Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет2/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
УДК 80/81
ББК 81.2
ISBN 978-601-7317-96-6 (Т.8)
© Сыздықова Р. , 2014
ISBN 978-601-7317-88-1
© «Ел-шежіре» ҚҚ., 2014


ТІЛДІК НОРМА ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚАЛЫПТАНУЫ (КОДИФИКАЦИЯСЫ)
3


АЛҒЫ СӨЗ
Қазақтың   бүгінгі   ұлттық   жазба   әдеби   тілінің   әлеуметтік
қызмет өрісі кеңейе түсті, функционалдық стильдері сара-ланып,
әрқайсысы   өзінің   белгілерімен   айқындалды,   қоғамға   қызмет
етуінің   ауызша   да,   жазбаша   да   түрі   жанданды.   Қазақ   тілінің
мемлекеттік тіл статусына ие болуы ұлттық сананы тәрбиелеуде,
ұлттық   намысты   қорғауда,   ұлттық   мәдениетті   көтеруде   үлкен
мәні  бар  факторға айналды.  Осылардың  барша-сы тілдің   өзіне
әлеумет назарын аудартып, оның дұрыс, жемісті қызмет етуіне
қойылатын талаптарды күшейтті. Солардың бірі
– «тіл мәдениеті» деген білім-ғылым тармағы дүниеге келді.
Енді қазақ тілі әлеуметтік қызметті құр атқарып қана қоймай,
дұрыс,   сындарлы,   мәдениетті   түрде   атқаруы   күн   тәртібіне
қойылды. Бұл – кезең талабы, қоғамның мәдени-рухани сұра-
ныстарының талабы.
Тіл мәдениетінің ең өзекті мәселесі – тілдік норма. Тілдік
норма және оның кодификациясы жеке зерттеу нысаны болып
тұңғыш   рет   әңгіме   етіліп   отыр.   Мұнда   тілдік   нормаға
анықтама   берілді,   оның   меже-белгілері,   түрлері   көрсетілді;
қазақ   әдеби   тілінің   нормативтік   негіздері   айқындалды,
қалыпқа   түскен   нормалардың   реттеліп,   жинақталып   хатқа
түсуі   (кодификаци-ясы),   оның   теориялық-практикалық
негіздері   әңгіме   болды.   Тілдік   нормадан   уәжді-уәжсіз
ауытқулар да тіл мәдениетіндегі күрделі де маңызды мәселе
деп қаралып, оның түрлері мен себептері көрсетілді.
Жұмыс  тек мамандарға  арналған   таза  ғылыми  моногра-фия
емес, ана тілін пайдаланушы қалың жұртшылыққа, оның ішінде
оқу-ағарту   саласындағы   мұғалімдер   мен   өзге   де   ұстаз-дарға,
бұқаралық   ақпарат   құралдары   қызметкерлеріне,   сөз   өнері
қайраткерлеріне   арналған   танымдық   құрал   ретінде   ұсы-нылып
отыр.   Мұнда   лексикалық,   грамматикалық,   орфогра-фиялық,
орфоэпиялық нормалар баптарға бөлініп, ереже түрін-
4


де  көрсетілмейді  (ондай құралдар емле  ережелері, сөз сазы
(сөзді дұрыс айту) тәртіптері және әр алуан сөздіктер болып
жарық көріп келеді), тілдің әр қабатындағы әдеби нормалары-
ның түрлері, қиын тұстары, назар аударатын сәттері сөз бола-
ды.
Тіл   мәдениеті   мәселелерімен   25-30   жылдан   бері   үзбей
айна-лысып,  емле  мен  тыныс  белгілеріне,  сөзді  дұрыс  айту
(дыбыс-тау) заңдылықтарына арналған бірнеше анықтамалық
құрал   мен   сөздіктер   ұсынып,   ондаған   көлемді   мақала
жариялап келе жатқандықтан, біз бұл жұмыста бұдан бұрын
жиналған ил-люстративтік материал-мысалдар мен айтылған
кейбір   пікір-лерімізді   ішінара   пайдаланып   отырдық.   Норма
тақырыптарына   қарай   кейбір   мысалдардың   қайталанып
кететін сәттерін де ес-кертеміз.
Бұл   шағын   жұмыста   қазіргі   қазақ   әдеби   тілінің   барлық
қаттауында   нормалануының   жай-күйі,   ондағы   проблемалар
толық баяндалды деп мәлімдеуден аулақпыз. Бұл саладағы із-
деністер енді жандана бастады. Таза ғылыми ізденіс болған-
дықтан, мұнда тіл білімінің көпшілік оқырманға бейтаныстау
терминдері   мен   шартты   таңбалары   кездесетіндігін   ескерте-
міз.  Бұл материалдың  осы  кітаптағы   «Орфографиялық  нор-
малар» деген тақырыпты терең түсінуге, емленің теориялық
негіздерімен кеңірек танысуға жәрдемдесері даусыз.
5


КІРІСПЕ
Ұлттық   жазба   әдеби   тіл   ретінде   бірсыпыра   дамыған,
функционалдық стильдерге тарамдалған, әр алуан нормала-ры
тұрақтала   түскен,   әлеуметтік   қызмет   өрісі   кеңейген,   мем-
лекеттік   тіл   статусына   ие   болған   бүгінгі   қазақ   тілінде   «тіл
мәдениеті» деген ғылым-таным саласы дүниеге келді. Қазіргі
кездегі тілдің әлеуметтік базасының өзгеруі және соған орай
тілге қатысты белгілі бір мақсат-мүдделі саясаттың жандануы
да тілдің барлық қырына, оның ішінде дұрыс қолданылуына
жұртшылық назарын арттырып отыр. Ал қоғам назарына ілік-
кен құбылыс білім-ғылым нысанасы да болып шығады.
Тіл білімінің бір тармағы болып саналатын «тіл мәдениеті»
көптеген   ғылыми-практикалық   проблемаларды   қамтиды.   Ол
тек тілдің қолданысындағы ағаттықтары мен жазудағы қате-
лерді   тауып,   көрсетіп   отыруды   ғана   көздемейді.   Тіл   қолда-
нысындағы   қателерді   көрсету   үшін   олардың   дұрыс   болуға
тиіс базасын тану қажет, демек, тілдік жүйені, ол жүйеге сай
қалыптасқан нормаларды айқындап алуы шарт. Сондай-ақ тіл
тіршілігінде тек сөздер ғана емес, дыбыстар, ол дыбыстардың
айтылу сазы дегендердің мәні зор, бүгінгі тілдердің қызметі
жазумен   қоян-қолтық   астарласып   жатыр,   бұл  күнде   тіл  жа-
зусыз   қызмет   ете   алмайды,   сондықтан   емле   мәселесі   де
«тілмәдениетін»,   яғни   жазуда   да   дұрыстықты,   жүйелілікті,
қолайлылықты талап етуі – заңды.
Тіл – тек қатынас құралы емес, ол эстетикалықта құрал. Тіл
адамдарға   бір-бірімен   түсінісіп   қою   үшін   ғана   емес,   әсемдік
дүниені сезіну үшін де қажет, демек, тіл арқылы бір-біріміз-ге
жақсы әсер ету де көзделетіндіктен, экспрессиясы күшті сөздерді
таңдау, сөйлемдерді әсерлі етіп құрастыру, яғни тілдік көріктеу
құралдарын   танып   дұрыс   жұмсау   да   тіл   мәдениетінің   бір
пұшпағын   құрайды.   Ал   бұлардың   барлығын   әңгіме   ету   тілдің
лексикология,   грамматика,   фонетика,   фонология   салала-рымен
астарласып   жатады,   жазу   таңбалары   –   графикаға,   жазу
тәртіптеріне (орфографияға) назар аудартады.
Тіл мәдениеті проблемалары отбасы тәрбиесімен, мектепте-гі
оқу   ісімен,   жалпы   әр   алуан   оқу-тәрбие   орындарының   нақты
жұмыстарымен тығыз байланысты болып келеді. Бұдан да
6


биіктеу қарасақ, тіл мәдениеті ұлттық әдеби тілдің әлеуметтік
базасының өзгеріске ұшырауына,  өзге тілдермен арақатына-
сына   да   тікелей   ұштасып   жатады.   Демек,   тіл   мәдениетін
әңгіме-леуде (талдауда, зерттеуде) «мынау – дұрыс, мынау –
бұрыс»   деп   қою   мүлде   жеткіліксіз,   сол   дұрыстық   пен
бұрыстықтың   негізін   табу  керек,   ол  негіздердің   бір-бірімен
сабақтастығын,   алдыңғы   кезеңдермен   іліктестігін   айқындау
керек.   Қысқасы,   ғылым   әлеміне   кештетіп   келген   «тіл
мәдениеті»  дегеннің  міндеті   мен  шаруасы   көп,   аумағы   кең,
шешімі қиын әрі күрделі екенін айтамыз.
Тіл мәдениетінің өзегі – норма туралы ұғым. Норма тілдің
жүйесі мен құрылымына иек артады. Тілдік жүйе дегеніміз
– тілде бар үлгілердің, қолданыс типтерінің (түрлерінің) бел-гілі
бір тәртіппен келуі, ал тілдік құрылым дегеніміз – осы жүйенің
іске   асқан   (көрінген)   материалдың   мүмкіндіктері.   Бұл   екеуін
бөлек-   бөлек   айырып   қарап   сөз   ететін   де,   айырмай,   бірінің
орнына   екіншісін   атай   беретін   де   зерттеушілер   бар.
Шындығында, тілдік құрылым – құлаққа естілетін, «отыз тіс-тен
шығатын»   деректі   ұғым   атауы,   ал   тілдік   жүйе   –   сол   «затты»
жасап тұрған дерексіз ұғым атауы деуге болады. Демек, тілдік
нормалардың «табан тірер» жері – тілдік құрылым екен де, тіл-
дік құрылымның «арқасүйері» – тілдік жүйе екен.
Тіл   элементтері:   дыбыс,   сөз,   сөйлем   қолданыста   тілдік
құрылымға иек артады, ал тілдік құрылым тілдік жүйеге не-
гізделеді. Орыс тіл білімпаздары бұл ретте үш сатыны атайды,
біріншісі – тілдік мүмкіндіктер жүйесі, екінші сатыда – осы
жүйенің материалдық көрінісі, тілдің құрылымы, үшінші са-
тыда – сол материалдың қолданысы. Осы жұмыстағы біздің
әңгімеміздің   мазмұны   тілдік   норма   теориясының   осы
танымы-нан шығады.
Тілдік  норманы   сөз  ету  үшін  бұл  саланың  терминдеріне
назар аударсақ.  Алдымен,  норма,  нормалану  (нормализация)
және  кодификация  терминдерін білдіретін ұғымдар  жөнінде
түсінік берелік. Норма – негізінен тілдің өзі ұсынған тәртіп,
нормалану   –   сол   тәртіптерді   тілдің   өзінің   қалыптастыруы.
Тілдің нормалануы мен ол нормалардың кодификациясы – бір
әрекет емес, соңғысы тіл процестеріне адамдардың араласуы,
7


яғни   тілдік   нормаларды   реттеу,   сұрыптау,   дұрысын   беркіту,
қалыптанғандарын   хатқа   тіркеу   сияқты   іс-әрекетті   білдіреді.
Кодификация – әдеби тілдің дамуына әлеумет тарапынан ықпал
жасау.   «Кодификация»   терминінің   қазақша   баламасын   табу
қиынға   соғып   келеді,   оны   бірде   «заңдастыру»,   тағы   бір-де
«қалыпқа   түсіру,   қалыптандыру»,   тіпті   одан   да   ықшамдап
«қалыптану»   деп   те   жүрміз.   Осы   еңбектің   өзінде   тақырыпты
баяндау барысында бірде кодификация бірде қалыптандырылу,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет