Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


§ 9. Орыс тілінен енген сөздердің соңында келетін ұяң б, в



Pdf көрінісі
бет126/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

§ 9. Орыс тілінен енген сөздердің соңында келетін ұяң б, в,
г,  д  дыбыстары   айтылуда   қатаң  п,   ф,   к,   т  болып   естіледі.
Фами-лия соңындағы -ов, -ев  жұрнақтары да  оф, еф,  ыф,  іф
болып айтылады.
Мысалы:  клуп  (клуб),  педагок  (педагог),  устаф  (устав),
Иваноф (Иванов), Жұмашыф (Жұмашев). Бұл сөздердің ды-
быстары қатаң естілетін болғандықтан, қатаң дауыссыздан ба-
сталатын қосымшалар жалғанады. Мысалы: наградтау (айты-
262


луы: награттау), клубқа (клупқа), Ивановтар (Иванофтар).
Араб,   парсы   тілдерінен   енген  жад,  араб   тәрізді  бірен-саран
сөздер де  жат,  арап  болып айтылады, бұларға да қатаң дыбы-
стан   басталатын   қосымшалар   жалғанады:  жадқа   айтты  (жа-
зылуы да, айтылуы да: жатқа), арабтар (айтылуда: араптар).
§10. Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ, ү, о,
ө дыбыстары және екі дауыстының ортасында келген у дыбысы
(тауық,  бауыр  сияқты   сөздерде)   келесі   буындағы  ы,  і
дыбыстарын   өзгертіп,  ұ,   ү-лерге   жуықтатып   естіртеді  (ашық
буын дегеніміз –  құ-,  кү-,  қо-,  бұ,  бү-  сияқты дауысты дыбысқа
бітетін   буындар).   Мысалы,  құ-лын,  бү-гін,  о-рын,  кү-ліп,  ө-мір
деген сөздер кұлұн, бүгүн, орұн, күлүп, өмүр болып айтыла-
ды. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындар-
да біртіндеп әлсірей береді. Мысалы,  күмістің  деген сөздің
екінші буыны ү-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буында
і-ге жуықтау айтылады: күмүстің.
Сол   сияқты   сөздің   басындағы   немесе   бірінші   ашық
буындағы  ө,  ү  дыбыстары келесі буындағы  е  дыбысын өзіне
жуықтатыңқырап   естіртеді,   бұл   әсердің   де   күші   үшінші,
төртінші буындарда әлсірей түседі. Мысалы: өнер, кө-ре-ді,
ө-сер,   кө-бе-лек,   жү-рек,   кү-рек  деген   сөздер  өнөр,   көрөді,
көбөлек, жүрөк, күрөк болып айтылады.
Қазіргі   кезде   бұл   сияқты   ерін   үндестігі   байқалатын
сөздерді жазылуынша оқу орын алып барады, әсіресе екінші
буындағы  е  дыбысын  э  етіп,  өнэр,   үлэс,   өрэн  түрінде
айтушылық байқалады, бұл – әрине, қате.
Осы   ережеге   сай   етіп,   мына   шумақтарды   дұрыс   айтып
көрелік:
Жігітке / өлеңдөнөр / өнөрдөнөр // 
Шынжүйрүк / өргөшапса / өршөлөнер //
(Халық өлеңі)
Қазақтың / өзгөжұрттан / сөзү / 
ұзұн / Бірінің / бірішапшаң / 
ұқпассөзүн // Көздүңжасы / жүрөктің
/ қаныменен / Ерітуге / болмайды / 
ішкімұзұн //
(Абай)
Бірінші буын бітеу не тұйық болса (бітеу буын дауысты 
мен дауыссыздан тұрады: өр, ұр, ұл, үс, өс деген сияқты, ал
263


тұйық буынның  алды-арты бірдей дауыссызға бітеді:  қол,  көр,
көз, түн дегендей) келесі буындағы ы, і, е дыбыстарының ұ, ү,
ө-ге   қарай   бейімделуі   сәл   бәсеңдеу   болады,  дегенмен   таза
өздерінің дыбысталуын да сақтамайды. Мысалы, қолтық,
қойдыр, құлдық, көркем, көзде, бөрте сияқты сөздердің екінші
буындарындағы ы, і, е дыбыстарының езулік болып айтылуы
сәл солғындау (күмүсөнөр дегендерге қарағанда).
Осы ережелерге және бұдан басқа көрсетілгендеріне орай
етіп,   мына   үзінділерді   дұрыс   оқып   және   жазып   көріңдер.
Соңғы ережеге сай дыбыстары үндесіп айтылатын сөздердің
астын сызыңдар не атаңдар.
...Өсер...өсер...не өсер? Тек зұлымдық өсер нөсер болып се-
нен!
Сор өсер, ар өшер!... Өскенде тек зар өсер сенің лағынет
табаның астында! (М. Әуезов).
Қ а р а б а й. Құтылдым ба, құтылмадым ба? Көзім көрмес,
қолым жетпес жерге кеттің бе, кетпедің бе?! Қараң батып бол-
ды ма, болмады ма? Уа, қайда әлгі қатын-баласы? Жық үйді,
арт жүкті! Айдат жылқыны! (Ғ.Мүсірепов).
Бүгін сүйсем, сені алсам – ертең 
жалқып, Суып қайтар көнілім желше 
шалқып, Қуантып, қайғыменен 
суалтамын Біреудің қызыл гүлін тұрған 
балқып, Құдайдың толып жатыр күні 
бүгін, Жігіттің тани алмай кемшілігін.
Бір алып қадірлемей, тастап кеткен 
Тартып жүр қиянатшыл ер күйігін.
(Абай)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет