміз осы қаулыға бағынып келе жатыр. Қоғам өмірінде небір 
күрделі де зор әлеуметтік-саяси өзгерістер болып жатқанымен, 
сауатты жазуға қойылатын талаптар түбегейлі өзгеріске 
ұшырамауға тиіс болып келеді. Әңгіме тек ресми заң күшінде 
емес, заң болсын-болмасын, қабылданған ережелерді (тәртіпті, 
заңдарды т.т.) орындап отыруға қалың жұртшылық өзін-өзі 
міндеттемесе, ол ережелерді әркім өзінше бұра тартып өзгеше 
қолданып жатса, ол – мәдениетті жұрттың, көзі ашық, жаппай 
сауатты елдің нышаны емес. Сондықтан да болар, күнделікті 


183
баспасөздің басым көпшілігі, оқу-ағарту орындары: мектептер 
мен институт, университеттер, ресми мекемелер күнделікті 
жазу тәжірибесінде қазақ тілінің 1983 жылғы соңғы бекітілген 
емле ережелерін, негізінен, ұстанып отыр.
Әрине, қазақ емлесінің сан рет қырналған, түзетілген, 
толықтырылған ең соңғы нұсқасында ешбір ақау жоқ, ойла-
натын тұстары мүлде аз деуге болмайды. Тілдің көмекшісі 
– жазу да – таңба талдаудан бастап, дұрыс жазу тәртіптеріне 
дейін уақыт өткен сайын жаңарып, жақсарып отыруы – табиғи 
құбылыс. Жаңа графикаға көшкен 60 жылдың ішіндегі дұрыс 
жазу заңдылықтары сөз болып отырған қазақ тілі түгіл, 
санғасырлық орыс емлесінің де бірнеше онжылдық өткен сай-
ын кейде көп, кейде аз өзгерістер, түзетулер енгізіп отырғанын 
білеміз.
Орфографиялық нормалардың дұрыс көрсетілуі мен олар-
дың берік орнығуына тек емле ережелерінің дұрыс-бұрысы 
емес, сол ережелер қамтитын тілдік құбылыстың дәл, анық 
танылмауында, ғылыми негізде оның сыр-сипатының дәлел-
денбеуінде. Мысалы, емле ережесі бойынша «Біріккен сөздер 
бірге (немесе қосылып) жазылады» деген бап бар. Ереже бабы 
айқын, анық айтылған. Ал бірақ бөлек және бірге жазылатын 
сөздер – қазақ емлесіндегі ең бір қатесі көп, қайшылығы мол, 
қиын бөлік болып отыр. Бұл жерде «кінә» – емле ережесінде 
емес, сөз табиғатын танытатын лексиколог мамандардың 
таным-түсінігінде, дәлірек айтсақ, сол таным- түсініктің 
саяздығында, дәлелсіздігінде.
Қазақ тілінде, өзге де түркі тілдері сияқты, күрделі сөз 
дегендер болады. Олар екі, кейде одан көп сөзден құралып, 
бір мағынаны білдіреді. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет