Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет34/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

у,  -ушы,   -ыс  т.т.)   пассивтенуі,   оның   орнына   бұрын   сирек
қолданылатын өзгелерінің (-ым, -л+ым  т.б.) активтену неме-се
екі тұлғаны біріктіріп, жаңа семантикалық бірлік туғызу сияқты
құбылыстар   мысал   бола   алады.   Бұлардың   барлығы   –   тілдің
құрылымдық   нормаларына   қатысты   әңгіме.   Ал   нормаға
келгенде,   жоғарыда   айттық,   құрылымдық   жалпы   тілдік   әдеби
нормамен бірге, көркем әдеби нормалар жеке сөз болуға тиіс.
Алдымен, «қазақ әдеби тілінің ұлттық белгілері қандай?»
дегенге назар аударсақ. Өзге халықтардың мейлінше дамыған
ұлттық   тілдері   сияқты,   қазақ   тілінің   де   әдеби   тіл   ретінде
қалыптасып,   әрі   қарай   дамыған   және   жетіле   түскен   тілінің
ұлттық сипат алғаны – заңды құбылыс. Әр халықтың ұлттық
тілі дегеннен кейін, олардың бір- бірінен азды-көпті айы-рым
белгілері,   яғни   өзіне   тән   заңдылықтары   болмағы   бел-гілі.
Қазіргі қазақ тілінің ұлттық белгілері туралы бұрынды-соңды
ешбір зерттеуші арнайы қарастырып әңгіме еткен емес. 1990
жылдарда   біз   әдеби   тіліміздің   тарихына   және   көркем
әдебиетіміздің   тілін   тануға   арналған   еңбектерімізде   азын-
аулақ сөз ете бастаған болатынбыз
7
. Мұнда шамамен мынадай
бел-гілерді атадық:
1) қазақ   әдеби   тілі   басын   аса   бай   ауыз   әдебиет   тілі   мен
ауыз-ша туып, ауызша тараған ақын-жыраулар поэзиясы және
ше-шендік   қара   сөз   үлгілері   тілінен   алған   ұзақ   дәстүрлі,
бірнеше ғасырлық тіл екендігі;
2) аса бейнелі (образды) көркем тіл екендігі, яғни бей-нелі
фразеологизмдердің,   синонимдік   қатарлардың   молдығы,
тілдік   бірліктердің   көріктеу   құралдары   болу   әлеуетінің
(потенциалының) күштілігі;
3) лексикалық қазынасы өте бай тіл екендігі;
Сөз байлығы тек оның санымен өлшенбейтіндігі, лексика-лық
мүмкіндіктерінің   молдығынан   көрінетіндігі   белгілі;   қазақ
лексикасының   тарихи   бейтарап   (нейтралдық)   қабатының   өзі
ақпараттың   қай   түрін   беруде   де   мұқтаждықты   өтей   алатын
дәрежеде   екендігі,   бұған   лексикалық   топтардың   стильдік   қыз-
метпен, ассоциациямен келетін қолданыстарына жиі иек артуы
сияқты амал-тәсілдер қосылғанда, ана тіліміздің атауыштық
7
 Сыздық Р. Сөз құдіреті. - Алматы: Санат, 1997. - 191-192-б.
77


қазынасының   орасан   зор   байлығын,   ол   байлықтың   көркем
әдеби нормалардың ұлттық көрінісі болып танылатындығын
айтуға   болады.   Халықтық   терминология   деп   аталатын   ата-
улар   топтары   сол   халықтың   дүниетанымымен,   табиғатпен
қарым-қатынасымен, әр нәрсені, әр құбылысты бағалауыштық
сезімталдығымен тығыз байланысты болып келеді. Қазақтар
– табиғатты жақсы білген, табиғатпен етене өмір кешіп келген
халық, ал табиғат адамды дәлдікке, қарама-қарсы полюстерді
дөп басуға, әр заттың, әр құбылыстың нәзік қырларын ажыра-
тып отыруға мәжбүр етеді, осының нәтижесінде қазақ тілінде
жеке атаулар молайған, синонимдер қатары көбейген, әсіресе
сындық таным аттары: сын есімдер мен үстеулердің жарыспа
қатарлары – синонимдер, қайшы қатарлары – омонимдер мен
болымды-болымсыз   тұлғалар   қазақ   тілінің   лексикалық
қазынасының аса бай екендігін көрсетсе, ол байлық ұлттық
белгісінің бірі болып танылады.
4) Сөздік   құрамды   толықтыруда   лексикалық-грамматикалық
мүкіндіктері   күшті   дамыған   тіл   екендігі,   яғни   сөз   жасау
тәсілдерінің икемділігі, өзге тілдерден сөз қабылдау қабілетінің
күштілігі, семантикалық құрылымдарға бейімділігі – қазақ әдеби
тілінің ұлттық белгісінің бірінен саналады.
5) Қазақ   халқы   мекендеген   ұлан-ғайыр   территорияның
барлық   аймағына   ортақтық   сипатының   күштілігі,   яғни
диалек-тілік ерекшеліктердің әлсіз, аз болып келгендігі.
Қазақ   көркем   әдеби   тілінің   ұлттық   сипаты   негізінен   осы
көрсетілген   белгілерден   шығады,   оның   нормалары   осын-дай
ұлттық   сипатына   үндесе   қалыптасқан.   Әрине,   мұндай
белгілердің   бірқатары   өзге   тілдердің   де   ұлттық   сипатын   та-
нытады,   айталық,   сөздік   қазынаның   байлығы,   сөз   құбылту
икемділігі,   бейнелі   бірліктердің   молдығы,   әдеби   дәстүрдің
ұзақтығы   сияқты   белгілер   көптеген   тілдердің   ұлттық   нышан-
дары   болып   келеді.   Қазақ   көркем   тіліне   келсек,   оның   бастау
көздері   диалектілік   ерекшеліктерге   бөлінуден   жоғары   тұруы,
ауызша   дамыған   авторлы   әдебиеттің,   оның   тек   поэзия   жанры
ғана емес, ауызша әңгімелеу, баяндау сияқты проза жанрының да
белгілі рөл атқарып келгендігі,  көркем сөздің «шешен-дік сөз»
деп аталатын авторсыз (фольклорлық) және авторлы түрінің де
орасан зор ықпал етіп келгендігі – осылар, қазақ
78


тілінің   өзге   тілдерден   бөлекше   келетін   ұлттық   белгілері.
Аталған белгілердің толық еместігін және бұл – арнайы зерт-
теген ізденістің тұжырымы еместігін ескертеміз. Ұсынылған
пікірдің жалпылық сипатын да мойындаймыз.
Тіліміздің жалпы құрылымдық нормаларымен қатар, көр-
кемдік-эстетикалық заңдылықтарын (нормаларын) қалыптас-
тыратын, беркітетін, әрі қарай ұластыратын, қалың жұртшы-
лыққа   ана   тілінің   байлығы   мен   әсемдігін   танытатын,   сол
байлық   пен   әсемдікті   дұрыс   пайдалана   білуге   тәрбиелейтін
құралдың бірі – көркем әдебиет. Демек, қазақ тілі мәдениетін
көтеруде қазіргі кезеңдегі көркем әдебиет стилінің орны, рөлі,
қызметі ерекше.
Көркем   әдебиет   –   өнер   туындысының   бірі   сөз   өнерінің
құралы, шеберлік дүкені («дүкен» дегенді ұстахана, шеберхана,
мастерская мағынасында жұмсап отырмыз). Көркем шығарма
–   өнер   ескерткіші   болғандықтан,   бір   жағынан,   сол   өнерді
сомдайтын   ұстаның:   жазушының,   ақынның,   публицистің,
драматургтің шеберлігін сөз ету керек болса, екінші жағынан,
көркемсөз   иелері   әдеби   тіл   нормаларын   белгілеуші,   жетіл-
діруші,   сақтаушы   болғандықтан,   олардың   бұл   нормаларды
ұстануы   немесе   олардан   ауытқуы   тұрғысынан   да   әңгіме
болуы   тиіс.   Лингвостилистика   және   тіл   мәдениеті   деп
танылатын   бұл   екі   саланың   екеуінің   де   зерттеу  нәтижелері
белгілі   кезеңдегі,   айталық   қазіргі,   қазақ   көркем   әдебиет
тілінің   жалпы   әдеби   тілдің   даму   бағытымен,   даму
принциптерімен   өлшенетіндігін   көрсетеді.   Сондықтан   бұл
орайда   қай   тұрғыдан   болса   да,   сөз   болатын   тіл   мәселесі,
сайып келгенде, тілдік нормаға барып тіреледі.
Қазақтың   көркем   әдебиеті   стилінің   жалпы   нормаларын   сөз
етумен   қатар,   бұл   әдебиеттің   өз   ішінен   проза,   поэзия,   драма-
тургия деп бөлінетінің де ескеріп, әрқайсысының стильдік бел-
гілеріне   орай   тілдік   нормаларын   талдап-тану   қажет.  Айталық,
көркем   әдебиеттің   проза   жанры   –   өзгелеріне   қарағанда,
әлдеқайда   кең   ауқымды,   яғни   тілдің   барлық   функционалдық
стильдерінің   элементтерін   пайдалана   алады,   онда   «стильдік
тұйықтылық» деген болмайды, ол – «көп қырлы» стиль. Поэ-зия
тілі – көркемдіктің қоймасы болғандықтан, онда өзіне тән, тілдік
құралдарды таңдап жұмсау принциптері бар, өлең тілі
79


–   поэтикалық   сөз   өрнегіне,   сол   өрнекті   жасайтын   тәсілдерге
жиірек   барады.   Сөздің,   грамматикалық   тұлғаның,   синтаксистік
құрылымның экспрессиясы күштілерін таңдайды. Бұл таңдаулар
тосын, жалпы тілдік нормаға сыя бермейтін элементтерді қажет
етеді.   Поэтикалық   норма   өз   алдына   басқаша   дүниелерден
тұрады.   Драматургия   дегеніміз   –   көбінесе   адамдардың   өзара
сөйлесуінен   жасалатындықтан,   ауызекі   сөйлеу   тілінің   норма-
ларын   ұстануға   бейім   келеді,   демек,   мұндағы   көркем   тілдік
нормалар   проза   мен   поэзия   жанрынан   өзгеше   болып   келеді.
Сонымен қатар бұл үш жанрдың нормалары бір-біріне ауы-сып,
ұласып та келетін тұстарын жоққа шығаруға болмайды. Мысалы,
қазақ драматургиясында ақ өлеңмен немесе тіп-ті кәдімгі өлең
үлгісімен   жазылған   шығармалар   баршылық.   Мысалы,   Ғабит
Мүсіреповтің   «Ақан   сері-Ақтоқты»,   «Қозы   Көрпеш-Баянсұлу»
пьесалары,   Мұхтар   Әуезовтің   «Қарагөзі»,   «Қарақыпшақ
Қобыландысы»,   Тахауи   Ахтановтың   «Ант»,   Қалихан
Бекхожиннің   «Ұлан   асу»,   Әбіш   Кекілбаевтың   «Абы-лай   хан»,
Софы   Сыматаевтың   драмаларының   кейіпкерлерінің   тілі   –
күнделікті   ауызекі   сөйлеу   тілінің   әдеби   үлгісі   емес,   нағыз
поэтикалық толғаныстар мен ерекше ұсынылған репликалар бо-
лып келетіндігін білеміз. Демек, бұл драмалық шығармалардың
тілдік нормалары поэзияның нормаларымен үндесіп жатады. Сол
сияқты көркем прозадағы кейіпкерлердің тілінен ауызекі сөйлеу
тілінің нормаларын танимыз. Осылардың баршасы
–   көркем   әдебиет   стилінің   тілдік-стильдік   нормалары   деген
тұтас тақырыпты атауға мүмкіндік береді.
Тілдік нормаларды функционалдық стильдерге қарай ажыра-
тып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипа-ты
жоғын   білу   керек.   Жоғарыда   көрсетілгендей,   нормалардың   бір
функционалдық   стильдің   өз   ішінде   ғана   емес,   азды-көпті
стильаралық «ауыс-түйістер» де жүріп жатады. Мысалы, ғылыми
стильге жататын кейбір әдебиетте публицистикаға тән белгілер
(нормалар) кездесуі мүмкін және керісінше. Ре-сми іс қағаздары
мен   құжаттар   тілінде   ғылыми   стильге   тән   реттілік
(санамалылық),   нақпа-   нақтықты   көрсететін   лексика-
грамматикалық   бірліктер   норма   үдесінен   шығып   тұруы   әбден
ықтимал. Бұл фактілерді әрбір функционалдық стиль үлгілерін
талдаған ғылыми-танымдық ізденістерден көруге болады.
80




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет