са,
құлағында
құрбақа ойнар» деген мақал
қ дыбысынан ба-
сталатын сөздерді шоғырлап, белгілі әсер беріп тұр. «
Көппен
көрген ұлы той»
деген мәтелді
елмен көрген, жұртпен
көрген, халықпен көрген деп ауыстырып айтуға болмайды,
өйткені мұнда
көппен көрген деген сөздер аллитерацияны
пайдаланғандықтан, құлаққа жағымды, айтуға жеңіл, еске
сақтауға қолайлы мәтел болып тұр.
Қазақтың атақты билерінің сөздері көбінесе аллитерация-
лы болып келеді. Мысалы, «Төле би айтыпты» деген
сөздерден: «
Батыр деген –
барақ ит, екі долы қатынның
бірі
табады,
би деген –
бір
бұлақ, қатынның ілуде
бірі табады»
деген шешендікте
батыр, би деген сөздеріне
б дыбысынан
бастала-тын
барақ, бұлақ деген теңеулер алынған.
Осы құбылыс дауысты дыбыстарға қатысты болып келсе,
ассонанс деп аталады. Бұл да қазақ тілінде орын алады. Бұған
классикалық мысал ретінде Махамбеттің атақты «Ереуіл атқа
ер салмай» деп басталатын өлеңін келтіруге болады. Мұнда
өлеңнің әрбір тармағы
е дыбысынан басталатын сөзбен келеді.
Сондай-ақ ақындар өлеңнің бір жолында біркелкі дауыстыдан
басталатын сөздерді алу арқылы да ассонанс тәсілін
қолданады. Мысалы, Фариза Оңғарсынованың:
Достарыңызбен бөлісу: