Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет27/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   151
тажал – дажал, саф  (алтын) –  сап  (алтын),  құбыла – қыбыла,
жүзік – түзік, езгі – ізгі, былай – бұлай, мұнда – бұнда сияқты
қатарлар мен  й/г,  й/ғ  дыбыстар сәйкестігі сияқты тілдік өз да-
муында пайда болған құбылыстың көне-жаңа варианттары да
(киіз – кигіз, жейде – жегде, иесі – егесі) түпкі әдеби норманы
61


анықтауда   кейде   оңай,   кейде   қиын   шешімдер   туғызып   келеді.
Бұлардың   басым   көпшілігі   И.Ұйықбаев
4
,   С.Бизақов
5
  сияқты
ғалымдардың арнайы жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде бір-
шама   жіктеліп   (классификацияланып),   нормативтік   әлеуеттері
(потенциалдары) айқындалып  қалды.  Ал енді бірқатарының әр
алуан  сөздіктерде, оқулықтарда көрсетіліп, баспасөз беттерінде
жиі қолданысы ескеріліп, әдеби норма деп танылуы – кодифи-
кациялануы   арқылы   әдеби   варианттары   едәуір   тұрақтана   бас-
тады  дей  аламыз.  Мысалы,  сопы,  құбыла,  жүзік,  саф  (алтын),
тұнық  (су),  таба  (ыдыс)  тәрізді   сөздердің   екінші   қатарлары
қолданыстан шығып барады дей аламыз. Ал енді айғай – айқай,
диірмен – тиірмен, мұнда – бұнда (мұны – бұны, мұндай –
бұндай т.т.), ізгі (ниет) – езгі сияқты қатарлардың екеуі де нор-
ма ретінде сөздіктерден орын алып келеді. Әрине, күндердің
күнінде   бұлардың   да   біреуі   тұрақтанып,   екіншісі
ығыстырылуы   сөзсіз.   Сірә,   мұндайда   қайсысы   жиірек
қолданылатыны сияқты статистиканың да рөлі болатын болар
немесе   сөздіктерде   біре-уі   ғана   көрсетіліп,   «күшпен»
тұрақтандырылатын болар, тіп-ті мұндай кейбір қатарлардың
әрқайсысына   қосымша   мағына   телініп,   олар   жеке-жеке   сөз
болып, «іске асып кетуі» және мүмкін.
Көпшілік қолданысына ие болу – нормалылықтың бір бел-гісі
деп   танылғанда,   мұны   тек   жоғарыдағыдай   лексика   сала-сынан
ғана   көріп   қоймаймыз,   семантикалық   қолданыстардан   да,
грамматикалық   амал-тәсілдерден   де,   стильдік   қызмет   түр-
лерінен де, орфоэпиялық тәжірибеден де табамыз. Мысалы, бір
алуан   сөздердің   тек   жағымсыз   не   жағымды   мағынада   ғана
(реңкте) қолданылатындығы, сондықтан өзіне қатысты сөздерді
таңдап   жұмсалатындығы   –   әдеби   норма.   Айталық,  арқасында
сөзі   жағымды   мағынадағы   тіркес   құрайды:  денсаулықтың
арқасында,   байлықтың   арқасында,  таланттың   арқасында,  ал
аурушаңдықтың   арқасында, 
жоқтықтың   арқасында,
дарынсыздықтың арқасында  деп айтылмайды,  ол әдеби  норма
түгіл,   жалпы   тілдік   нормаға   сыймайды.   Жоғарыда   да  айттық,
белшесінен батты, етек алды, тап болды деген фра-
4
 Ұйықбаев И. Қазақ тіліңдегі варианттылық проблемасы. - Алматы: 
Ғылым, 1976 .
5
 Бизақов С. Тілдік норма және варианттылық. - Алматы: Ғылым, 1997.
62


зеологизмдер  тек жағымсыз  мағынаны  білдіреді,  сондықтан
олар жағымды мағыналы сөздермен тіркеспейді. Мысалы,
қамқорлық етек алды, қуанышқа тап болды, байлыққа бел-
шесінен батты  сияқты қолданыстар мүлде дұрыс емес  (соңғы
мысалдар   тіл   қамқоршысы   –   Қабышевтың   мақаласынан
алынды).   Сол   сияқты   көптеген   етістіктер   тек   қана   болымсыз
тұлғада жұмсалады, оларды болымды тұлғасы жоқ деуге бола-
ды. Мысалы, бет қалмады ( «ұятты болды»), бет бақтырмады
(«сөйлетпеді,   жауап   бергізбеді»),
 бет   бұрдырмады
(«мүмкіндік   бермеді»),  бетіне   жан   келтірмеді  деген
тіркестердің бет қалды, бет бақтырды, бет бұрдырды, бетіне
жан келтірді деген жағымды сынарлары жоқ.
Грамматика   саласына   келсек,   бағындырушы   мүше   мен
бағынушы   мүшенің   орын   тәртібі   ежелден   тілдің   өзінде
қалып-тасқан:   бастауыш   баяндауыштан,   анықтауыш
толықтауыш,   пысықтауыш   өздеріне   қатысты   сөйлем
мүшесінен,   көбінесе   баяндауыштан   (не   етістік   түбірінен
жасалған өзге мүшелер-ден), меңгерілетін сөз меңгерушіден


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет