1983, 2-басылымы – 1995) атты құралымыз жарық көрді.
Бірақ бұл іс-әрекеттер теңізге құйылған тамшыдай ғана. Бұл
орай-да балабақшалардан, мектептерден бастап, мұғалімдер
мен журналистерді, сондай-ақ өнер адамдарын: театр
актерлерін, әншілерді даярлайтын оқу орындарында сабақ
беріп, үйрететін практикалық жұмыстармен қоса, орфоэпия
проблемасының ғылыми-теориялық танымын арттыра түсетін
зерттеулерді жүргізе түсуге мейлінше ден қою қажет.
Бұл орайда орфоэпия нормаларына жазудың тигізетін
ықпалын айрықша ескеруге тура келеді. Бұл күнде орфоэ-пия
нормаларының жазудың құлдығына ұшырау қаупі бар. Дәлірек
айтсақ, бір жағынан, орфоэпия ережелерінің нормала-ну
процесінің әлсіздігінен, екінші жағынан, жазу дәстүріміздің
күшті дамуы салдарынан сөздер қалай жазылса, солай оқу (айту,
дыбыстау) салты етек алып бара жатқаны да, сөз басындағы
о, е
дыбыстарын айтуда орыс тілінің әсері байқалатындығы да тіл
мәдениетіне назар аударушыларды алаңдатады.
Достарыңызбен бөлісу: