Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


СӨЗ САЗЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН ИГЕРУДЕ ЕСКЕРІЛЕТІН



Pdf көрінісі
бет113/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   151
СӨЗ САЗЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН ИГЕРУДЕ ЕСКЕРІЛЕТІН
ЖАЙТТАР
Қазақ тілінде сөздерді дұрыс айтудың (дыбыстаудың)  не-
гізгі-негізгі заңдылықтарын, яғни сөз сазы ережелерін саралап
көрсетпес бұрын, осы қағидаларды жақсы түсініп, дұрыс иге-
руге қатысты бірқатар жайттарды әңгімелеу қажет. Олардың
бірі – сөйлеу үстінде сөздердің екіден-үштен топтасып, бір де-
ммен айтылатындығы.
Сөйлеу   актісінде   айтылуы   жағынан   сөздердің   бір-біріне
ететін   ықпалы,   дыбыстық   өзгерістері   бір   деммен   топтасқан
сөздердің
111
  ара-жігінде  және  өн бойларында  пайда  болады.
Сондықтан,   ең   алдымен,   «бір   деммен   топтасқан   сөздер»
дегеніміз   не,   яғни   сөздер   қандай   жағдайда   бір   деммен,   бір
ырғақпен,   бір   ритмикаға   топтасып   айтылатындығын   біліп
алған жөн. Өйткені  сөйлеу барысында  қатар  айтылатын  кез
келген   сөздер   бір-біріне   әсер   етіп,   дыбыстық   өзгерістерге
ұшыратпайды, белгілі бір тіл заңдылығымен ғана топтасатын
сөздердің   аралығында   немесе   өн   бойларында   фонетикалық
құбылулар пайда болады.
Қазақ тілінде сөйлем ішіндегі сөздер дауыс ырғағы жағынан
әрқайсысы   бөлек-бөлек   айтыла   бермейді,   көбінесе   екі-екіден
немесе   екі-үштен   бір   ырғақты   топ   құрап,   бір   деммен   үндесіп,
үйлесіп айтылады. Мысалы, анықтауыш пен анықталатын сөздер
бір ырғақпен жымдасып, дыбыстары бір-біріне ықпалын тигізіп
айтылады: айдыңгөл (жазылуы: айдын көл), сұлұуғыз (сұлу қыз),
қарөлең (қара өлең), ағайдын (ақ айдын), саратан
(сары атан).  Сол сияқты екі сөзден тұратын күрделі етістік-
тер   де   бір   ырғақты   топ   құрайды:  келеғалды(жазылуы:  келе
қалды), алалмады (ала алмады), жетіппарды (жетіп барды),
қолғойдұ (қол  қойды).  Бұл айтылғандарға  мәтін арқылы мысал
берелік. Мысалды жазуда әр топтың жігін бір тік сызықшамен,
сөйлем   аяқталып,   толық   тыныс   (пауза)   болған   жерді   қос   тік
сызықшамен (ажыратып көрсеттік,  демек,  бір тік сызықшаның
ішінде тұрған сөздер ырғақты бір топ болып саналады. Топ
құрайтын сөздер шартты түрде қосылып жазылып, дыбысталу
қалпы транскрипцияланып көрсетілді. Мысалы:
11
  «Сөз   сазы»   орфоэпиялық   ережелерді   ұсынған   («Ғылым»   баспасы,   1983)
анықтағыш   құралда   бұларды   «ритмикалык   топ   »   деп   «   орысшалау»   атаған
болатынбыз. Енді «қазақшалап» «ырғақтык топ» деп атағанды жөн таптық.
242


Құйрұғұжоқ / жалыжоқ/ 
Құлаңғайтып / күңгөрөр // 
Айағыжоқ /қолұжоқ/ 
Жылаң ғайтып / күңгөрөр //
«Асанқайғы толғауынан» деп айтылып жүрген бұл 
сөздердің жазылуы:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ
Құлан қайтіп күн көрер. 
Аяғы жоқ, қолы жоқ 
Жылан қайтіп күн көрер.
Прозаға   қарағанда,   өлең   тіркестеріндегі   сөздердің   топта-
рын ажырату оңайырақ, өйткені өлеңнің өзі ырғаққа құрыла-
тындықтан,   ондағы   сөздердің   топтасуы   өз-өзінен   шығып
тұрады,   оның   үстіне   бұған   әр   тармақтың   ара-жігі,   ұйқас
деген-дер де көмектеседі.
Қара сөзбен келген текстерде де сөздер топтарға жіктеліп
айтылады.   Мысалы,   «Қарагөз»   драмасындағы   Сырымның
мына монологіндегі сөздер былайша топтасады:
Қырықкүн   //   қаралығайғымен   /   жылаумен   /
кырықкүнөттү   //   алдағашан   /   өлөрмін   /   итөмүрден   /
кетермін   /   дебедім   //   әлігүнгө   /   менарсыз   /   тірімін   //
кімдігүтөм / нені / медеуғылам / нетілеймін //.
Бұл текстің жазудағы түрі: Қырық күн! Қаралы қайғымен,
жылаумен   қырық  күн  өтті.  Әлдеқашан  өлермін,   ит өмірден
кетермін деп едім. Әлі күнге мен арсыз тірімін! Кімді күтем,
нені медеу қылам, не тілеймін ?
Ырғақтық-мелодикалық   топтардың   ара-жігінде   әрдайым
айқын сезінерліктей дауыс кідірісі (пауза) бола бермейді, анық
пауза   көбінесе   сөйлемнің   соңында,   бірыңғай   мүшелердің
арасында,   оңашаланған   не   айқындалған   мүшелердің   айтылу-
ында,   тағы   сол   сияқты   синтаксистік   жіктердің   аралығында
болады.   Мысалы,   жоғарғы   тексті   терең   паузаларға   қарай
ажыратсақ,   былайша   белгіленер   еді!   (бұл   жерде   паузалардың
ара-жігіне   үш   тік   сызықша   қойылды):   Қырықкүн   ///   қаралы
қайғымен /// жылаумен қырықкүн өттү /// алдағашан өлөрмін ///
ит өмүрден кетермін дебемім /// әлігүнгө /// менарсыз /// тірімін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет