пе, келді емес пе деген құрылым жиі көріне бастады.Әрине,
көп уақытқа дейін мұның екі варианты да жарыса қолданыла
береді, бірақ соңғысын нормадан тыс қолданыс деп сызып
тастай алмаймыз, өйткені оның грамматикалық мағынасы,
қызметі, түсініктілігі алдыңғы вариантпен бірдей, жасалуында
да тілдік жүйеден ауытқу жоқ.
Жалпы әдеби тілдік кейбір норманың өзгеріп, дәлірек
айтсақ, бірте-бірте ығысып, жаңаларының әлеумет тарапынан
қолдау табуы әсіресе сөзжасам саласында көзге түседі. Жаңа
сөз тудыру, яғни сөзжасам құбылысының активтенуі – бүгінгі
тіліміздің талабы, ал тіл ол талапты қазіргі өмірдің, қоғамның,
76
мәдениет, ғылым, техниканың даму тоқпағы туғызып отыр.
Бұған норма болып келген кейбір сөз тудырушы жұрнақтардың (-