Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


н дыбысына аяқталса, келесісі  б,  п



Pdf көрінісі
бет125/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda


§ 7. Бір ырғақты топқа енетін сыңарлардың алдыңғысы  н
дыбысына аяқталса, келесісі  б,  п  дыбыстарынан басталса,  н
дыбысы  м  болып айтылады. Бұл заң түбір мен қосымшаның
аралығында да болады.
Мысалы,  сен   бе   едің,  Құрманбек,  Дүйсенбай,  Жанпейіс,
күнбатыс,  күнбағар,   жылан   бауыр  (трактор)  деген сөздер
сембедің, Құрмамбек, Дүйсембай, Жампейіс, күмбатыс,
күмбағар, жыламбауыр болып айтылады. Кейбір адам аттары
айтылуынша жазылып жүр: Жампейіс, Бейсембай.
§
8. Бір ырғақтық топтағы компоненттердің алғашқысы с, т, қ,
к, п, ш деген қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталса, келесісі
б дыбысынан басталса,  б  дыбысы қатаң  п-ға жуықтау болып
айтылады: тас бұлақ (айтылуы: таспұлақ), Сәтбай (Сәтпай),
ақ   берен   (ақперен),   айтып   берді   (айтыпперді),   кеш   бойы
(кешпойұ).
Осы   ережені   және   алдыңғыларын   ескеріп,   мына   халық
өлеңдерін дұрыс айтып көріңдер. Ырғақтық топтарға бөліңдер
және дыбыстары өзгеріп айтылған сөздерді көрсетіңдер.
Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген, 
Қыз қайда құдашадай көзі күлген? 
Алыстан ат арытып келгеніңде, 
Шақыртпай еш адамға, өзі келген.
Баянауыл басында балалы құр, Бір сөз 
айтам, қалқатай, мойныңды бұр. 
Аулыңның тұсынан аттанғанда, Ақ боз 
үйге сүйеніп қара да тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет